О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 9 октября 2023 года № 265 «Об утверждении Положения об участковых комиссиях» Қолданыста
Басқа 0
«Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 265 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 265 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Учаскелік комиссиялар туралы ережеде:
2-тармақтың 2- абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;»;
Тармақ 8
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 8
«8. Комиссияның құрамы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, мүлік иелері бірлестіктерінің, көппәтерлі тұрғын үйлердің, халықтың, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құралады.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем болмауы тиіс.».
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.