Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Bay-Bau Gold» Қолданыста
Басқа 0
«Bay-Bau Gold»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігіне қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Bay-Bau Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2032 жылғы 12 мамырға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 1107,0450 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Bay-Bau Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
Тармақ 3
3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.
Тармақ 4
4. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Bay-Bau Gold»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2026 жылғы «___»_____ ________
№ _____ қаулысына қосымша
«Bay-Bau Gold»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№
Орналасқан жері
Кадастырлық номері
Жалпы көлемі, га
қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;
1
Мадиев Адилет Кудайбергенович
09:133:052:220
1023,0000
66,8570
2
Абильдинова Меруерт Лукмановна
09:133:052:207
808,9991
0,9258
3
Абильдинова Меруерт Лукмановна
09:133:052:208
162,2980
44,2022
4
"Алтай полиметаллы"ЖШС
09:133:052:179
46,1100
6,6204
5
Абильдинова Меруерт Лукмановна
09:133:052:209
243,2464
125,2735
6
"Алтай полиметаллы"ЖШС
09:133:051:410
2,7303
0,2510
7
"Алтай полиметаллы"ЖШС
09:133:052:305
0,0807
0,0264
8
"Қарқаралы ауданы Шарықты ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
09:133:052:138
40,9552
8,7835
9
Ахметжанов Нургелды Берикбаевич
09:133:052:094
1291,4300
707,0895
10
"Қарқаралы ауданы Шарықты ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
09:133:051:338
12,8317
0,7542
11
Шарықты ауылдық округі
09:133:052
16,1740
12
Ауыл Теректы
09:133:051
130,0875
Барлығы
1107,0450