О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 9 июня 2023 года № 175/НҚ «Об определении размера оплаты услуг государственной регистрации актов гражданского состояния» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 175/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 175/НҚ «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 32755 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа қосымшада: 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: « 2) Жұбайын хабар-ошарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін жұбайын кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттау туралы сот үкімі негізінде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ қылмыстық қудалау органының жұбайды халықаралық іздеуге жариялау туралы қаулысы, аталған қаулы сотпен санкцияланған күннен бастап кемінде үш жыл бойы іздеуде болған жағдайда. 1 құжат 345,00 386,40 ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мына шараларды қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі