Об утверждении Положений о военной службе по контракту на должностях офицерского состава, прапорщиков и мичманов Вооруженных Cил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының офицерлiк құрам, прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарындағы келісiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы ережелерiн бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.17. № 777 қаулысымен.
"Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының офицерлiк құрам лауазымдарындағы келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы ережесi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарындағы келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызмет өткеру мен осы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен босату туралы контрактiлер жасасудың тәртiбi туралы уақытша ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 мамырдағы № 580 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 20, 176-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi № 789 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 241-құжат).
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының офицерлiк құрам лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 21 сәуiрдегi
№ 373 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының офицерлiк құрам лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы ереже
Осы Ереже "Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының (бұдан әpi - Қарулы Күштер) офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шарттың үлгiсiн, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртiбiн айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келісiм-шартты жасасу, ұзарту және өзгерту тәртiбi
1-тарау. Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келісiм-шартты жасасу, ұзарту және өзгерту тәртiбi
Тармақ 1
1. Офицерлiк құрам лауазымдарындағы әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шарт әскери қызметшi не әскери қызметке қабылданатын адам және штаттық құрылымында әскери қызметті өткеру көзделген уәкілеттi мемлекеттiк орган лауазымды адамының арасында жасалады.
Тармақ 2
2. Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шарт:
Тармақша 1
1) белгiленген әскери қызмет мерзiмi аяқталған кезде шақыру бойынша әскери қызметтi өткеретiн офицерлермен;
Тармақша 2
2) әскери қызметте тұрудың шектi жасына жетпеген запастағы офицерлермен;
Тармақша 3
3) кiшi офицерлердi даярлау жөнiндегi курстарға жiберiлген әскери қызметшiлермен курстарды бiтiргеннен кейiн;
Тармақша 4
4) әскери (арнайы) оқу орындарының курсанттарымен (тыңдаушыларымен), оқу орындарын бiтiргеннен кейiн;
Тармақша 5
5) жоғары бiлiмi бар прапорщиктермен;
Тармақша 6
6) жоғары бiлiмi және тиiстi әскери мамандыққа бейiнi бойынша ұқсас мамандығы бар ер және әйел адамдармен жасалады.
Тармақ 3
3. Осы Ереженiң 2-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi өткеруге тілек білдiрген әскери қызметшiлер уәкілеттi мемлекеттік органның лауазымды адамына әскери қызмет өткеру туралы келiсiм-шарт жасасу туралы рапорт бередi.
Тармақ 4
4. Запастағы офицерлер, сондай-ақ келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi өткеруге тiлек бiлдiрген ер және әйел адамдар әскери есепке алынған жерi бойынша аудандық (қалалық) әскери комиссариатқа Заңның 16-бабында белгiленген құжаттар тiзбесiн ұсынады.
Аудандық (қалалық) әскери комиссариат уәкiлеттi мемлекеттік органның өтiнiмiнде (қолдаухатында) белгiленген мерзiмде тиiсті әскери есептік мамандықтар бойынша кандидаттардың келiп түскен құжаттарын қарайды.
Заңның 17-бабының талаптарына сай келетiн кандидаттардың құжаттары облыстық (қалалық) әскери комиссариатқа жiберiледi.
Тармақ 5
5. Облыстық (қалалық) әскери комиссариат қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес кандидаттарды iрiктеудi жүзеге асырады, сондай-ақ арнайы тексерудi және медициналық куәландыруды жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Ірiктеуден өткен кандидаттардың құжаттары келiп түскен Қарулы Күштердің лауазымды адамдарының өтiнiмдерiне (қолдаухаттарына) сәйкес әскери бөлiмдердiң командирлеріне (бастықтарына) жiберiледi.
Тармақ 6
6. Әскери бөлiмдердiң командирлері (бастықтары) облыстық (қалалық) әскери комиссариаттардың iрiктеуiнен өткен запастағы офицерлердi аттестаттау коммиссиясында қарауға шақырады.
Аттестаттау комиссиясы оларға қатысты оң шешiм қабылдаған кандидаттармен офицерлік құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шарт қосымшаға сәйкес жасалады.
Қалған адамдарға әскери бөлiм он күн мерзiмде кандидаттың құжаттарын уәжделген бас тарту себептерiмен әскери есепке алынған әскери комиссариатына қайтарады.
Тармақ 7
7. Офицерлiк құрам лауазымында әскери қызметтi өткеруге келiсiм-шарт Заңның 1-бабымен айқындалған уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамдарымен қосымшаға сәйкес жасалады.
