Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Barakat Minerals» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Barakat Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Barakat Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2026 жылғы 17 қарашаға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 1124,4977 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Barakat Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
Тармақ 3
3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.
Тармақ 4
4. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Barakat Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі (2020 жылғы 17 қарашадағы №957-EL лицензиясы)
Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2026 жылғы «28» мамырдағы № 175 қаулысына қосымша «Barakat Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі (2020 жылғы 17 қарашадағы №957-EL лицензиясы) № Орналасқан жері Кадастырлық номері Жалпы көлемі, га қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га; 1 Исин Кайржан Несипбекович 09:133:046:053 125,0000 110,0470 2 Исин Кайржан Несипбекович 09:133:029:162 399,3000 94,4014 3 ШҚ «Ақдоңғал» басшысы Сыдын Алмасбек 09:133:029:034 391,0000 43,6340 4 Ғабдулла Ерлан Қанатұлы 09:133:056:069 800,0000 79,9335 5 Исин Кайржан Несипбекович 09:133:046:068 1000,0000 566,1769 6 Даутов Талгат Жумагулович 09:133:029:147 625,0000 41,2670 7 Шурабаев Нуркен Тулеутасович 09:133:046:059 50,0000 17,2670 8 Рысбек Диаса Мейрамұлы 09:133:046:1004 250,0000 17,3706 9 Босалқы жерлер 09:133:046: 154,4003 Барлығы 1124,4977