О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по атомной энергии от 9 июня 2025 года № 05-н/қ «Об утверждении Положения о республиканском государственном учреждении «Комитет атомного надзора и контроля Агентства Республики Казахстан по атомной энергии» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2025 жылғы 9 маусымдағы № 05-н/қ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2025 жылғы 9 маусымдағы № 05-н/қ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 211364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырып жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы және оның аумақтық бөлімшесі туралы ережелерді бекіту туралы»; 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.»; осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде: жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2025 жылғы 9 маусымдағы № 05-н/қ бұйрығына 1-қосымша» тақырып жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже»; Ереженің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) атом энергиясын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.» 9 және 10-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын: «9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57а. 10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі; 20-тармақта: 3) және 4) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын: «3) Агенттіктің Аппарат басшысына Комитет Төрағасының орынбасарлары мен оның аумақтық бөлімшелерінің басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту, іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлықақы беру туралы ұсыныстар енгізеді; 4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»; 6), 7), 8) және 9) тармақшалар жаңа редакцияда жызылсын: «6) Еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлерін; техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарды; еңбек шарты негізінде қызметін Комитетте жүзеге асыратын адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту, іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу, сыйлықақы беру мәселелерін шешеді. 7) Комитеттің аумақтық бөлімшесі басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдарға; еңбек шарты негізінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерінде қызметін жүзеге асыратын адамдарға материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру туралы мәселелерді шешеді; 8) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады; 9) аумақтық бөлімшелердің актілері мен шешімдерінің қолданылуын толығымен немесе бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;»; Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің тізбесі жаңа редакцияда жазылсын: «Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің тізбесі 1) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс өңіраралық инспекциясы; 2) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы; 3) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс өңіраралық инспекциясы.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі және Комитет интернет-ресурстарында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2025 жылғы «___» желтоқсандағы № «________» бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 9 маусымдағы № 05-н/қ бұйрығына 2-қосымша «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 2
2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Мекеме өз қызметін Алматы және Шымкент қалаларының, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан және Ұлытау облыстарының әкімшілік шекаралары шегінде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
Тармақ 4
4. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Мекеме, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Мекеменің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 160021, Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Байтурсынов көшесі, 66.
Тармақ 9
9. Мекеменің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Мекеменің міндеттері, құқықтары, міндеттері мен функциялары
2 тарау. Мекеменің міндеттері, құқықтары, міндеттері мен функциялары
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде мекемеге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, Мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан сұратуға және алуға; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу немесе осындай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беру; Мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын жұмысқа тарту; тексерілетін субъектілерді тексеру санының, сондай-ақ тексеру парақтарына және оларға қабылданған әкімшілік ықпал ету шараларына сәйкес анықталған бұзушылықтардың ведомстволық есебін жүргізу; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға;
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеуге; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарауға; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларының, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) атом энергиясын пайдалану объектілерінің ядролық, ядролық физикалық және радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға қатысты жедел ден қою шараларын қолданады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
Тармақша 11
11) мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу жөніндегі істерді сот қараған кезде сотқа жүгінеді және қатысады;
Тармақша 13
13) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің актілерінде және Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрықтарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мекеме басшысының қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның мәртебесі мен өкілеттіктері
3-тарау. Мекеме басшысының қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Мекеменің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Комитеттің штат кестесінде көзделген жағдайда мекеме басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары (орынбасарлары) болады.
Тармақ 19
19. Мекеме басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) Комитет Төрағасына: Мекеме қызметкерлерін; техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және Мекеменің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тұлғаларды; еңбек шарты негізінде Мекемеде қызметін жүзеге асыратын тұлғаларды тәртіптік жауаптылыққа тарту, іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу, сыйлықақы беру туралы ұсыныс енгізеді;
Тармақша 3
3) Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына, шығыс құжаттардың сапасы мен уақытылылығына, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына дербес жауапты болады;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 5
5) Мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде іс-шараларды ұйымдастырады және Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады;
Тармақша 7
7) Мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 8
8) Мекеменің атынан мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік етеді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Мекеме басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін (бар болса) айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мекеменің мүлкі
4-тарау. Мекеменің мүлкі
Тармақ 21
21. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Мекемеге бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.