Тармақ 8
8. Келiсiм-шарт жасасу, оның қолданылуының мерзiмi мен тәртiбi Заңның 15 және 16-баптарына сәйкес айқындалады.
Тармақ 9
9. Офицерлiк құрам лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi өткеретін, шекті жасқа жетпеген және келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет мерзiмiн ұзартуға тiлек білдiрген әскери қызметшілер келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына 3 ай қалғанға дейiн оны ұзарту туралы рапорт бередi.
Уәкілеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары аттестаттау комиссиясы қорытындысының негiзiнде келiсiм-шартты ұзартады. Келiсiм-шартты ұзартудан бас тартылған адамдар осы Ереженiң 16-тармағына сәйкес босатуға жатады.
Тармақ 10
10. "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес офицер-ғылым кандидаттарына (доценттерге), сондай-ақ әскери қызметте тұрудың шектi жасына жеткен, жоғары кәсiби даярлығы, атқаратын қызметiнде практикалық жұмыс тәжiрибесi бар және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметті өткеру үшiн жарамды басқа да әскери қызметшiлерге Қарулы Күштердiң бiрiншi басшылары қызмет ету мерзiмiн 5 жылға дейiнгi мерзiмге, ал ғылым докторларына (профессорларға) - 10 жылға дейiнгi мерзiмге жаңа келiсiм-шарт жасасу жолымен ұзартуы мүмкiн.
Тармақ 11
11. Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шарт екi тарап қол қойған күннен бастап күшiне енедi және өзiнiң қолданылуын жасалған мерзiм аяқталған кезде немесе оны бұзуға байланысты тоқтатады.
Тармақ 12
12. Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шарт бiржақты тәртiппен өзгертiлуi мүмкiн емес.
Келiсiм-шартқа қажеттi өзгерiстер келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жатқан әскери қызметшi қызмет бойынша жоғарылатылған, әскери атақ берiлген (төмендетiлген), ауыстырылған немесе орын ауыстырған жағдайда енгізіледi.
Тарау 2. 2-тарау. Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шартты тоқтату және бұзу
2-тарау. Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шартты тоқтату және бұзу
Тармақ 13
13. Офицерлiк құрам лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi тоқтату және босату осы Ереженiң 16-18-тармақтарында көзделген негiздемелер бойынша уәкілеттi мемлекеттiк орган лауазымды адамдарының жеке құрамы бойынша бұйрығымен:
Тармақша 1
1) егер босатылатындар запаста тұрудың шектi жасына жетпесе және бейбiт немесе соғыс уақытында денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды болса запасқа;
Тармақша 2
2) егер босатылатындар запаста тұрудың шектi жасына жетсе немесе әскери дәрiгерлiк комиссия денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен шығарып жарамсыз деп таныған болса отставкаға шығара отырып жүргiзiледi.
Тармақ 14
14. Офицерлiк құрам лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлер алдағы әскери қызметтен босату туралы алдын ала, босатуға дейiн екi айдан кешiктiрмей хабардар етiледi. Олармен осы Ереженiң 16-тармағы 4) тармақшасының, 17 және 18-тармақтарының негiзiнде босатылатын адамдардан басқа, тiкелей және басқа командирлер (бастықтар) жеке әңгiмелесу жүргiзедi.
Тармақ 15
15. Офицерлiк құрам лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан, запасқа (отставкаға) шығаруға жататын әскери қызметшiлер iстерi мен лауазымдарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Iшкi қызмет жарғысында белгіленген мерзiмдерде тапсырғаннан кейiн, бiрақ кезектi демалыста немесе емделуде болған кезiнен басқа жағдайларда, әскери бөлiм запасқа (отставкаға) шығару туралы жазбаша түрдегi бұйрықты алған күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктірмей босатылуы тиiс.
Тармақ 16
16. Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шарт Заңның 21-бабына сәйкес мынадай жағдайларда тоқтатылуы мүмкiн:
Тармақша 1
1) келісім-шарт мерзiмiнiң аяқталуы бойынша, егер келiсiм-шарт тараптардың келiсiмi бойынша ұзартылмаған болса;
Тармақша 2
2) ұйымның таратылуына, санның немесе штаттың қысқаруына байланысты, егер әскери қызметшi басқа ұсынылған лауазымға келiспесе;
Тармақша 3
3) денсаулық жағдайы бойынша - әскери дәрiгерлiк комиссияның әскери қызметке жарамсыз деп тануына байланысты;
Тармақша 4
4) соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшіне енуiне байланысты.
