Об установлении публичного сервитута на земельные участки для проведения работ по разведке твердых полезных ископаемых товариществом с ограниченной ответственностью «Copper Union Group» Қолданыста
Басқа 0
«Copper Union Group»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігімен қатты пайдалы
қазбаларды барлау жұмыстарын
жүргізу үшін жер учаскелеріне
жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабына, 71-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, Осакаров ауданының Шідерті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін 2031 жылдың 17 ақпанына дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Осакаров ауданының Шідерті ауылының аумағында орналасқан жалпы ауданы 425,8439 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуі қажет. Залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қатты пайдалы қазбаларды барлау шекараларындағы, оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын жер учаскелерінің тізбесі
Осакаров ауданы
Шідерті ауылдық округі
әкімінің 2026 жылғы
«21» қаңтардағы
№1
шешіміне қосымша
Қатты пайдалы қазбаларды барлау шекараларындағы, оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын жер учаскелерінің тізбесі
р/с
Кадастрлық нөмірі
Жер учаскесінің орналасқан жері
Жария сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында), га
1.
09-137-040
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, Шідерті ауылының жерлері
344,9759
2.
09-137-040-183
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, Шідерті ауылының жерлері, Мурсалимов Ардан Жумашевич
0,9040
3.
09-137-040-175
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, Шідерті ауылының жерлері , «Birlik Agro Invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
13,0560
4.
09-137-040-196
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, Шідерті ауылының жерлері, Баймуханова Кунсулу Рахметолловна
65,5640
5.
09-137-040-170
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, Шідерті ауылының жерлері , «Prima Consulting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1,3440
Барлығы
425,8439