Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к организации и проведению санитарно-противоэпидемических, санитарно-профилактических мероприятий при острых респираторных вирусных инфекциях, гриппе и их осложнениях (пневмонии), менингококковой инфекции, коронавирусной инфекции COVID-19, ветряной оспе и скарлатине» Қолданыста
Басқа 0
«Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Басқа 1. «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі
2021 жылғы 27 мамырдағы
№ ҚР ДСМ -47 бұйрығына
№ 1 қосымша
«Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) аймаққа бөлу – тәуекел дәрежесіне байланысты денсаулық сақтау ұйымдарының аражігін ажырату;
Тармақша 1-1
1-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;
Тармақша 2
2) ауыр жіті респираторлық инфекциялар (бұдан әрі – АЖРИ) – алдыңғы күнтізбелік он күн ішінде пайда болған, анамнезінде жоғары температурамен немесе ≥ 38 Цельсий градус (бұдан әрі – C) қызбамен, жөтелмен сипатталатын және дереу емдеуге жатқызуды қажет ететін ауру;
Тармақша 3
3) әлеуметтік қашықтық – адамдар арасында инфекция жұқытыру тәуекелін төмендетуді қамтамасыз ететін 1,5 метр деңгейдегі қашықтық;
Тармақша 4
4) байланыста болған адам – инфекция қоздырғышының көзімен байланыстағы және (немесе) байланыста болған адам;
Тармақша 5
5) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріндегі шектеу іс-шаралары – топқа қабылдауды және бір топтан екінші топқа ауысуды тоқтату, оқушылардың күні бойы кабнеттер бойынша жүріп-тұруын болдырмауды, көпшілік, ойын-сауық және спорт іс-шараларын шектеуді, науқасты уақтылы оқшаулауды, маска кию режимін енгізуді, санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтуді және жеке гигиенаны сақтауды көздейтін инфекциялық немесе паразиттік аурудың таралуын болдырмауға бағытталған шаралар;
Тармақша 6
6) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (көліктегі) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшысы айқындайтын олардың орынбасарлары;
Тармақша 7
7) бұқаралық іс-шара – бірге тұратын адамдар санын қоспағанда, 10 астам адам қатысатын ойын-сауық, спорт, діни және отбасылық іс-шаралар (үйде өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және кез келген осыған ұқсас іс-шаралар), көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де іс-шаралардың түрлері;
Тармақша 8
8) желшешек – қызбамен, интоксикациямен және дақты-везикулезді бөртпелермен сипатталатын жіті инфекциялық ауру;
Тармақша 9
9) жедел эпидемиологиялық талдау – тұрақты тенденцияны емес, пайда болатын өршулерді (эпидемияларды) анықтауға арналған эпидемиялық процес жағдайының және даму тенденциясын динамикалық бағалау;
Тармақша 10
10) жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – ЖРВИ) – ауа-тамшы жолымен берілетін және тыныс алу (респираторлық) жолдарының сілемейлі қабығын зақымдаумен қоса жүретін тұмау, парагрипп, аденовирустар және респираторлық-синцитиалдық вирустар тудыратын жұқпалылығы жоғары аурулардың тобы;
Тармақша 11
11) инкубациялық кезең – инфекция қоздырғышы организмге түскен сәттен бастап аурудың алғашқы симптомдары пайда болғанға дейінгі уақыттың бөлігі;
Тармақша 12
12) инфекциялық немесе паразиттік ауру ошағы (бұдан әрі – ошақ) – инфекция қоздырғышы науқастан сезімтал адамдарға беріле алатын шектерде оны қоршаған аумағы бар, инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқастың болатын орны;
Тармақша 12-1
12-1) күнделікті эпидемиологиялық қадағалау – эпидемиялық маусым ішінде пневмонияны қоса алғанда, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының жіті респираторлық ауруларының клиникалық көріністерімен халықтың жүгінуі бойынша Қазақстан Республиканда тіркелген аурулар жағдайларының санын есепке алу негізінде жіті респираторлық вирустық инфекциялармен, тұмаумен, COVID-19-бен сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің және олардың асқынуларының (пневмонияға) деңгейі мен динамикасының мониторингілеу;
Тармақша 13
13) реконвалесцент – аурудан сауығу сатысындағы науқас адам;
Тармақша 14
14) ретроспективті эпидемиологиялық талдау – эпидемияға қарсы іс-шараларды перспективалық жоспарлауды негіздеу мақсатында алдағы ұзақ уақыт аралығындағы инфекциялық сырқаттанушылықтың деңгейін, құрылымы мен динамикасын талдау;
Тармақша 15
15) санация – организмді сауықтыру бойынша мақсатқа бағытталған емдеу-профилактикалық шараларын жүргізу;
Тармақша 16
16) скарлатина – ұсақ бөртпелермен (экзантемамен), қызбамен, жалпы интоксикациямен, жіті тонзилит көріністері болатын жіті инфекциялық ауру;
