Об утверждении цен на услуги по предоставлению инфраструктурных и цифровых ресурсов Национального суперкомпьютерного центра alem.cloud для реализации проектов в области искусственного интеллекта, реализуемые акционерным обществом «Национальные информационные технологии» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жасанды интеллект саласындағы жобаларды іске асыру үшін alem.cloud ұлттық суперкомпьютер орталығының инфрақұрылымдық және цифрлық ресурстарын ұсыну бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы іске асыратын қызметтердің бағасын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 423) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жасанды интеллект саласындағы жобаларды іске асыру үшін alem.cloud ұлттық суперкомпьютер орталығының инфрақұрылымдық және цифрлық ресурстарын ұсыну бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы іске асыратын қызметтердің бағасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді техгологиялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Басқа 0. Жасанды интеллект саласындағы жобаларды іске асыру үшін alem.cloud ұлттық суперкомпьютер орталығының инфрақұрылымдық және цифрлық ресурстарын ұсыну бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы іске асыратын қызметтердің бағасы
Бұйрыққа қосымша Жасанды интеллект саласындағы жобаларды іске асыру үшін alem.cloud ұлттық суперкомпьютер орталығының инфрақұрылымдық және цифрлық ресурстарын ұсыну бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы іске асыратын қызметтердің бағасы Р/с № Көрсетілетін қызметтердің атауы Өлшем бірлігі ҚҚС есебінсіз қызмет құны, теңге 1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының функциялары шеңберінде орындалатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ұсыну қызметтері: 1.1 GPU H200 Бейнекарта 1 666 637 (айына) 1.2 GPU H200 Бейнекарта 53 762 (тәулігіне) 1.3 Диск кеңістігін жалға алу SSD Гб 49 (айына)