Тармақ 17
17. Офицерлiк құрам лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi өткеру туралы келісім-шарт мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкiн:
Тармақша 1
1) тараптардың келiсiм-шарт талаптарын орындамауына байланысты;
Тармақша 2
2) әскери қызметшiнiң қызметке дәлелсiз себептермен шықпай қалуына байланысты.
Тармақ 18
18. Офицерлiк құрам лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шарт әскери қызметшiнiң қалауы бойынша мынадай жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн:
Тармақша 1
1) оған қатысты келiсiм-шарт талаптарының елеулi немесе жүйелi бұзылуына байланысты;
Тармақша 2
2) отбасылық жағдайлары бойынша.
Басқа 0. Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы КЕЛІСІМ-ШАРТ
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің,
басқа әскерлерi мен әскери
құралымдарының офицерлiк
құрам лауазымдарында
келiсiм-шарт бойынша әскери
қызмет туралы ережеге
қосымша
Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы КЕЛІСІМ-ШАРТ
___________________________________________________________ атынан
(уәкiлеттi мемлекеттiк органның атауы, оның орналасқан жерi)
__________________________________________________________________
(уәкiлеттi мемлекеттiк орган лауазымды адамының атағы, тегi, аты,
__________________________________________________________________
әкесiнiң аты және лауазымы)
және _____________________________________________________________
(келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамның
__________________________________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты, оның жеке басын куәландыратын құжаттың
__________________________________________________________________
атауы нөмiрi мен берілген күнi, әлеуметтік жеке кодының нөмiрi,
__________________________________________________________________
салық төлеушінің тiркеу нөмiрi)
Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы осы Келісiм-шартты заңнамамен және осы Келiсiм-шартпен белгiленген талаптарда _______ мерзiмге жасасты.
Тармақ 1
1. Офицерлiк құрам лауазымына келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адам "Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы Заңының (бұдан әрi - Заң) 10-бабы 2-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген талаптармен танысты және оған әскери қызметтiң зиянды және қауiптi жағдайлары туралы, сондай-ақ әскери қызметтiң міндеттерін орындаумен байланысты құқықтардың шектелуi туралы ескертiлдi.
Тармақ 2
2. Офицерлiк құрам лауазымына келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адам өз еркімен мыналарға мiндеттеме бередi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарғыларын сақтауға;
Тармақша 2
2) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметті өткеретiн әскери қызметшiлер үшiн қолданылып жүрген заңнамамен белгiленген шектеулердi қабылдауға;
Тармақша 3
3) келiсiм-шартпен белгiленген әскери қызметтiң мiндеттерiн адал орындауға;
Тармақша 4
4) әскери тәртiп пен қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға;
Тармақша 5
5) қызмет процесiнде мемлекеттік мүлiкке зиян келтiруге жол бермеуге;
Тармақша 6
6) оған берiлген құқықтар шегінде және лауазымдық мiндеттерге сәйкес өкiлеттiктердi жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) оған сенiп тапсырылған мемлекеттiк, әскери, қызметтiк және өзге заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді, соның iшiнде әскери қызметтi тоқтатқаннан кейiн де Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген уақыт iшiнде жарияламауға;
Тармақша 8
8) адамдардың өмiрi мен денсаулығына және мүлiктiң сақталуына қатep төндiретiн жағдайдың туындағаны туралы хабарлауға;
Тармақша 9
9) командирлердің (бастықтардың) және өзге де лауазымды адамдардың оларға берілген өкілеттiктер шегiнде берген бұйрықтары мен өкiмдерiн орындауға.
