О внесении изменения и дополнения в решение маслихата города Алматы от 9 октября 2020 года № 488 «О социальной помощи на возмещение затрат на проезд в город Санкт-Петербург гражданам, работавшим на предприятиях, в учреждениях и организациях города Ленинграда в период его блокады и награжденным медалью «За оборону Ленинграда» или знаком «Житель блокадного Ленинграда», проживающим в городе Алматы» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 488 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы» Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 488 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1647 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік көмек алу үшін тұрақты тұрғылықты тіркелген жері бойынша Алматы қаласының аудан әкімдіктеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) өтінішпен мынадай құжаттарды қоса бере отырып жүгінеді: 1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын куәландыру үшін талап етіледі); 2) «Ленинградты қорғағаны үшін» медалінің немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісі куәліктерінің көшірмесі; 3) жол ақысының құнын растайтын билеттер, отырғызу талоны; 4) алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.»; Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. аталған шешім мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуды Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүзеге асырады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.