Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Copper&Gold» на территории Жанажольского сельского округа Баянаульского района Қолданыста
Басқа 0
«Copper&Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Баянауыл ауданы Жаңажол ауылдық округі аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес және 2020 жылғы 18 ақпандағы № 548-ЕL пайдалы қатты қазбаларды барлауға берілген лицензияның негізінде (2025 жылғы 31 желтоқсандағы лицензияны ұзарту) Жаңажол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Баянауыл ауданы Жаңажол ауылдық округі аумағында қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Copper&Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
Тармақша 1
1) жер учаскілерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау келісім бойынша жүргізілсін.
Тармақша 2
2) пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын;
Тармақша 3
3) жұмыстар аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелерін одан әрі тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтірсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Баянауыл ауданы
Жаңажол ауылдық округі әкімінің
2026 жылғы «20» мамырдағы
№ 1-03/09 шешіміне
қосымша
Р/с
№
Пайдаланушы
Ауданы, гектар
Нысаналы
мақсаты
Пайдалану
мерзімі
(жыл)
Жер телімінің орналасқан
жері
1
«Copper&Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
216,4
Қатты пайдалы қазбаларға барлау жүргізу үшін
2031 жылдың 18 ақпанына дейін
Баянауыл ауданы Жаңажол ауылдық округі аумағында (елді мекендер жерлері 14-205-025)