Тармақ 3
3. Офицерлiк құрам лауазымына келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамның мыналарға құқығы бар:
Тармақша 1
1) Заңда көзделген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасы кепілдiк беретiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
Тармақша 2
2) өзiне командирлер (бастықтар) және өзге лауазымды адамдар тарапынан жеке басының ар-ожданын құрметтеуге, әдiл және құрметпен қарауға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нормалар бойынша және тәртiппен мемлекет есебiнен ақшалай және заттай үлеспен қамтамасыз етілуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға, әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
Тармақша 5
5) бiлiктілiгiн, қабiлеттерiн, өзiнiң қызметтік мiндеттерiн адал атқаруын ескере отырып қызмет бойынша жоғарылатылуға;
Тармақша 6
6) негiзсiз айыптаулар болған кезде қызметтік тексерiстi талап етуге;
Тармақша 7
7) өмiрi мен денсаулығының қорғалуына;
Тармақша 8
8) Заңда және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының офицерлiк құрам лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы ережеде көзделген жағдайларда уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм-шартты ұзартуға, өзгертуге және бұзуға;
Тармақша 9
9) техника қауiпсiздiгi мен гигиена талаптарына жауап беретін қызмет жағдайларына;
Тармақша 10
10) демалысқа;
Тармақша 11
11) әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде өмiрi мен денсаулығына немесе жеке мүлкiне келтiрiлген зиянның өтелуiне;
Тармақша 12
12) қызметтiк мiндеттердi атқарумен байланысты туындаған дауларды тараптардың келiсiмi бойынша немесе сот тәртiбiмен шешуге;
Тармақша 13
13) уәкiлеттi мемлекеттiк органнан келісім-шартта тарапты бiлдiретiн лауазымды адамның өкiлеттiктерiн растауды талап етуге;
Тармақша 14
14) өз кәсiби бiлiктiлiгiн арттыруға;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
Тармақша 16
16) қолданылып жүрген заңнамада көзделген басқа да кепiлдiктер мен өтемақылар алуға.
4. _________________________________________________________
(уәкiлеттi мемлекеттiк органның атауы)
келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамды
_________________________________________________________ офицерлiк
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
құрам лауазымына келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылдай отырып:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына және келiсiм-шартқа сәйкес әскери қызметтiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) әскери қызметшiнi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нормалар бойынша және тәртiппен ақшалай және заттай үлестің барлық түрлерiмен, сондай-ақ олардың әскери қызметінің мiндеттерiн орындауы үшiн қажеттi құралдармен және материалдармен қамтамасыз етедi;
Тармақша 3
3) осы келiсiм-шартты жасасқан кезде келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамды лауазымдық мiндеттерiмен және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген әскери қызмет өткерудiң талаптарымен таныстырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз етедi;
Тармақша 5
5) әскери қызметшiге, өмiрi мен денсаулығына немесе жеке мүлкiне әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде көзделген тәртіппен және шарттарда өтеудi қамтамасыз етедi;
Тармақша 6
6) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамға әскери қызметтің зиянды және қауіпті жағдайлары және кәсiби науқас болу мүмкiндiгi туралы, сондай-ақ әскери қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты құқықтардың шектелуі туралы ескертедi;
Тармақша 7
7) осы келiсiм-шарттың 10-тармағына бұйрықтың күнi мен нөмiрiн жаза отырып, әскери қызметшiнi келісім-шартта көзделген лауазымға тағайындау туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 5
5. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган лауазымды адамының мыналарға құқығы бap:
Тармақша 1
1) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын (қабылданған) адаммен келiсiм-шартты Заңмен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының офицерлiк құрам лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы ережеде белгіленген жағдайларда жасасуға, ұзартуға, өзгертуге, бұзуға және тоқтатуға;
Тармақша 2
2) келiсiм-шарт жасасқан кезде әскери қызметке қабылданатын адамнан Заңның 16-бабында көзделген құжаттарды ұсынуын талап етуге;
Тармақша 3
3) өз өкiлеттiктерi шегiнде бұйрықтар шығаруға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарғыларында белгіленген тәртіппен көтермелеуге және тәртіптік жаза қолдануға.
Тармақ 6
6. Офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шарт оған екi тарап қол қойған күннен бастап күшiне енедi және жасалған мерзiм аяқталғаннан кейiн немесе оны бұзуға байланысты өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
Келiсiм-шартта және әскери қызметшiнi лауазымға тағайындау туралы бұйрықта көрсетiлген күн әскери қызметшiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруының басталуы болып саналады.
Тармақ 7
7. Келiсiм-шарттың талаптары тараптардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады, тараптардың даулары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
Тармақ 8
8. Келiсiм-шарт екi данада жасалды, бiр данасы келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданған адамға беріледi.
9. Қосымша талаптар ________________________________________
__________________________________________________________________
_____________________________ ________________________________
(келiсiм-шарт бойынша әскери (уәкiлетті мемлекеттік орган
қызметке қабылданатын адамның лауазымды адамының тегi, аты,
тегi, аты, әкесiнiң аты) әкесiнің аты)
_____________________________ ________________________________
(жеке қолы) (жеке қолы)
М.О.
