Об установлении публичного сервитута на земельные участки для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых товариществом с ограниченной ответственностью «COPPER MINING INDUSTRY» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«COPPER MINING INDUSTRY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «COPPER MINING INDUSTRY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2028 жылғы 06 желтоқсанға дейінгі мерзімге Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 863,078 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «COPPER MINING INDUSTRY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуі қажет. Залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.
Тармақ 3
3. «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның 2022 жылғы 06 желтоқсандағы № 1919-EL шекарасындағы жер учаскелерінің тізбесі
Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «30» қыркүйектегі №89/03 қаулысына қосымша Оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның 2022 жылғы 06 желтоқсандағы № 1919-EL шекарасындағы жер учаскелерінің тізбесі №№ Кадастрлық нөмір Участкенің орналасқан жері Жария сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында), га 1. 09-137-037-084 Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, «ЕвразияИнвест Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 603,475 2. 09-137-037-023 Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, «ЕвразияИнвест Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 129,365 3. 09-137-037-080 Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, «ЕвразияИнвест Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 54,328 4. 09-137-037-133 Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, Кабидал Байтулла 75,91 БАРЛЫҒЫ 863,078