О установлении права ограниченного целевого пользования (публичный сервитут) на земельные участки для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых частной компании «CAML XD Limited» Қолданыста
Басқа 0
«CAML XD Limited» жеке компаниясына қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «CAML XD Limited» жеке компаниясының өтінішін қарап, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «CAML XD Limited» жеке компаниясына Атбасар ауданы, Борисовка ауылы мен Тельман ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы ауданы 2556,7 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынбай, олармен өтініш берушінің өзі дербес келісе отыра, 2031 жылдың 9 қарашасына дейінгі мерзімге, қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін шектеулі нысаналы пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.
Тармақ 2
2. «CAML XD Limited» жеке компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Атбасар ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.