О внесении изменений и дополнений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 9 января 2023 года № 8/659 «Об утверждении Правил приобретения товаров, работ и услуг, необходимых для организации и деятельности избирательных комиссий в период подготовки и проведения выборов, референдума» Қолданыста
Басқа 0
«Сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу
қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
2023 жылғы 9 қаңтардағы № 8/659
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 8/659 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 31677 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
13-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кеңсе және шаруашылық тауарлары;»;
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) сайлау науқанында қажетті полиграфиялық және баспа өнімдерін дайындау: сайлау комиссияларының ақпараттық плакаттары; кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар; дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері, журналдар, куверткалар, конверттер, бланкілер, шакыру қағаздары, рұқсаттамалар; Президенттікке және депутаттыққа кандидаттарды қолдау үшін сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының бланкілері; дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің бланкілері; Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының, халықаралық байқаушылардың куәліктері; брошюралар; жаднамалар; кітаптар; күнтізбелер; планингтер; күнделіктер; пакеттер; папкалар-беговкалар; бейдждер; блокноттар; сайлаушылар үшін сайлауға шақыру қағаздары; бюллетеньді өз бетінше толтыру үшін көру қабілеті бұзылған сайлаушыларға арналған трафареттер (оның ішінде Брайль қарпі бар бюллетеньдер үшін);»;
50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«50) тутұғырлар, тулар.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Комиссия сайлаудың, референдумдардың барысы туралы халықты уақтылы хабардар ету мақсатында бекітілген бюджет шеңберінде осы Қағидалардың 13-тармағының 32), 36) және 39) тармақшаларында белгіленген қызметтерді сатып алу кезінде өтіп жатқан қызмет көрсететін бірнеше әлеуетті өнім берушілерді бірден айқындайды.»;
39-тармақта:
екінші бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кеңсе және шаруашылық тауарлары;»;
екінші бөліктің 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«30) сайлау науқанында қажетті полиграфиялық және баспа өнімдерін дайындау, оның ішінде: сайлау комиссияларының ақпараттық плакаттары; кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар; дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері, журналдар, куверткалар, конверттер, бланкілер, конверттер, шақыру қағаздары, рұқсаттамалар; Президенттікке және депутаттыққа кандидаттарды қолдау үшін сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының бланкілері; дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің бланкілері; Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының, халықаралық байқаушылардың куәліктері; брошюралар; жаднамалар; кітаптар; күнтізбелер; планингтер; күнделіктер; пакеттер; папкалар-беговкалар; бейдждер; блокноттар; сайлаушылар үшін сайлауға шақыру қағаздары; бюллетеньді өз бетінше толтыру үшін көру қабілеті бұзылған сайлаушыларға арналған трафареттер (оның ішінде Брайль қарпі бар бюллетеньдер үшін);»;
екінші бөліктің 50) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«50) тутұғырлар, тулар.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдер бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы №328 бұйрығының 525-тармағына сәйкес тиісті сайлау комиссияларының төрағалары бекітілген жеке қаржыландыру жоспары шегінде сайлау науқанын, республикалық референдумды өткізу үшін бөлінетін бюджет қаражатын бөлушілер болып табылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
жөніндегі агенттігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі