Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Capital Stroy V» Қолданыста
Басқа 0
«Capital Stroy V» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Capital Stroy V» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2032 жылғы 21 ақпанға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Нығмет Нұрмақов ауылдық округі жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 3566,0 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Capital Stroy V» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
Тармақ 3
3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.
Тармақ 4
4. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Capital Stroy V» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
(2026 жылғы 21 ақпандағы №4132-EL лицензиясы)
Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2026 жылғы «____» ________
№ _____ қаулысына
қосымша
«Capital Stroy V» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
(2026 жылғы 21 ақпандағы №4132-EL лицензиясы)
№
Орналасқан жері
Кадастырлық номері
Жалпы көлемі, га
қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;
1
ШҚ басшысы Егешов Муратбек Болатович
09:133:063:211
225,27
158,32
2
Елді мекеннің жерлері
09:133:063
-
1235,93
3
ШҚ басшысы Ахметов Бекзат Канафинович
09:133:064:100
3000,0
1897,47
4
ШҚ басшысы Капсатаров Омирзак Капиетович
09:133:064:083
3000,0
194,65
5
ШҚ басшысы Ахметов Бекзат Канафинович
09:133:064:148
839,0
70,72
6
ШҚ басшысы Сеилканов Сунгат Сеилканович
09:133:064:158
3121,2848
8,91
Барлығы
3566,0