О реализации пилотного проекта по оказанию государственных услуг через платформу «чат-приложение Alem GPT» Қолданыста
Басқа 0
«Alem GPT чат-қосымшасы» платформасы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Alem GPT чат-қосымшасы» платформасы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске асырылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған «Alem GPT чат-қосымшасы» платформасы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі Алгоритм бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету платформасын ұсынатын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» (келісім бойынша) АҚ «Астана Хаб» Автономды кластерлік қорымен (келісім бойынша) бірлесіп, пилоттық жоба аясында мыналарды қамтамасыз етсін: барлық қажетті тарихи деректерді тіркеуді және сақтауды, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тарихи деректермен толтыруды қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «Astana Хаб» автономды кластерлік қорымен бірлесіп, пилоттық жобаны іске асыру кезеңі аяқталғаннан кейін және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 5-1) тармақшасына, 49-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы №123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16777 болып тіркелген) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4-тармағына сәйкес өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгенге дейін мыналарды қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бойынша оң нәтижелері бар сынақ хаттамаларының болуын;
Тармақша 2
2) өзінің жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығының (бұдан әрі – Орталық) болуын және оның жұмыс істеуін немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалармен жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығының қызметін көрсету туралы шарт жасасуды, сондай-ақ Орталықтың Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын;
Тармақша 3
3) деректерді қорғау стандарттарын, ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін және қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен белгіленген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктеу.
Тармақ 7
7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2027 жылғы 1 мамырға дейін қолданылады.
Басқа 1. «Аlem.gpt чат-қосымшасы» платформасы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету Алгоритмі
Бұйрығымен бекітілген
«Аlem.gpt чат-қосымшасы» платформасы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету Алгоритмі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «alem.gpt чат-қосымшасы» жұмыс істеу және интеграциялық өзара іс-қимылы Алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) мемлекеттік қызметтерді жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып көрсету кезінде «alem.gpt чат-қосымшасы» платформасының мемлекеттік және корпоративтік ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Алгоритм келесі процестерге қолданылады:
Тармақша 1
1) пайдаланушыларға мемлекеттік қызметтерді ұсыну;
Тармақша 2
2) интеграциялық қабат арқылы мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимыл;
Тармақша 3
3) ЖИ-агенттер арқылы пайдаланушы сұрауларын өңдеу;
Тармақша 4
4) деректердің қауіпсіз алмасуын қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Осы Алгоритмде келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақ 1
1. alem.gpt чат-қосымша – мемлекеттік және бизнес-қызметтер көрсету үшін ЖИ-агенттерді құруды және басқаруды қамтамасыз ететін мультиагенттік платформа;
Тармақ 2
2. ЖИ-агент – пайдаланушылардың сұрауларын өңдеуді, сыртқы сервистермен өзара іс-қимылды және өмірлік жағдайларды сүйемелдеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық компонент;
Тармақ 3
3. Интеграциялық қабат – платформаның сыртқы жүйелермен (ШЭП, ВШЭП, API) өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін сервистер жиынтығы;
Тармақ 4
4. Пайдаланушы – платформа арқылы қызметтер алатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақ 5
5. API – ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимыл интерфейсі;
Тармақ 6
6. ЭЦҚ – әрекеттердің заңды маңызын растау үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;
Тармақ 7
7. Білім базасы – ЖИ-агенттер пайдаланатын құрылымдалған деректер қоймасы.
Тарау 2. 2-тарау. Платформаның жұмыс істеу тәртібі
2-тарау. Платформаның жұмыс істеу тәртібі
Тармақ 4
4. Пайдаланушы Alem.GPT-ке келесі жолдармен кіреді:
Тармақша 1
1) Egov Mobile/Egov Business көмегімен Egov QR арқылы ЭЦҚ қол қою;
Тармақша 2
2) Egov Mobile мобильді қосымшасы ішіндегі Alem.GPT бөлімі.
Тармақ 5
5. Авторизациядан кейін пайдаланушыға келесіге қолжетімділік беріледі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызметтер бойынша ЖИ-агентке чат;
Тармақша 2
2) ЖИ-агенттермен чаттар тарихы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызметтерді алу тарихы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік қызметтерді алу туралы хабарламалар;
Тармақша 5
5) пайдаланушының жеке кабинеті.
Тармақ 6
6. Пайдаланушы қызметті алуға келесі тәсілдердің бірімен бастама жасайды:
Тармақша 1
1) чатта ЖИ-агентпен диалог арқылы;
Тармақша 2
2) дауыс хабарламаларын жіберу арқылы.
