Об установлении публичного сервитутачастной компании«CAML Exploration Limited» на земельные участки расположенных на территории Торайгырского и Бирликского сельских округов Баянаульского района Қолданыста
Басқа 0
«CAML Exploration Limited» жеке компаниясына
Баянауыл ауданы Торайғыр және Бірлік ауылдық
округтері аумағынан жер учаскелеріне қауымдық
сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 3612-EL қатты пайдалықазбаларды барлауға арналған лицензиясы негізінде, Баянауыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Баянауыл ауданы Торайғыр және Бірлік ауылдық округтері аумағынан қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «CAML Exploration Limited» ЖК:
Тармақша 1
1) жер учаскілерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау келісімі бойынша жүргізілсін;
Тармақша 2
2) қатты пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын;
Тармақша 3
3) жұмыстар аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелерін одан әрі тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтірсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуынбақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Арыстанбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Баянауыл ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «18»желтоқсандағы
№ 244/12 қаулысына
қосымша
Р/с
№
Меншік иесі, жер пайдаланушы
Ауданы, гектар
Нысаналы мақсаты
Сервитут мерзімі
Кадастрлық № 14-205
Жер учаскесінің орналасқан жері
1
«Жаңа өріс» ЖШС
838,08
Қатты пайдалы қазбаларды барлау
2031 жылғы 26 тамызға дейін
038-005
Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылдық округі
2
Баймухаметов Ж.С.
97,2
038-031
3
Карекин Г.К
144,6
022-087
4
Мухатаева М.Б.
100,5
045-011
5
Ауданның босалқы жер қоры
18,9
-
6
Жортуылова К.М.
101,5
022-022
Баянауыл ауданы, Бірлік ауылдық округі
Жалпы көлемі
1300,78