О проведении летних игр народного спорта "Тын-98" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халық спортының "Тың-98" жазғы ойындарын өткізу туралы Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.10.2001 № 114 шешімімен. "1996-2000 жылдарға Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Респубикасы Президентінің 1996 жылғы 19 желтоқсандағы № 3276 Жарлығын орындауда және салауатты өмір салты жөніндегі ел Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстан-2030" Жолдауының ұзақ мерзімді басымдықтарын жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Қалалар және аудандар әкімдері халық спортының "Тың-98" қалалық және аудандық жазғы ойындарын ұйымдасқан түрде өткізу жөніндегі шараларды жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. 1998 жылғы 30 мамырда Қостанай облысы аумағында Президент сынамаларын қабылдау жөнінде Денсаулық күні өткізілсін.
Тармақ 3
3. 1998 жылғы маусымның 17 жұлдызынан 19-дейін Рудный қаласында Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы мен Ахмет Байтүрсыновтың 125- жылдығына арналған халық спортының "Тың-98" облыстық жазғы ойындары өткізілсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы "Тың-98" ХІІІ жазғы ойындарын өткізуге бекітілген қаржы көлемінде мақсатты қаржы бөлуді қарастырсын.
Тармақ 5
5. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш.Бектұрғановқа жүктелсін.