Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) ТОО «Agro Camping Aral» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Agro Camping Aral» ЖШС шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы «Agro Camping Aral» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының өтінішін қарастырып, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19, 67, 69-баптарын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа алып:
Тармақ 1
1. «Agro Camping Aral» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Ертіс ауылдық округі, Прапорщиково ауылы, 068 есептік квартал, 59 үй мекенжайда орналасқан нысаналы мақсаты «тауар-ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін» кадастрлық нөмірі 05-068-068-023 қолданыстағы жер учаскесіне нысаналы мақсаты «көпір орналастыру үшін» кадастрлық нөмірі 05-068-068-246 жер учаскесіне өтуді жүзеге асыру үшін мемлекеттік меншіктегі жалпы алаңы 0,1554 га жер учаскесіне 20 (жиырма) жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жер учаскесін пайдаланғаны үшін мынадай ауыртпалықтар белгіленсін: инженерлік коммуникациялардың күзет аймақтарын сақтау, оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз қолжетімділік беру; кадастрлық нөмірлері 05-068-068-147, 05-068-065-1059 және 05-068-065-883 жер учаскелерінің иелеріне кедергісіз қолжетімділік беру; шаруашылықаралық дала жолына қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.