О внесении изменений в решение Туркестанского городского маслихата от 9 марта 2021 года № 4/17-VII «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Туркестан» Күшін жойған
Басқа 0
Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 4/17-VII «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 наурыздағы №4/17-VII «Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6096 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидалардағы:
6-тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«16 желтоқсанда (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні) – «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқандар қатарындағы ақталған адамдарға, біржолғы 52 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.»;
8-тармақтың 6) тармақшасының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша мүгедектерге қол арбамен қамтамасыз етуге:»;
8-тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«медициналық ұйымдардың ұсынған тізімі бойынша мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымдардан шығарылған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.