О признании утратившим силу приказа Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 9 октября 2025 года № 292-НҚ «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан, его ведомств и их территориальных подразделений» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы №292-НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабының 2 - тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы №292-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Персоналды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың қабылданғаны туралы хабарлама жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.