О внесении изменений в решение Жанибекского районного маслихата от 9 февраля 2021 года № 3-1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жанибекского района» Күшін жойған
Басқа 0
Жәнібек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 9 ақпандағы № 3-1
«Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жәнібек аудандық мәслихатының «Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 9 ақпандағы №3-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6824 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
6 - тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
«1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.