Об установлении публичного сервитута на земельный участок для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых товариществу с ограниченной ответственностью "Balhash Mining" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Balhash Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау операцияларды жүзеге асыру үшін жер учаскеге жария сервитут белгілеу туралы Қарағанды облысы Балқаш қаласы Гүлшат кентінің әкімінің 2026 жылғы 20 шілдедегі № 1 шешімі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, 71-1 бабына сәйкес, "Balhash Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарастырып, 2026 жылғы 08 мамырдағы пайдалы қазбаларды барлау №3262 – EL (2025 жылғы 01 сәуірдегі Лицензияны қайта ресімдеу) лицензия негізінде, Гүлшат кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. "Balhash Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау операцияларды жүзеге асыру үшін, Гүлшат кенті, кентінде орналасқан, ауданы 571,6 га жер 2031жылғы 01 сәуірге дейінгі мерзімге қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған жария сервитут белгіленсін
Тармақ 2
2. "Balhash Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. "Гүлшат кенті әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.