Тармақ 7
7. ЖИ-агент:
Тармақша 1
1) пайдаланушы сұрауын талдайды;
Тармақша 2
2) тиісті өмірлік жағдаятты анықтайды;
Тармақша 3
3) пайдаланушының сұрауына жауап беру үшін қажетті мәліметтерді Egov.kz порталы арқылы сұратады;
Тармақша 4
4) уәкілетті мемлекеттік органдарда жасалған мәліметтерді электрондық түрде ұсынады.
Тармақ 8
8. Қажет болған жағдайда ЖИ-агент:
Тармақша 1
1) қосымша деректерді сұрайды;
Тармақша 2
2) электрондық енгізу нысандарын құрады;
Тармақша 3
3) интеграциялық сервистерді шақыруды бастайды.
Тарау 3. 3-тарау. Интеграциялық өзара іс-қимыл тәртібі
3-тарау. Интеграциялық өзара іс-қимыл тәртібі
Тармақ 9
9. Сыртқы сервистерді шақыру:
Тармақша 1
1) Egov.kz порталындағы REST сервис протоколдары бойынша;
Тармақша 2
2) электрондық үкіметтін сыртқы шлюзі SOAP сервис протоколдары бойынша (қосылу процесі);
Тармақша 3
3) Astana Hub, Astana Innovations бекітілген API сыртқы сервистері арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Сұраулар мен жауаптар:
Тармақша 1
1) логталады;
Тармақша 2
2) дұрыстығы тексеріледі;
Тармақша 3
3) бизнес-логикаға сәйкес өңделеді.
Тармақ 11
11. Асинхронды процестер болған кезде:
Тармақша 1
1) жүйе сұрау мәртебесін сақтайды;
Тармақша 2
2) пайдаланушыны қызметтің орындалу барысы туралы хабардар етеді.
Тармақ 12
12. Интеграциялық өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген «Электрондық үкімет» информатизация нысандарын интеграциялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген).
Тарау 4. 4-тарау. Пайдаланушы сұрауларын өңдеу тәртібі
4-тарау. Пайдаланушы сұрауларын өңдеу тәртібі
Тармақ 13
13. ЖИ-агент сұрауларды келесілерді ескере отырып өңдейді:
Тармақша 1
1) диалог контексті;
Тармақша 2
2) диалог тілі;
Тармақша 3
3) пайдаланушы деректері;
Тармақша 4
4) білім базасынан алынған ақпарат;
Тармақша 5
5) сыртқы сервистерден (Egov.kz порталы, ЭҮСШ) алынған ақпарат.
Тармақ 14
14. Қажетті деректер болмаған жағдайда:
ЖИ-агент сыртқы сервистерге (Egov.kz порталы, ЭҮСШ) сұраныстар орындайды немесе оларды пайдаланушыдан сұрайды.
Тармақ 15
15. Өңдеу аяқталғаннан кейін:
Тармақша 1
1) пайдаланушыға қызмет нәтижесі ұсынылады;
Тармақша 2
2) нәтиже жеке кабинетте сақталады.
Тарау 5. 5-тарау. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
5-тарау. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Тармақ 16
16. Деректер алмасу:
Тармақша 1
1) қорғалған протоколдар (HTTPS, TLS);
Тармақша 2
2) шифрлау механизмдері арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Жеке деректерге қолжетімділік:
Тармақша 1
1) тек пайдаланушының келісімі болғанда;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Пайдаланушылар мен жүйенің барлық әрекеттері:
Тармақша 1
1) журналданады;
Тармақша 2
2) бақылауға және аудитке жатады.
Тармақ 19
19. Қызмет көрсету аяқталды деп есептеледі:
Тармақша 1
1) пайдаланушыға нәтиже ұсынылғанда;
Тармақша 2
2) жүйеде орындау мәртебесі тіркелгенде.
Тармақ 20
20. Пайдаланушының мүмкіндіктері:
Тармақша 1
1) қызметтер тарихын қарау;
Тармақша 2
2) қызметтерге қайта өтініш беру;
Тармақша 3
3) мәртебелер туралы хабарламалар алу.
Тармақ 21
21. Пилоттық жоба аясында деректерді өңдеу және сақтау «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының (Qaztech) инфрақұрылымдық қуаттарында жүзеге асырылады. ЖИ-компоненттерді өңдеу және жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «AlemCloud» ұлттық суперкомпьютерінде орналастырылған модельдер қолданылады.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дербес деректерді қорғау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Пайдаланушылардың жеке деректері жабық контур шегінен, соның ішінде тілдік модельдер жұмыс істейтін контурдан шықпайды.