Об установлении публичного сервитута Частной компании «Akbulak REE Ltd.» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Akbulak REE Ltd.» жеке компаниясына қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69 және 71-1-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Akbulak REE Ltd.» жеке компаниясына Қостанай облысындағы Ақбұлақ учаскесінде сирек жерлерді барлау жөніндегі операцияны жүргізу үшін, Қостанай облысы Арқалық қаласы, Көктау ауылының аумағында (елді мекен шегінен тыс) және Ашутасты ауылдық округінің Ашутасты ауылы мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 1174,7309 гектар жер учаскесіне 2028 жылғы 19 ақпанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.