О внесении изменений в приказы Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 9 июня 2025 года № 113-НҚ «Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг» и от 27 июня 2025 года № 157-НҚ «Об утверждении Правил субсидирования и выплат субсидий из бюджета на покрытие расходов по погашению, обслуживанию и софинансированию по займам, привлеченным под государственную гарантию, на развитие водохранилищ, каналов и гидротехнических сооружений Республики Казах Қолданыста
Басқа 0
«Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 9 маусымдағы № 113-НҚ және «Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша өтеу, қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидиялар бөлу және субсидиялар төлеу қағидасын бекіту туралы» 2025 жылғы 27 маусымдағы № 157-НҚ Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 113-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36233 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидаларында:
5-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) байланыс қызметтері (қалааралық телефон сөйлесулері, телефон үшін абоненттік төлемақы, пошта шығындары, факс, электрондық пошта, интернет желісі);».
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша өтеу, қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидиялар бөлу және субсидиялар төлеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 157-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36356 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша өтеу, қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидиялар бөлу және субсидиялар төлеу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жекелеген функцияларды жүзеге асыруға астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдігі уәкілеттік берген, мемлекеттік жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мекеме (бұдан әрі – ЖББӘ);».
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.