200_ жылғы "___"_____________ 200_ жылғы "___"______________
10. Әскери қызметшiнiң қабылдануы және қызмет бойынша орын
ауыстыруы:
__________________________________________________________________
Офицер тағайындалған лауазым | Бұйрықты кім | Ескерту
(әскери бөлiмдi көрсете отырып), | шығарды, оның |
тағайындау (орын ауыстыру, | нөмірі мен |
босату) үшiн негiздеме, әскери | күні |
есептiк мамандық | |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
11. Әскери атақ беру (төмендету):
__________________________________________________________________
Қандай әскери атақ берiлдi | Бұйрықты кiм | Ескерту
| шығарды, оның |
| нөмiрi мен күнi |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 21 сәуiрдегi
№ 373 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы ереже
Осы Ереже "Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының (бұдан әрi - Қарулы Күштер) прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарында әскери қызмет өткеру туралы келiсiм-шарттың үлгiсiн, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртiбiн айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шартты жасасу, ұзарту және өзгерту тәртiбi
1-тарау. Прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шартты жасасу, ұзарту және өзгерту тәртiбi
Тармақ 1
1. Прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарындағы әскери қызмет туралы келiсiм-шарт әскери қызметшi не әскери қызметке қабылданатын адам мен штаттық құрылымында әскери қызметтi өткеру көзделген уәкiлеттi мемлекеттiк орган лауазымды адамының арасында жасалады.
Тармақ 2
2. Прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шарт:
Тармақша 1
1) мерзiмдi әскери қызметтiң аяқталуы бойынша жоғары, орта немесе орта кәсiптiк бiлiмi бар солдаттармен, матростармен, сержанттармен және старшиналармен;
Тармақша 2
2) солдаттардың, матростардың, сержанттар мен старшиналардың лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi өткерiп жатқан жоғары, орта немесе орта кәсiптiк бiлiмi бар әскери қызметшiлермен;
Тармақша 3
3) әскери қызметте тұрудың шектi жасына жетпеген запастағы прапорщиктермен және мичмандармен;
Тармақша 4
4) жоғары, орта немесе орта кәсiптiк бiлiмi бар запастағы солдаттармен, матростармен, сержанттармен және старшиналармен;
Тармақша 5
5) жоғары, орта немесе орта кәсiптiк бiлiмi және тиiстi әскери мамандық саласы бойынша ұқсас мамандығы бар ер және әйел жынысты адамдармен жасалады.
Тармақ 3
3. Прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарында әскери қызметтi өткеруге келiсiм-шарттар Заңның 1-бабымен белгiленген уәкілеттi мемлекеттік органның лауазымы адамдарымен қосымшаға сәйкес жасалады.
Тармақ 4
4. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi өткеруге тiлек білдiрген осы Ереже 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар әскери есепке алынған жерi бойынша аудандық (қалалық) әскери комиссариатқа Заңның 16-бабында белгiленген құжаттар тiзбесiн ұсынады.
Аудандық (қалалық) әскери комиссариат уәкiлеттi мемлекеттiк органның өтiнiмiнде (өтінішінде) белгiленген мерзiмде тиісті әскери есептiк мамандықтар бойынша кандидаттардың келiп түскен құжаттарын қарайды.
Заңның 17-бабының талаптарына сай келетiн кандидаттардың құжаттары облыстық (қалалық) әскери комиссариатқа жiберiледi.
Тармақ 5
5. Облыстық (қалалық) әскери комиссариат қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес кандидаттарды iрiктеудi жүзеге асырады, сондай-ақ арнайы тексеру мен медициналық куәландыруды жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады.
Iрiктеуден өткен кандидаттардың құжаттары Қарулы Күштердiң тиiстi лауазымды адамдарының келiп түскен өтінiмдерiне (өтiнiштерiне) сәйкес әскери бөлiмдердің командирлерiне (бастықтарына) жiберiледi.
Тармақ 6
6. Облыстық (қалалық) әскери комиссариаттардың iрiктеуiнен өткен запастағы прапорщиктер мен мичмандарды әскери бөлiмдердiң командирлері (бастықтары) аттестаттау комиссиясында қарауға шақырады.
Аттестаттау комиссиясы оларға қатысты оң шешiм қабылдаған кандидаттармен прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келісiм-шарт қосымшаға сәйкес жасалады.
Қалған адамдарға әскери бөлiм он күн мерзiмде кандидаттың құжаттарын әскери есепке алынған жерi бойынша әскери комиссариатына уәжделген бас тарту себептерiмен қайтарады.
