О внесении изменений в постановление акимата района Мақаншы области Абай от 9 июня 2025 года № 72 «Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения района Мақаншы области Абай» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 9 маусымдағы №72 «Абай облысы Мақаншы ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3-бабының 7-тармағына және 6-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілері туралы» Заңының 65 бабының 3 тармағына сәйкес, Мақаншы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 9 маусымдағы №72 «Абай облысы Мақаншы ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» қаулысының қосымшасы жаңа редакцияда жариялансын.
Тармақ 2
2. "Абай облысы Мақаншы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде жариялануын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Мақаншы ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақаншы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Абай облысы Мақаншы ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
қаулысына қосымша Абай облысы Мақаншы ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері № Автомобиль жолдарының индексі Автомобиль жолдарының атауы Жалпы ұзындығы километр Санаттар бойынша I II III IV V 1 KU MK-1 Таскескен-Бақты-Қарабұта-Ақшоқы, 0-44 км 44 - - - 44 - 2 KU MK-2 Мақаншы-Келдімұрат, 0-37 км 37 - - - 37 - 3 KU MK-3 Көктерек-Қайынды-Қызыл бұлақ ауылдарына кіреберіс, 0-34 км 34 - - - 34 - 4 KU MK-4 Подгорное ауылына кіреберіс, 0-30 км 30 - - - - 30 5 KU MK-5 Көктал ауылына кіреберіс, 0-18 км 18 - - - 18 - 6 KU MK-6 Келдімұрат-Қаратұма, 0-12 км 12 - - - - 12 7 KU MK-7 Мақаншы ауылына кіреберіс, 0-9 км (айналма жол) 9 - - - - 9 8 KU MK-8 Қабанбай айналма жол, 0-8,2 км 8,2 - - - - 8,2 9 KU MK-9 Мақаншы телемұнарасына кіреберіс, 0-5 км 5 - - - - 5 10 KU MK-10 Мақаншы РЭС, 0-5 км 5 - - - 5 - 11 KU MK-11 Қарабұта ауылына кіреберіс, 0-3 км 3 - - - 3 - 12 KU MK-12 Қаратал ауылына кіреберіс, 0-2 км 2 - - - 2 - 13 KU MK-13 Бұғыбай ауылына кіреберіс, 0-2 км 2 - - - - 2 14 KU MK-14 Бекет ауылына кіреберіс, 0-2 км 2 - - - 2 - Барлығы 211,2 - - - 145 66,2 а/ж-автомобиль жолы