О внесении изменений в решение Кызылординского областного маслихата от 9 декабря 2025 года № 209 «Об утверждении размера платы за один кубический метр питьевой воды, поданной из систем водоснабжения, включенных в перечень систем водоснабжения, стоимость услуг по подаче питьевой воды которых подлежит субсидированию» Қолданыста
Басқа 0
«Қызылорда облысында ауызсу беру бойынша көрсетілетін
қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 209 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қызылорда облысында ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 209 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбының мәтіні өзгермейді, орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі.
көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. «Қызылорда облысында ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:
1) Қосылған құн салығын ескере отырып, ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін:
2026 жылғы 1 сәуірге дейін - 30 теңге;
2026 жылғы 1 сәуірден бастап - 70 теңге;
2) Қосылған құн салығын ескере отырып, ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін:
2026 жылғы 1 сәуірге дейін - 40 теңге;
2026 жылғы 1 сәуірден бастап - 120 теңге;».
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.