О присвоении наименований улицам в селе 96-Разъезд Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
96-Разъезд ауылының көшелеріне атаулар беру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, 96-Разъезд ауылы тұрғындары жиналыстарының 2009 жылдың 31 шілдесіндегі № 13 хаттамасын есепке ала отырып, Талапкер селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 96-Разъезд ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін: № 1 көшеге - Шақшақ Жәнібек атауы; № 2 көшеге - Бөгенбай батыр атауы; № 3 көшеге - Кенесары атауы; № 4 көшеге - Ағыбай батыр атауы; № 5 көшеге - Жанайдар батыр атауы; № 6 көшеге - Әйтеке би атауы; № 7 көшеге - Төле би атауы; № 8 көшеге - Абылай хан атауы; № 9 көшеге - Қазыбек би атауы; № 10 көшеге - Шәкәрім Құдайбердіұлы атауы; № 11 көшеге - Жайын атауы; № 12 көшеге - Теміржолшылар атауы; № 13 көшеге - Абай Құнанбаев атауы; № 14 көшеге - Аманкелді Иманов атауы; № 15 көшеге - Торғай атауы; № 16 көшеге - Әліби Жанкелдин атауы; № 17 көшеге - Тәуелсіздік атауы; № 18 көшеге - Ақсуат атауы; № 19 көшеге - Жамбыл Жабаев атауы; № 20 көшеге - Мағжан Жұмабаев атауы; № 21 көшеге - Ахмет Байтұрсынов атауы; № 22 көшеге - Сәкен Сейфуллин атауы; № 23 көшеге - Оқжетпес атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Целиноград ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Целиноград ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш.Өтегенова "Целиноград ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Сағынбаев