Об уcтановлении единых ставок фиксированного суммарного налога для всех налогоплательщиков города Каражал Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаражал қаласында барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық Кодексі) 394-бабына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қаражал қаласында барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген, жиынтық салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалықтМәслихаттың бюджет және экономикалық реформа мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ә. Әлжаппаров) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қаражал қалалық Мәслихатының 2005 жылғы 27 қыркүйекиегі «Ойын бизнесінің жергілікті лбъектілеріне кесімді сомалық ставкасын белгілеу туралы» №19/169 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолдаңысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қаражал қаласының әкімі ______________ Е.Каргин 2006 жыл 20.12 «Қаражал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекеме ______________ А.Ереженова 2006 жыл 20.12 Қаражал қалалық салық комитетінің төрағасы ______________ Д.Крыкпышев 2006 жыл 20.12
Басқа 5. Қаражал қаласында барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерлері
Қаражал қалалық Мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 29/291 шешіміне қосымша Қаражал қаласында барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерлері Салық саланатын объектілердің атауы Бір объектіге салынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерлері (айлық есептік көрсеткішпен) 1 Ойын столы 2200 2 Бір ойыншыға арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы 65 3 Бірнеше ойыншыға арналған ақшалай ұтысы бар ойын атоматы (электрондық рулеткадан басқа) 80 4 Электрондық рулетка 100 5 Тотализатор кассасы 200 6 Букмекерлік кеңсе кассасы 100 7 Бір ойыншыға арналған ұтыс ақшасыз ойын автоматы 15 8 Бірнеше ойыншыға арналған ұтыс ақшасыз ойын автоматы 20 9 Ойын өткізуге пайдаланатын дербес компьютер 15 10 Ойын жолы 55 11 Карт 25 12 Бильяр үстелі 30 13 Лото ұйымдастырушы 80