О создании специальной экономической зоны «Alatau» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Alatau» арнайы экономикалық аймағын құру туралы «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2048 жылға дейінгі кезеңге «Alatau» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Alatau» АЭА) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) «Alatau» АЭА туралы ереже;
Тармақша 2
2) «Alatau» АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Alatau» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген «Alatau» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Alatau» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда Алматы облысының Қонаев және Алатау қалаларының, Талғар және Іле аудандарының аумағында орналасқан. АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады. АЭА аумағы өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін, оның ішінде әуежайлардың қызметін дамытуға арналған аумақты қоса алғанда, 98982,98 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 2
2. АЭА:
Тармақша 1
1) өңірдің дамуына жаңа серпін беретін жобаны іске асыру шеңберінде отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, мультимодальды хабтарды, көлік пен логистиканы дамыту үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) келуші қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға қабілетті заманауи жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті туристік, медициналық, білім беру, мәдени-демалыс инфрақұрылымын жедел дамыту, Алматы облысында қызметтер көрсетудің сапасы жағынан жаңа деңгейін қалыптастыру мақсатында құрылады.
Тармақ 3
3. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Тармақ 4
4. АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.
Тармақ 4-1
4-1. Әуеайлақ маңындағы аумақта және әуе трассаларының шегiндегi жерлерде кедергілер болып табылатын объектілерді салу, электр беру желілерін орнату және басқа да құрылысжайларды орналастыру үшін; оның салдарынан әуе кеңiстiгiнде радиотолқындық, көрінетін, акустикалық және өзге де сәулелену түрлері жүргізілетін жұмыстарды жүргізу үшін; құстардың топталып жиналуы үшін жағдай жасайтын немесе ұшу көрiнiсiн нашарлататын объектiлердi орналастыру, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдаланумен тікелей байланысты емес, бiрақ АЭА аумағында ұшудың, әуе кемелері жабдықтарының және олардағы адамдардың қауіпсіздігіне әсерiн тигiзетiн кез келген басқа қызмет үшін «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісті рұқсатты алу қажет.
Тарау 2. 2. «Alatau» арнайы экономикалық аймағын басқару
2. «Alatau» арнайы экономикалық аймағын басқару
Тармақ 5
5. АЭА-ны басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. «Alatau» арнайы экономикалық аймағының аумағында салық салу
3. «Alatau» арнайы экономикалық аймағының аумағында салық салу
Тармақ 6
6. АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
Тарау 4. 4. Кедендік реттеу
4. Кедендік реттеу
Тармақ 7
7. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.
Тармақ 8
8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылған болуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Тарау 5. 5. Шетел азаматтарының «Alatau» арнайы экономикалық аймағының аумағында болуының тәртібі
5. Шетел азаматтарының «Alatau» арнайы экономикалық аймағының аумағында болуының тәртібі
Тармақ 9
9. АЭА аумағында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының кіруінің, одан кетуінің, транзитпен өтуінің және болуының Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген тәртібі қолданылады.
Тарау 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 10
10. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.
Тармақ 11
11. АЭА Заңда көзделген негіздер бойынша таратылады.
Тармақ 12
12. АЭА-ны басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Құрылу мерзімінің аяқталуына байланысты АЭА таратылған кезде Алматы облысының әкімдігі:
Тармақша 1
1) көрсетілген мерзім өткенге дейін кемінде үш ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ның алдағы таратылуы, оның таратылуына байланысты өтініштер мен наразылықтарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыру жариялайды;
Тармақша 2
2) АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік рәсіммен қайта ресімдеу тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне АЭА қызметінің нәтижелері туралы есепті ұсынады.
Тармақ 14
14. АЭА Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мерзімінен бұрын таратылған кезде рәсім осы Ереженің 13-тармағында көзделген рәсімдер сақтала отырып, алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде аяқталуға тиіс.
Тармақ 15
15. Осы Ережемен реттелмеген АЭА қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. _____________________________
Басқа 1. «Alatau» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
«Alatau» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша «Alatau» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары «Alatau» арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы S = 98982,98 га ___________________
Басқа 2. «Alatau» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысымен бекітілген «Alatau» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары Р/с № Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер Өлшем бірлігі* Базалық кезең (2025 жыл) 2031 жылға қарай қол жеткізу 2036 жылға қарай қол жеткізу 2041 жылға қарай қол жеткізу 2047 жылға қарай қол жеткізу нысаналы индикатор нысаналы индикатор нысаналы индикатор нысаналы индикатор 1 2 3 4 5 6 7 9 1 Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде: млрд теңге 10 174,1 813,7 1026,84 1666,64 1.1 шетелдік инвестициялар көлемі млрд теңге 0 79,70 308,64 582,73 1028,32 1.2 отандық инвестициялар көлемі млрд теңге 10 94,40 505,06 444,11 638,32 1 2 3 4 5 6 7 9 2 АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі млрд теңге 0 435 842 1172 1759 3 Қатысушылар саны (компаниялар) бірл. 4 44 50 52 53 4 АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны адам 120 2800 5853 10589 17366 5 АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі % 0 34 41 63 91 * - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген. ____________________