Об установлении публичного сервитута частной компании «AGI Ltd» Қолданыста
Басқа 0
«AGI Ltd» жеке компаниясына
қауымдық сервитут белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «AGI Ltd» жеке компаниясына қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2031 жылғы 23 желтоқсанға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 886,7843 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «AGI Ltd» жеке компаниясы (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
Тармақ 3
3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.
Тармақ 4
4. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «AGI Ltd» жеке компаниясына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
(2025 жылғы 23 желтоқсандағы №3931-EL лицензиясы)
Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2026 жылғы «28» мамырдағы
№ 176 қаулысына
қосымша
«AGI Ltd» жеке компаниясына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
(2025 жылғы 23 желтоқсандағы №3931-EL лицензиясы)
№
Орналасқан жері
Кадастырлық номері
Жалпы көлемі, га
қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;
1
ЖШС «Агро-байлық»
09:133:064:110
3927,0000
264,8447
2
Сагындыков Аян Шугаевич
09:133:064:161
3601,3000
621,9396
Барлығы
886,7843