О внесении изменений в приказ и.о. Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 9 октября 2024 года № 175 «Об утверждении Типовых правил работы игорного заведения, букмекерской конторы или тотализатора, приема ставок и проводимых азартных игр и (или) пари» Қолданыста
Басқа 0
«Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2024 жылғы 9 қазандағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2024 жылғы 9 қазандағы № 175 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Казино, ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған жеке тұлғаларға құмар ойындарға қатысуға рұқсат беруден бас тартады.
Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Жетісу облысының Панфилов ауданында және Алакөл көлінің жағалауында, Алматы облысының Талғар ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында және Зайсан ауданында орналасқан казиноларға, ойын автоматтары залдарына шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, ойын мекемесі жұмыскерлерінің және ойын мекемесінде еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты болатын өзге де адамдардың ғана кіруіне жол беріледі.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес бәс тігуге қатысуға тыйым салынған жеке тұлғаларға бәс тігуге қатысуға рұқсат беруден бас тартады.
Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында, Жетісу облысының Панфилов ауданында және Алакөл көлінің жағалауында, Алматы облысының Талғар ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында және Зайсан ауданында орналасқан букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларына шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, ойын мекемесі жұмыскерлерінің және ойын мекемесінде еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты болатын өзге де адамдардың ғана кіруіне жол беріледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін мен лотереяны реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде олардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарын жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.