О внесении изменения в решение Каражалского городского маслихата от 9 февраля 2024 года № 133 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Каражал» Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы №133 «Қаражал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қаражал қалалық мәслихатының «Қаражал қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 9 ақпандағы №133 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №91-20 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: 1) көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «6. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мезгіл - мезгіл көрсетіледі: 1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шегу себеппен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне – бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі - жағдай туындаған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей. Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі; 2) әлеуметтік көмек адамдарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №ҚР ДСМ-108/2020 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 21263 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесіне сәйкес, әлеуметтік мәні бар ауру болған кезде табыс деңгейіне қарамастан күнтізбелік жылда бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.