Об установлении публичного сервитута частной компании «Bataly Minerals Ltd.» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Bataly Minerals Ltd.» жеке компаниясына жария сервитуті белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 71-1-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, 2025 жылғы 25 ақпандағы № 2910-EL пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Денисов ауданы Архангельск ауылдық округі Жалтыркөл ауылының ауыл шаруашылығы жерлерінде алаңы 157,5 гектар пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін «Bataly Minerals Ltd.» жеке компаниясына 2033 жылғы 7 ақпанға дейін жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Bataly Minerals Ltd.» жеке компаниясы жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерде рекультивациялауды жүргізсін.
Тармақ 3
3. «Архангельск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.