О координационно-методическом cовете по правовой пропаганде и правовому всеобучу акимата Аулиекольского района Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданы әкiмиятының жалпыға бірдей құқықтық насихат және құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 «Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Әулиекөл ауданы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданы әкiмиятының жалпыға бірдей құқықтық насихат және құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Кеңестің жеке құрамы белгіленген заңнама тәртібімен аудандық мәслихатқа бекіту үшін ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Әулиекөл ауданы әкімиятының жалпыға бірдей құқықтық насихат және құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңес туралы Ережесі бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкiмi аппаратының басшысы Петрухно Тамара Владимировна жүктелсiн.
Басқа 5. Әулиекөл ауданы әкімиятының жалпыға бірдей құқықтық насихат және құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі
Әулиекөл ауданы әкiмиятының 2004 жылғы 20 ақпандағы № 26 «Әулиекөл ауданы әкімиятының жалпыға бірдей құқықтық насихат және үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы» қаулысына 1-қосымша Әулиекөл ауданы әкімиятының жалпыға бірдей құқықтық насихат және құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі Петрухно Тамара Владимировна - Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының басшысы, Кеңестің төрайымы Көккөзова Роза Сұлтанбайқызы - Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бастығы, кеңестің хатшысы Кеңес мүшелері: Аязбаева Гаухар Ержанқызы - «Әулиекөл» газетінің редакторы Ғабдулина Айман Кенжеғалиқызы - аудандық АХАЖ (азаматтық хал актілерін жазу) бөлімінің міндетін атқарушы Даумова Бәтима Бексұлтанқызы - аудандық білім басқармасының бастығы Қазбекова Сәуле Ерзаққызы - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы Левченко Валентина Андреевна - Әулиекөл ауданы прокурорының аға көмекшісі Николаев Николай Семенович - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары Нұрахметова Гүлжиян Қыпшақбайқызы - Әулиекөл ауданы бойынша салық комитетінің төрайымы Харахорина Евгения Оскаровна - аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы Шамсутдинов Ильгиз Закиржанович - аудан әкімінің көмекшісі
Басқа 6. Әулиекөл ауданы әкімиятының жалпыға бірдей құқықтық насихат және құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы ереже
Әулиекөл ауданы әкiмиятының 2004 жылғы 20 ақпандағы № 26 «Әулиекөл ауданы әкімиятының жалпыға бірдей құқықтық насихат және үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы» қаулысына 2-қосымша Әулиекөл ауданы әкімиятының жалпыға бірдей құқықтық насихат және құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданы әкiмиятының»жалпыға бірдей құқықтық насихат және құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі (әрі қарай Кеңес) жалпыға бірдей құқықтық білімнің насихат жөніндегі ауданның атқарушы органдарының мемлекеттік мекемелері, ұйымдары қызметінің ведомствоаралық үйлестіруін қамтамасыз ету жөніндегі кеңестік-мәслихаттасу органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес Әулиекөл ауданы әкімиятының жанында құрылады.
Тармақ 3
3. Кеңестің төрайымы болып Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының басшысы саналады.
Тармақ 4
4. Өз қызметінде Кеңес Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі мақсаттары және мiндеттерi
2. Кеңестің негізгі мақсаттары және мiндеттерi
Тармақ 5
5. Кеңестің негізгі мақсаттары:
Тармақша 1
1) азаматтардың құқықтық білім деңгейін жоғарлату, осы жұмысқа кәсіби заңгерлерді тарту;
Тармақша 2
2) тұрғандардың құқықтық мәдениетін жоғарлату;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің құқықтық жұмыстарын үйлестіру.
Тармақ 6
6. Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1) ауданның атқарушы органдарының, мемлекеттік мекемелерінің ұйымдарының, жалпыға бірдей құқықтық насихат және құқықтық білімінің оқу жөніндегі қызметін үйлестіруді ведомствоаралық қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) ауданның атқарушы органдарының, мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының жалпыға бірдей құқықтық оқуды насихаттау жөніндегі жұмысын талдау;
Тармақша 3
3) ауданның атқарушы органдарына, мемлекеттік мекемелерге, ұйымдарына жалпыға бірдей құқықтық білімді және құқықтық оқуды насихаттау жөніндегі ұсынысын әзірлеу;
Тармақша 4
4) оң тәжірибені тарату, құқықтық жұмысты жетілдіру бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу, азаматтарды құқықтық тәрбиелеудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметінің нысандары
3. Кеңес қызметінің нысандары
Тармақ 7
7. Кеңес мынадай міндеттері жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өзара ақпарат алмасу;
Тармақша 2
2) жалпыға бірдей құқықтық насихат және құқықтық оқу мәселелеріндегі жұмыс жағдайын бірлесіп талдау;
Тармақша 3
3) ауданның атқарушы органдарымен, мемлекеттік мекемелерімен, ұйымдарымен бірлесіп шаралар ұйымдастыру және өткізу (дөңгелек үстел, пікірсайыс, кездесу, семинар, дәрістер) ;
Тармақша 4
4) құқықтық білім «күндерін», «апталарын», «айлықтарын» өткізу.
Тармақ 8
8. Кеңес қабылдаған барлық шешімдері, ұсыныстары және құжаттары ведомстволарға, қоғамдық ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына жіберіледі.
Тарау 4. 4. Кеңестің функциялары
4. Кеңестің функциялары
Тармақ 9
9. Кеңес мынадай міндеттері жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) аудан мекемелерінде, мемлекеттік кәсіпорындарында жалпыға бірдей құқықтық білімінің және құқықтық оқу насихатты бойынша жұмысының жағдайымен танысады, олардың басшыларының осы мәселелер жөніндегі ақпаратын тыңдайды, жалпыға бірдей құқықтық оқу мен құқықтық тәрбиенің нысанын және әдістерін жетілдіру бойынша қажетті кепілдемелер мен қорытындылар, ұсыныстар әзірлеп, жүзеге асыруына көмек көрсетеді;
Тармақша 2
2) ауданның атқарушы органдарының, мемлекеттік мекемелердің, ұйымдарының, дәрістік бағдарламасының тақырыптық бағдарын және кәсіптік мазмұнын талдайды;
Тармақша 3
3) құқықтық тақырыбына тақырыптық жоспарлар әзірлеуге және материал жариялауына ауданның атқарушы органдарына, мемлекеттік мекемелеріне, ұйымдарына практикалық көмек көрсетеді;
Тармақша 4
4) Кеңестің құзырына жататын басқа міндеттерді жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Кеңес жылдық және тоқсандық жоспарға сәйкес жұмыс атқарады. Кеңестің отырысы тоқсанда бір рет өткізіледі.
Тармақ 11
11. Отырыс төрайымның басшылығымен немесе оның тапсыруымен Кеңес мүшесінің бірінің басшылығымен өткізіледі.
Тармақ 12
12. Егер Кеңес мүшелерінің жартысынан аса қатысқан болса, отырыс құқықтық өкілетті саналады.
Тармақ 13
13. Алынған кепілдемелер және пікір алысу қорытындысы кеңес отырысынан соң екі күннің арасында ресімделген хаттамада жазылады. Хаттамаға кеңестің төрайымы және хатшысы қол қояды және оның мүшелеріне барлық қажетті құжаттар қосымшасымен жүзеге асыру үшін жіберіледі.
Тармақ 14
14. Кеңес өз жұмысына құқық қорғау органдарының қызметшілерін тартуға және шешімдерді, жоспарлы шараларды орындау бойынша ұсыным жасауға құқықтық өкілетті.