Об установлении публичного сервитута частной компании«CAML Exploration Limited» на земельные участки расположенных на территории Бирликского сельского округа Баянаульского район Қолданыста
Басқа 0
«CAML Exploration Limited» жеке компаниясына
Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі аумағынан
жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылғы 27 тамыздағы №3612-EL қатты пайдалықазбаларды барлауға арналған лицензиясы негізінде, Баянауыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі аумағында қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «CAML Exploration Limited» ЖК:
Тармақша 1
1) жер учаскілерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау келісімі бойынша жүргізілсін;
Тармақша 2
2) қатты пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын;
Тармақша 3
3) жұмыстар аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелерін одан әрі тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтірсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуынбақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Арыстанбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Баянауыл ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «18»желтоқсандағы
№ 245/12 қаулысына
қосымша
Р/с
№
Меншік иесі, жер пайдаланушы
Ауданы, гектар
Нысаналы мақсаты
Сервитут мерзімі
Кадастрлық № 14-205
Жер учаскесінің орналасқан жері
1
«Арман» ШҚ Хакимов Б.Ж.
45,06
Қатты пайдалы қазбаларды барлау
2031 жылғы 26 тамызға дейін
022-020
Баянауыл ауданы, Бірлік ауылдық округі
2
«Атамұра» ШҚ Буламбаев Б.А.
1010,08
022-017
3
Ауданның босалқы жер қоры
29,55
-
Жалпы көлемі
1084,69