О внесении изменения в постановление акимата города Темиртау от 9 июля 2024 года № 37/3 «О расширении перечня и категорий получателей услуг инватакси» Күшін жойған
Басқа 0
Теміртау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 шілдедегі
№ 37/3 «Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын
кеңейту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 37/3 «Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын кеңейту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6623-09 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«2. Теміртау қаласындағы инватакси қызметін алушылар санатын келесі санаттармен кеңейту:
жүріп-тұруы қиын 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
аяқтарында ампутациялық тұқылдары бар екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
жүріс арбалар көмегімен жүретін екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.