О стипендии Акима области студентам и учащимcя высших и средних учебных заведений Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жоғары және орта оқу орындарының студенттерi мен оқушыларына облыс әкiмiнiң стипендиясын тағайындау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен. Кәсiптiк-техникалық мектептердiң, колледждердiң, жоғары оқу орындарының көп балалы, аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан және жетiм дарынды оқушылары мен студенттерiне облыс әкiмiнiң стипендиясын тағайындау жөнiндегi облыстық "Шапағат" қайырымдылық қорының ұсынысын қолдай отырып облыс әкiмi ШЕШIМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң стипендиясын беру тәртiбi туралы ережеге (қоса тiркелген) сай облыс әкiмiнiң 25 стипендиясы тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Жылдық стипендия қоры 780 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн және мынандай тәртiпте бөлiнсiн: - жоғары оқу орындарының студенттерiне әрқайсысы 3000 теңге 15 стипендия белгiленсiн. - колледждердiң, кәсiптiк-техникалық және жалпы бiлiм беру мектептерiнiң студенттерi мен оқушыларына әрқайсысы 2000 теңгеден 10 стипендия белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмi аппаратының әлеуметтiк-мәдени сала, бiлiм және денсаулық сақтау бөлiмiне (Р.Кәрiбжанова) жүктелсiн.
Басқа 4
Алматы облысы әкiмiнiң 1998 жылғы 02 сәуiрдегі N 4-126 шешiмiне қосымша Облыс әкiмiнiң стипендиясын беру тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ Осы Ереже облыс әкiмiнiң стипендиясын беру тәртiбiн әкiмнiң 1998 жылғы "02" сәуiр N 4-126 шешiмiне сәйкес айқындайды.
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң стипендиясы кәсiптiк-техникалық мектептердiң, колледждердiң, жоғары оқу орындарының көп балалы, аз қамтамасыз етiлген отбасылардан шыққан және жетiм дарынды оқушылары мен студенттерiне тағайындалады. Ол үздiк оқығаны және қоғамдық өмiрге белсене қатысқаны үшiн берiледi.
Тармақ 2
2. Әкiмнiң стипендиясы ай сайын облыстық "Шапағат" қайырымдылық қорынан бөлiнедi.
Тармақ 3
3. Стипендия дербес болып табылады және оны облыс әкiмi бередi.
Тармақ 4
4. Әкiмнiң стипендиясын алуға кандидаттар iрiктеу үшiн облыстық комиссия құрылады. Ол жыл сайын стипендиаттардың санын, облыс аймақтары бойынша квотаны анықтайды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс халқына әкiмнiң стипендиаттары туралы хабарлайды. Әкiм стипендиясы оқу жылының қорытындысы бойынша бiр жылға тағайындалады.
Тармақ 5
5. Әкiм стипендиясын алуға кандидаттар iрiктеу байқауына Алматы облысының кәсiптiк-техникалық мектептердiң оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерi қатыса алады.
Тармақ 6
6. Облыс әкiмiнiң стипендиясын алуға кандидаттардың үздiк оқуы, қоғамдық өмiрге белсене қатысуы, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуы, компьютерлiк техниканы меңгеруi, өз халқының тарихын, тiлiн, салт дәстүрiн, мәдениетін жақсы білуі, ден тәрбиесімен және спортпен айналысуы, салауатты өмiр салтын жүргiзуi т.б. талаптарға сай болуы қажет.
Тармақ 7
7. Әр кандидатқа мына құжаттар дайындалады: - ұйымның кандидатты ұсынуы туралы шешiмi; - аты-жөнi (паспорты бойынша), туған жылы, бiлiмi және мамандығы, атағы, наградалары, тұратын мекен-жайы көрсетiлген мiнездеме; - екi сурет /9х12/; - отбасының құрамы және отбасының табысы туралы анықтамалар.
Тармақ 8
8. Облыстық комиссия облыс әкiмiнiң стипендиясын тағайындауға құжаттар қабылдауды әр жылғы мамырдың 1-i мен тамыздың 1-i аралығында, ал 1998 жылы сәуiрдiң 10-ы мен мамырдың 10-ы аралығында жүргiзiледi. Облыстық комиссияға түскен материалдар құжат қабылдау аяқталған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қаралады.