Тармақ 7
7. Келiсiм-шарт жасасу, оның қолданылуының мерзiмi мен тәртiбi Заңның 15 және 16-баптарына сәйкес айқындалады.
Тармақ 8
8. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін, шекті жасқа жетпеген және келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет мерзiмiн ұзартуға тiлек білдiрген әскери қызметшiлер келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына 3 ай қалғанға дейiн оны ұзарту туралы рапорт бередi.
Уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары тұрақты жұмыс iстейтiн аттестаттау комиссиясы қорытындысының негiзiнде келісім-шартты ұзартады. Келісім-шартты ұзартудан бас тартылған адамдар осы Ереженің 15-тармағына сәйкес босатуға жатады.
Тармақ 9
9. Қарулы Күштердiң бiрiншi басшылары әскери қызметте тұрудың шектi жасына жеткен, жоғары кәсiби даярлығы, атқаратын қызметiнде практикалық жұмыс тәжірибесi бар және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтi өткеру үшiн жарамды прапорщиктер мен мичмандардың қызмет ету мерзiмiн "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес 5 жылға дейiнгi мерзiмге ұзартуы мүмкiн.
Тармақ 10
10. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шарт екі тарап қол қойған күннен бастап күшiне енедi және өзiнiң қолданылуын жасалған мерзiм аяқталғаннан кейiн немесе оны бұзуға байланысты тоқтатады.
Тармақ 11
11. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызмет өткеру туралы келiсiм-шарт бiржақты тәртіппен өзгерiлуi мүмкiн емес.
Келiсiм-шартқа қажеттi өзгерiстер келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жатқан әскери қызметшiге әскери атақтар берiлген (төмендетiлген), ауыстырылған немесе орын ауыстырған жағдайда енгiзіледi.
Тарау 2. 2-тарау. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шартты тоқтату және бұзу
2-тарау. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шартты тоқтату және бұзу
Тармақ 12
12. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi тоқтату және босату осы Ереженiң 15-17-тармақтарында көзделген негiздемелер бойынша Қарулы Күштер лауазымды адамдарының жеке құрам бойынша бұйрығымен:
Тармақша 1
1) егер босатылатындар запаста тұрудың шектi жасына жетпесе және бейбiт немесе соғыс уақытында денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды болса запасқа;
Тармақша 2
2) егер босатылатындар запаста тұрудың шектi жасына жетсе немесе әскери-дәрiгерлiк комиссия денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен шығарып жарамсыз деп танылған болса, отставкаға шығара отырып жүргiзiледi.
Тармақ 13
13. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшiлер болатын әскери қызметтен босату туралы алдын ала, босатуға дейiн екi айға дейiн мерзiмнен кешiктiрмей хабардар етiледi. Олармен 15-тармақтың 4) тармақшасының, 16 және 17-тармақтардың негiзiнде босатылатын адамдардан басқа, тiкелей және басқа командирлер (бастықтар) жеке әңгiмелесу жүргiзедi.
Тармақ 14
14. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жатқан, запасқа (отставкаға) шығаруға жататын әскери қызметшiлер iстерi мен лауазымдарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Iшкi қызмет жарғысында белгiленген мерзiмдерде тапсырғаннан кейiн, бiрақ кезектi демалыста немесе емделуде болған кезiнен басқа жағдайларда, әскери бөлiм запасқа (отставкаға) шығару туралы жазбаша түрдегi бұйрықты алған күннен кейiн бiр ай мерзiмнен кешiктірмей босатылуы тиiс.
Тармақ 15
15. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметті өткеру туралы келiсiм-шарт Заңның 21-бабына сәйкес мынадай жағдайларда тоқтатылуы мүмкiн:
Тармақша 1
1) келiсiм-шарт мерзiмiнiң аяқталуы бойынша, егер келiсiм-шарт тараптардың келiсiмi бойынша ұзартылмаған болса;
Тармақша 2
2) ұйымның таратылуына, санның немесе штаттың қысқаруына байланысты, егер әскери қызметшi басқа ұсынылған лауазымға келіспесе;
Тармақша 3
3) денсаулық жағдайы бойынша - әскери-дәрiгерлiк комиссияның әскери қызметке жарамсыз деп таңуына байланысты;
Тармақша 4
4) соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуiне байланысты.
Тармақ 16
16. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шарт мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкiн:
Тармақша 1
1) тараптардың келiсiм-шарт талаптарын орындамауына байланысты;
Тармақша 2
2) әскери қызметшiнiң қызметке дәлелсiз себептермен шықпай қалуына байланысты.
Тармақ 17
17. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шарт әскери қызметшiнiң қалауы бойынша мынадай жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн:
Тармақша 1
1) оған қатысты келiсiм-шарт талаптарының елеулi немесе жүйелi бұзылуына байланысты;
Тармақша 2
2) отбасылық жағдайлары бойынша.
Басқа 0. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы КЕЛІСІМ-ШАРТ
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң,
басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының
прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарында
келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы
ережеге қосымша
Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы КЕЛІСІМ-ШАРТ
___________________________________________________________ атынан
(уәкiлеттi мемлекеттiк органның атауы, оның орналасқан жерi)
__________________________________________________________________
(уәкiлеттi мемлекеттiк орган лауазымды адамының атағы, тегi, аты,
__________________________________________________________________
әкесiнiң аты және лауазымы)
және _____________________________________________________________
(келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамның
__________________________________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты, оның жеке басын куәландыратын құжаттың
__________________________________________________________________
атауы, нөмiрi мен берілген күнi, әлеуметтік жеке кодының нөмiрi,
__________________________________________________________________
салық төлеушінің тiркеу нөмiрi)
прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы осы келісiм-шартты заңнамамен және осы келісім-шартпен белгiленген негіздерде_______ мерзiмге жасасты.
Тармақ 1
1. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымына келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адам "Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы Заңы (бұдан әрi - Заң) 10-бабының 2-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген талаптармен танысты және әскери қызметтiң зиянды және қауiпті жағдайлары туралы, сондай-ақ әскери қызметтiң мiндеттерiн орындаумен байланысты құқықтардың шектелуi туралы ескертiлдi.
Тармақ 2
2. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымына келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адам өз еркiмен мыналарға мiндеттеме бередi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарғыларын сақтауға;
Тармақша 2
2) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi өткеретiн әскери қызметшiлер үшiн қолданылып жүрген заңнамамен белгiленген шектеулердi қабылдауға;
Тармақша 3
3) келiсiм-шартпен белгiленген әскери қызметтiң мiндеттерiн адал орындауға;
Тармақша 4
4) әскери тәртiп пен қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;
Тармақша 5
5) қызмет процесiнде мемлекеттiк мүлiкке зиян келтiруге жол бермеуге;
Тармақша 6
6) оған берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерге сәйкес өкiлеттiктi жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) оған сенiп тапсырылған мемлекеттiк, әскери, қызметтiк және өзге заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді, соның iшiнде әскери қызметтi тоқтатқаннан кейiн де Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген уақыт iшiнде жария етпеуге;
Тармақша 8
8) адамдардың өмiрi мен денсаулығына және мүлiктiң сақталуына қатер төндiретiн жағдайдың туындағаны туралы хабарлауға;
Тармақша 9
9) командирлердің (бастықтардың) және өзге де лауазымды адамдардың оларға берiлген өкілеттiктер шегiнде берген бұйрықтары мен өкiмдерiн орындауға.
Тармақ 3
3. Прапорщик пен мичманның лауазымына келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамның мыналарға құқығы бар:
Тармақша 1
1) Заңда көзделген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңнамалары кепілдiк беретiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
Тармақша 2
2) өзiне командирлер (бастықтар) және өзге лауазымды адамдар тарапынан жеке басының ар-ожданын құрметтеуге, әдiл және құрметпен қарауға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нормалар бойынша және тәртіппен мемлекет есебiнен ақшалай және заттай үлеспен қамтамасыз етілуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға, әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
Тармақша 5
5) бiлiктiлiгiн, қабiлеттерiн, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал атқаруын ескере отырып қызметi бойынша жоғарылатылуға;
Тармақша 6
6) негiзсiз айыптаулар болған кезде қызметтік тексерiстi талап етуге;
Тармақша 7
7) өмiрi мен денсаулығының қорғалуына;
Тармақша 8
8) Заңда көзделген жағдайларда уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсiм-шартты ұзартуға, өзгертуге және бұзуға;
Тармақша 9
9) техника қауiпсiздiгi мен гигиена талаптарына жауап беретін қызмет жағдайларына;
Тармақша 10
10) демалысқа;
Тармақша 11
11) әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде өмiрi мен денсаулығына немесе жеке мүлкiне келтiрiлген зиянның өтелуiне;
Тармақша 12
12) қызметтiк мiндеттердi атқарумен байланысты пайда болған дауларды тараптардың келiсiмi бойынша немесе сот тәртібiмен шешуге;
Тармақша 13
13) уәкiлеттi мемлекеттiк органнан келісім-шартта тарапты білдiретiн лауазымды адамның өкілеттiктерiн растауды талап етуге;
Тармақша 14
14) өз кәсiби бiлiктілiгiн арттыруға;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
Тармақша 16
16) қолданылып жүрген заңнамада көзделген басқа да кепілдiктер мен өтемақылар алуға.
