О координационно-методическом cовет по правовой пропаганде и правовому всеобучу акимата г. Костаная Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай қаласы әкiмиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына және облыс әкімиятының «Қостанай облысы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру - әдістемелік Кеңесі туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 165, тіркеу нөмірі 2378 2003 жылғы 18 шілдеде, қаулысына сәйкес Қостанай қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қостанай қаласы әкiмиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Қостанай қаласы әкiмиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы ережесі бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Кеңестің жеке құрамы заңнамамен белгіленген тәртіпте қалалық мәслихатты сессиясының бекітуіне ұсынылсын (№ 2 қосымша).
Тармақ 4
4. «Қостанай қаласы әкімінің жанындағы құқықтық жұмыстар үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы» 2000 жылғы 31 қала әкім шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкiмi аппаратының басшысы М.Ж. Жақсыбергеноваға жүктелсiн.
Басқа 6. Қостанай қаласы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің ереже
№ 1-қосымша Қостанай қаласы әкiмиятының 2003 жылғы 9 қыркүйектегі № 721 қаулысымен бекітілген Қостанай қаласы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қостанай қаласы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі (бұдан әрі - Кеңес) қаланың атқарушы органдарының, мемлекеттік мекемелерінің, ұйымдарының қызметін құқықтық білімді насихаттау және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес Қостанай қаласы әкімиятының жанында құрылады.
Тармақ 3
3. Кеңестің төрағасы болып қала әкімі аппаратының басшысы табылады.
Тармақ 4
4. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен мiндеттерi
2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен мiндеттерi
Тармақ 5
5. Кеңестің негізгі мақсаттары:
Тармақша 1
1) азаматтардың құқықтық білімінің деңгейін жоғарлату, бұл жұмысқа кәсіби заңгерлерді тарту;
Тармақша 2
2) халықтың құқықтық мәдениетін жоғарлату;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің құқықтық жұмысын үйлестіру.
Тармақ 6
6. Кеңестің негізгі тапсырмалары болып табылады:
Тармақша 1
1) қаланың атқарушы органдарының, мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының қызметін құқықтық білімді насихаттау және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) қаланың атқарушы органдарының, мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының құқықтық білімді насихаттау және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі жұмысын талдау;
Тармақша 3
3) қалалық атқарушы органдарға, мемлекеттік мекемелерге және ұйымдарға арналған құқықтық білімді насихаттау және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
Тармақша 4
4) оң жұмыс тәжірибесін тарату, құқықтық жұмысты жетілдіру жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметінің нысандары
3. Кеңес қызметінің нысандары
Тармақ 7
7. Кеңес жұмысының негізгі нысандары болып табылады:
Тармақша 1
1) өзара ақпарат алмасу;
Тармақша 2
2) құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту мәселелеріндегі жұмыс жағдайын бірлесіп талқылау;
Тармақша 3
3) қаланың атқарушы органдарымен, мемлекеттік мекемелерімен және ұйымдарымен бірлесіп іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар, кездесулер, семинарлар, дәрістер) ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 4
4) құқықтық білім «күндерін», «апталарын», «айлықтарын» өткізу.
Тармақ 8
8. Кеңес қабылдаған барлық шешімдер, ұсыныстар және құжаттар мүдделі ұйымдарға және бұқаралық ақпарат құралдарына жіберіледі.
Тарау 4. 4. Кеңестің функциялары
4. Кеңестің функциялары
Тармақ 9
9. Кеңес келесі функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қаланың мемлекеттік кәсіпорындарындағы, мекемелеріндегі құқықтық білімді насихаттау және құқықтық жалпы білім жөніндегі жұмысының жағдайымен танысады, осы мәселелер бойынша олардың басшыларының ақпараттарын тыңдайды, құқықтық жалпы оқыту әдістерін және нысандарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар, қорытындылар және ұсынымдар дайындайды, жүзеге асыруда көмектеседі;
Тармақша 2
2) қаланың атқарушы органдары, мемлекеттік мекемелері және ұйымдарының дәрістік бағдарламаларының тақырыптық бағытын және кәсіби мазмұны талдайды;
Тармақша 3
3) қаланың атқарушы органдарына, мемлекеттік мекемелеріне және ұйымдарына құқықтық тақырыптарға арналған материалдарды жариялауда және тақырыптық жоспарларды әзірлеуде іс-тәжірибелік көмек көрсетеді;
Тармақша 4
4) Кеңестің құзыретіне жататын басқа функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Кеңес перспективтік және тоқсандық жоспарларға сәйкес жұмыс атқарады. Кеңесінің отырысы тоқсанда бір рет өткізіледі.
Тармақ 11
11. Отырыс төраға немесе оның тапсырмасы бойынша кеңес мүшелерінің біреуі басшылық етумен өткізіледі.
Тармақ 12
12. Отырысқа кеңес мүшелерінің жартысынан астамы қатысқанда ғана ол заңды болып саналады.
Тармақ 13
13. Талқылау нәтижелері мен қабылданған ұсынымдар кеңес отырысынан кейін екі күн ішінде ресімделетін хаттамаға енгізіледі. Хаттамаға кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды және ол орындаушыларға таратылады.
Тармақ 14
14. Кеңес өз жұмысына құқық қорғаушы органдардың, заң қызметтерінің қызметкерлерін, жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тартуға және шешімдері, жоспарлы іс-шараларды орындау жөнінде ұсынымдар беруге құқықты.
Басқа 41. Қостанай қаласы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің жеке құрамы туралы
№ 2-қосымша Қостанай қаласы әкiмиятының 2003 жылғы 9 қыркүйектегі № 721 қаулысымен бекітілген Қостанай қаласы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің жеке құрамы туралы Маркиза Жәркенқызы Жақсыбергенова Қала әкімі аппаратының басшысы, төраға Батырбек Рахметжанұлы Құдабаев Қала әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманы, төрағаның орынбасары Азамат Баймырзаұлы Әлімбаев Қала әкімінің көмекшісі, хатшы Кеңестің мүшелері Динара Әлім Қостанай облысы әділет басқармасының бас маманы Гүлширан Савитқызы Бірімбаева Қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы ақпараттық-құқықтық бөлімінің бастығы Жайберген Болатов «Қостанай» газеті редакторының орынбасары Раиса Николаевна Завгородняя Қала әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Ергали Ережепұлы Мамбетов Қала прокуроры орынбасарының міндетін атқарушы Манарбек Ауанұлы Қазин Қала әкімінің кеңесшісі Сәуле Сарабекқызы Қалиева Қалалық мәслихаты аппаратының бас маманы Генрих Генрихович Шек Қалалық білім басқармасының бастығы