О внесении дополнения в решение акима Тюлькубасского района от 9 июня 2023 года № 4 «Об утверждении квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса «Б» Күшін жойған
Басқа 0
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» Түлкібас ауданы әкімінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 4 шешіміне толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 4-тармағына, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі №71 бұйрығына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімі ШешТі:
Тармақ 1
1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптары туралы» Түлкібас ауданы әкімінің 2023 жылғы 9 маусымдағы №4 шешіме келесі толықтыру енізілсін:
көрсетілген шешім 29 қосымшамен толықтырылып, аудан әкімі кеңесшісінің біліктілік талабы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Аудан әкімінің кеңесшісі
1 бірлік – Е-3, №2-2
Түлкібас ауданы әкімінің
2023 жылғы 20 қыркүйектегі
№9 шешіміне
қосымша
Түлкібас ауданы әкімінің
2023 жылғы 9 маусымдағы
№4 шешіміне
29-қосымша
Аудан әкімінің кеңесшісі
1 бірлік – Е-3, №2-2
Көрсеткіш
Қойылатын талаптар
Білімі бойынша
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім.
Қажетті құзыреттер бойынша
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Жұмыс тәжірибесі бойынша
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс.