Қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтарға еңбекақы төлеу Қағидаcын бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтарға еңбекақы төлеу Қағидаcын бекіту туралы
📌 Ескерту. Тіркеуі бұзылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімиятының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 22/03 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес Балқаш қаласының әкімияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтарға еңбекақы төлеудің Қағидасы бекітілсін. (қосымша)
Тармақ 2
2. Балқаш қаласы әкімінің қаржы бөлімі (Қ.Қ. Адамова) қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтардың еңбекақыларын қаржыландыруды Қағидаға сәйкес жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Г. Ескеге жүктелсін.
Басқа 4
Балқаш қаласы әкімиятының
2003 жылғы 20 наурыздағы N 8/6
"Қоғамдық жұмыстарымен қамтылған
азаматтарға еңбекақы төлеу
Қағидасын бекіту туралы"
қаулысымен Бекітілген қосымша
Қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтарға еңбекақы төлеудің
Қағидасы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес жасалған, осы Қағида қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтарға еңбекақы төлеуді реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері қоғамдық жұмыстар деп түсініледі.
Тармақ 2
2. Авариялардың, зілзалалардың, апаттардың және басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жедел жою қажеттілігіне байланысты қызмет түрлері қоғамдық жұмыстарға жатпайды.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарды Балқаш қаласы әкімінің аппараты ұйымдастырады және жергілікті бюджеттер мен жұмыс берушілердің қаражатынан олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылады.
Тармақ 4
4. Халықты жұмыспен қамтудың бағдарламасына сәйкес Балқаш қалалық әкімияты қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы қаулы қабылдайды.
Балқаш қалалық әкімиятының қаулысына сәйкес, қалалық жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушімен орталық атқарушы орган бекіткен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шарт жасасады.
Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшеліктері болады:
Тармақша 1
1) жұмыссыздарға әдейі арналған;
Тармақша 2
2) жұмыс орындарының саны іс жүзінде шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
Тармақша 3
3) толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі, жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 36 сағат;
Тармақша 4
4) қала үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдалы;
Тармақша 5
5) арнаулы білімі жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкіндік беріледі.
Тармақ 5
5. Қоғамдық жұмыстарды өзінің жеке қаражаты есебінен өзінде ұйымдастыруға тілек білдірген жұмыс берушілер Балқаш қалалық әкімиятына өтінім береді.
Тарау 3. 3. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу
3. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу
Тармақ 6
6. Қалалық жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздарды ұйымдардағы қоғамдық жұмыстарға жіберуді Балқаш қалалық әкімиятының қаулысы бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді қалалық жұмыспен қамту орталығы тіркелу күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Мақсатты топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым тәртіппен қатысуға құқығы бар.
Тармақ 9
9. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес жеке еңбек шарты жасалады.
Тармақ 10
10. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен, өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар қалалық жұмыспен қамту орталығында қайтадан тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жіберілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу
4. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу
Тармақ 11
11. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі, және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
Тармақ 12
12. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін жұмыссыздарға есептелген еңбекақыға заңнамада белгіленген тәртіппен салық салынады.
Тармақ 13
13. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақыларынан жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдары аударылады.
Тармақ 14
14. Еңбекақының мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінен аз болмауы керек.
Тармақ 15
15. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.
Тарау 5. 5. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін бақылау
5. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін бақылау
Тармақ 16
16. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін бақылауды мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Жұмыс беруші қалалық еңбекпен қамту орталығына есеп беру айының аяқталуына 5 күн қалғанда қоғамдық жұмысқа қатысушы жұмыссыздар жөнінде мәлімет беруге міндетті:
Тармақша 1
1) жұмыс берушінің бұйрығынан алынған үзінді;
Тармақша 2
2) атқарылған жұмыс туралы акті;
Тармақша 3
3) жұмыс уақытын есепке алу табелі.
Тарау 6. 6. Қоғамдық жұмыстар бойынша есепке алу және есептілік
6. Қоғамдық жұмыстар бойынша есепке алу және есептілік
Тармақ 18
18. Қалалық жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарды есепке алуды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) статистика жөніндегі тиісті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша қоғамдық жұмыстар жөнінде айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық статистикалық есептерді жүргізеді;
Тармақша 3
3) белгіленген мерзімде облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде статистикалық есептілікті ұсынады.