Об утверждении Методики применения поправочного коэффициента для обеспечения устойчивого функционирования субъектов здравоохранения в период осуществления мероприятий в рамках борьбы с коронавирусной инфекцией COVID-19 Күшін жойған
Басқа 0
COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру кезеңінде денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін түзету коэффициентін қолдану әдістемесін бекіту туралы
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамалық тапсырмасының 3-тармағының 3) тармақшасын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру кезеңінде денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін түзету коэффициентін қолдану әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М.Е. Шорановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 16 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Басқа 1. COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру кезеңінде денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін түзету коэффициентін қолдану әдістемесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 15 желтоқсаны
№ ҚР ДСМ-261/2020
Бұйрығына қосымша
COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру кезеңінде денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін түзету коэффициентін қолдану әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. COVID-19 коронавирустық инфециясымен күрес шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру кезеңінде денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін түзету коэффициентін қолдану әдістемесі COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру кезеңінде денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдардың төсектердің бос тұрып қалуын ескере отырып, түзету коэффициентін қолдана отырып ақы төлеу сомасын есептеуге арналған.
Тарау 2. 2-тарау. COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру кезеңінде денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін түзету коэффициентін қолдануды есептеу
2-тарау. COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру кезеңінде денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін түзету коэффициентін қолдануды есептеу
Тармақ 2
2. COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру кезеңінде денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін түзету коэффициентін есептеу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен ақылы медициналық қызметтер көрсетуден есептелген шығыстар сомасын шегере отырып, зерттелетін кезеңдегі нақты шығыстар сомасы туралы деректер қолданылады.
Тармақ 3
3. Денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етудің түзету коэффициенті рұқсат етілген мәндердің диапазоны 30-дан 75% - ға дейінгі денсаулық сақтау субъектілері бөлінісінде жалпы нақты шығыстардан жалақы мен коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындардың орташа үлесін ескере отырып есептеледі.
n – денсаулық сақтау субъектісі;
– денсаулық сақтау субъектілерінің жалақысына жұмсалған нақты шығыстардың сомасы;
– денсаулық сақтау субъектілерінің коммуналдық қызметтеріне нақты шығыстардың сомасы;
– денсаулық сақтау субъектілері нақты шығыстарының жалпы сомасы;
– денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етудің түзету коэффициенті 0,58 мөлшерінде.
Тармақ 4
4. Денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге ақы төлеу сомасын есептеу үшін денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етудің түзету коэффициенті зерттелетін кезеңдегі игерілмеген сомаға қолданылады:
– қызметтерді сатып алу шарты бойынша 2020 жылғы наурыз-желтоқсан сомасы;
– қызметтерді сатып алу шарты бойынша 2020 жылғы наурыз-желтоқсан нақты орындау сомасы;
– 2020 жылғы қазанның мәлімделген сомасы;
– денсаулық сақтау субъектісінің COVID-19 бар науқастарды емдеуге нақты орындалған сомасы.
Тармақ 5
5. Денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етудің түзету коэффициенті бір рет қолданылады.
Тармақ 6
6. Денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етудің түзету коэффициенті төсектердің 10%-дан астам бос тұру фактісі бар және 2020 жылғы жылдық жоспардың игерілмеуінің болжамды сомалары 90%-дан кем медициналық ұйымдарға қолданылады.