О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 9 октября 2024 года № 175 «Об утверждении Типовых правил работы игорного заведения, букмекерской конторы или тотализатора, приема ставок и проводимых азартных игр и (или) пари» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қазандағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қазандағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35240 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларында:
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Казино, ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар құмар ойынға қатысушыны сәйкестендіруді жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген деректерді казино, ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы Ойын мекемесі жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындардың қағидаларында айқындайтын құмар ойынға қатысушыны тіркеу нысанына (бұдан әрі – тіркеу нысаны) енгізу жолымен қамтамасыз етеді.
Тіркеу нысаны құмар ойынға қатысушыны сәйкестендіру үшін толтырылатын және тиісті жеке тұлғаға ойын мекемесінде тіркелуге мүмкіндік беретін қағаз және (немесе) электрондық түріндегі файл болып табылады.
Жеке тұлғаны тіркеу нысанында:
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
2) азаматтық;
3) жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының азаматы үшін);
4) шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына арналған нысанда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі немесе шетелдік паспорттың нөмірі (шетел азаматы үшін);
5) азаматтығы жоқ адамның куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (азаматтығы жоқ адам үшін);
6) туған күні;
7) қызмет түрі, жұмыс орны (бар болса);
8) ұялы байланыстың жеке абоненттік нөмірі;
9) жеке тұлғаға тиесілі банктік шот көрсетіледі.
10. Казино, ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған жеке тұлғаларға құмар ойындарға қатысуға рұқсат беруден бас тартады.»;
27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлеме қабылдағанға дейін аккаунт ашу жолымен аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы бәс тігуге қатысушыны тіркеуді жүзеге асырады, оның ішінде БЕЖ жүйесінде, мынадай деректерді енгізу арқылы:
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
2) азаматтығы;
3) жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының азаматы үшін);
4) шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар нысанда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі немесе шетелдік паспорттың нөмірі (шетел азаматы үшін);
5) азаматтығы жоқ адамның куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (азаматтығы жоқ адам үшін);
6) туған күні;
7) қызмет түрі, жұмыс орны (бар болса);
8) ұялы байланыстың жеке абоненттік нөмірі;
9) жеке тұлғаға тиесілі банктік шот;
10) БЕЖ-дегі бірегей сәйкестендіргіш.
БЕЖ-дегі бірегей сәйкестендіргіш бәс тігуге қатысушы БЕЖ-де тіркеліп, сәйкестендіруден өткеннен кейін беріледі.
Букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы үшін бәс тігуге қатысушыға БЕЖ-де бір ғана бірегей сәйкестендіргіш беріледі. Бір бәс тігуге қатысушы үшін БЕЖ-дің электрондық ақша жүйесінде бір немесе бірнеше электрондық әмиян ашылады. Бұл ретте букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мен бәс тігуге қатысушы арасындағы есеп айырысулар үшін БЕЖ-дің электрондық ақша жүйесіндегі тек бір электрондық әмиян пайдаланылады.
28. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар бәс тігуге қатысушыны тіркеу кезінде көрсетілген бәс тігуге қатысушының ұялы байланысының абоненттік нөміріне растау коды бар мәтіндік хабарламаны жіберу арқылы бәс тігуге қатысушыны сәйкестендіруді жүзеге асырады.
Букмекерлік кеңсе немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар бәс тігуге қатысушы өз аккаунтына кірген кезде бәс тігуге қатысушыны тіркеу кезінде көрсетілген бәс тігуге қатысушының ұялы байланысының абоненттік нөміріне немесе бәс тігуге қатысушыны тіркеу кезінде көрсетілген бәс тігуге қатысушының ұялы байланысының абоненттік нөміріне байланған жедел хабар алмасу сервисі арқылы растау коды бар мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен бәс тігуге қатысушыны сәйкестендіруді жүзеге асырады.
29. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес бәс тігуге қатысуға тыйым салынған жеке тұлғаларға бәс тігуге қатысуға рұқсат беруден бас тартады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін мен лотереяны реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық, 2026 жылғы 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он алтыншы және отыз үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.