4. __________________________________________________________
(уәкiлетті мемлекеттiк органның атауы)
әскери қызметшi (әскери мiндеттi) _________________________________
(тегі, аты-жөні)
келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылдайды және:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына және келiсiм-шартқа сәйкес әскери қызметтiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) әскери қызметшiнi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нормалар бойынша және тәртіппен ақшалай және заттай үлестiң барлық түрлерiмен, сондай-ақ олардың әскери қызметтiң міндеттерiн орындауы үшiн қажеттi құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) келiсiм-шартты жасасқан кезде келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамды лауазымдық мiндеттерiмен және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгіленген әскери қызметті өткерудiң талаптарымен таныстыруға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) әскери қызметшiге өмiрi мен денсаулығына немесе жеке мүлкiне әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде көзделген тәртiппен және жағдайда өтеудi қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамға әскери қызметтің зиянды және қауiптi жағдайлары және кәсiби науқас болу мүмкiндiгi туралы, сондай-ақ әскери қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты құқықтардың шектелуiн ескертуге;
Тармақша 7
7) әскери қызметшiнi келiсiм-шартта көзделген лауазымға тағайындау туралы бұйрық шығаруға және осы келiсiм-шарттың 10-тармағына бұйрықтың күнi мен нөмiрiн жазуға кепiлдiк бередi.
Тармақ 5
5. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган лауазымды адамының мыналарға құқығы бар:
Тармақша 1
1) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданушы (қабылданған) адаммен келiсiм-шартты Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленген жағдайларда жасасуға, ұзартуға, өзгертуге, бұзуға және тоқтатуға;
Тармақша 2
2) келiсiм-шарт жасасқан кезде әскери қызметке қабылданатын адамнан Заңның 16-бабында көзделген құжаттарды ұсынуын талап етуге;
Тармақша 3
3) өз өкiлеттiктерi шегiнде бұйрықтар шығаруға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарғыларында белгiленген тәртiппен көтермелеуге және тәртіптiк жаза қолдануға.
Тармақ 6
6. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келiсiм-шарт оған екi тарап қол қойған күннен бастап күшiне енедi және жасалған мерзiм аяқталғаннан кейiн немесе оны бұзуға байланысты өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
Келiсiм-шартта және әскери қызметшiнi лауазымға тағайындау туралы бұйрықта көрсетiлген күн әскери қызметшiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруының басталуы болып саналады.
Тармақ 7
7. Келiсiм-шарттың талаптары тараптардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады, тараптардың даулары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
Тармақ 8
8. Келiсiм-шарт екi данада жасалды және тараптардың қолы қойылуға тиiс. Келiсiм-шарттың бiр данасы келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке қабылданған адамға берiледi.
9. Қосымша талаптар _________________________________________
___________________________________________________________________
________________________________ ________________________________
(келiсiм-шарт бойынша әскери (уәкiлетті мемлекеттiк орган
қызметке қабылданатын адамның лауазымды адамының тегi, аты,
тегi, аты, әкесiнiң аты) әкесiнің аты)
________________________________ ________________________________
(жеке қолы) (жеке қолы)
M.O.
200_ жылғы "___" __________ 200_ жылғы "___" __________
10. Әскери қызметшiнің қабылдануы және қызмет бойынша орын ауыстыруы:
__________________________________________________________________
Прапорщик пен мичман | Бұйрықты кiм | Ескерту
тағайындалған лауазым (әскери | шығарды, оның нөмiрi |
бөлiмдi көрсете отырып), | мен күнi |
тағайындау (орын ауыстыру, | |
босату) үшiн негiздеме әскери | |
есептiк мамандық | |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
11. Әскери атақ беру (төмендету):
__________________________________________________________________
Қандай әскери атақ берiлдi | Бұйрықты кім | Ескерту
| шығарды, оның нөмiрi |
| мен күнi |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________