Об установлении публичного сервитута на земельный участок для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых частной компанией Aquila Global Initiatives Ltd Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Aquila Global Initiatives Ltd жеке компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабындағы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жалпы ауданы 4962,5 гектар жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлермен 01-275-032-044, 01-275-032-061, 01-275-032-063, Жарқайың ауданы Тасөткел ауылының аумағында орналасқан, кадастрлық нөмірлермен 01-275-006-132, 01-275-006-130, 01-275-006-140, Гастелло ауылының аумағында орналасқан, кадастрлық нөмірімен 01-275-034-069, Тассуат ауылының аумағында орналасқан, Aquila Global Initiatives Ltd жеке компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2030 жылғы 27 сәуірге дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Aquila Global Initiatives Ltd жеке компаниясы (келісу бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуі қажет, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.