Тармақша 17
17) стационарлық жағдайлардағы шектеу іс-шаралары – медицина қызметкерлері мен пациенттердің жүріп-тұруының ерекше режимін, науқастарды уақтылы оқшаулауды, маска кию режимін енгізуді, дезинфекциялық-стерильдеу режимін күшейтуді және жеке гигиенаны сақтауды көздейтін, инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған шаралар;
Тармақша 18
18) сүзгі – емханада ұйымдастырылатын, міндеті пациенттерді емханаға кіреберісте екі негізгі ағынға: инфекциялық ауруға күдігі бар адамдарға (жоғары температура, этиологиясы белгісіз бөртпе, диспепсиялық бұзылыстар және инфекциялық аурулардың белгілері) және дені сау немесе әртүрлі функционалдық ауытқулары бар адамдарға бөлу болып табылады;
Тармақша 19
19) «таңертеңгілік сүзгі» – білім беру ұйымдарында аңқаны тексеріп-қарап, термометрия жүргізе отырып, ата-аналардан ЖРВИ мен тұмаудың белгілері мен симптомдарының болуын сұрау арқылы балаларды қабылдау;
Тармақша 20
20) тұмау тәрізді аурулар (бұдан әрі – ТТА) – алдыңғы күнтізбелік он күн ішінде пайда болған, ≥ 38 ºC қызбамен және жөтелмен сипатталатын жіті респираторлық вирустық аурулар жағдайлары;
Тармақша 21
21) тұмауды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау (бұдан әрі – ШЭҚ) жөніндегі аймақтық вирусологиялық зертхана – ТТА-ны, АЖРИ-ны және тұмауды ШЭҚ жүйесіне қатысатын вирусологиялық зертханаларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді, сондай-ақ сапаны сырттай бақылауды қамтамасыз ету мақсатында үлгілерді қайта тестілеуді жүзеге асыратын вирусологиялық зертхана;
Тармақша 21-1
21-1) шекті деңгей – бақылаудың көпжылдық деректерін талдау негізінде белгіленген, эпидемиологиялық жағдайды бағалау үшін қолданылатын эпидемиологиялық көрсеткіштің есептік шекті мәні;
Тармақша 22
22) шолғыншы орталықтар – ТТА-ны, АЖРИ-ды және тұмауды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі жүзеге асырылатын медициналық ұйымдар;
Тармақша 23
23) шолғыншы өңірлер – ТТА-ны, АЖРИ-ды және тұмауды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі енгізілген және жүргізілетін әкімшілік аумақтар;
Тармақша 24
24) шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау – Қазақстан республикасында тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық және вирусологиялық сипаттамаларын, тұмаудың экономикалық залалын әлем елдерінің деректерімен салыстыруға мүмкіндік беретін, ТТА туралы ақпаратты және репрезентативті топтардағы ТТА және АЖРИ-мен ауыратын науқастардың материалының үлгілерін жүйелі түрде жинау;
Тармақша 25
25) COVID-19 коронавирус инфекциясы (бұдан әрі – COVID-19) коронавирустар тұқымдасынан шыққан вирустың жаңа түрінен туындаған инфекциялық ауру.
Тарау 2. 2-тарау. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
2-тарау. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония) кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-параграф. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония) кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 3
3. Халықтың ЖРВИ (ТТА, АЖРИ), тұмау және олардың асқынуларымен (пневмония) сырқаттанушылығын санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жыл бойы мониторингілеу түрінде жүзеге асырылады және санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізуді қамтиды.
Тармақ 4
4. ЖРВИ-ды, тұмауды және олардың асқынуларын (пневмония) эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар 1 қазаннан бастап 1 желтоқсан аралығындағы эпидемия алдындағы кезеңдерге және 1 желтоқсаннан бастап 30 сәуір аралығындағы эпидемиялық маусымға бөлінеді.
Тармақ 5
5. Тұмауды, ЖРВИ-ды, ТТА-ны және АЖРИ-ды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жыл бойы жүргізіледі, оның мақсаты амбулаториялық және стационарлық науқастардың тұмаумен сырқаттанушылығын мониторингілеу, халық арасында айналымдағы вирустардың типтерін ерте түсіндіру және тұмау вирусының жаңа, өзгерген түрлерін анықтау болып табылады.
Тармақ 6
6. Эпидемия алдындағы кезеңде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары мынадай іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары және мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының ЖРВИ-ге және тұмауға қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық жедел кешенді іс-шаралар жоспарларын әзірлеуі;
Тармақша 2
2) төсек қорының қажетті көлемін, негізгі тұмауға қарсы препараттар мен құралдардың (вирусқа қарсы препараттар, оксолин майы, ден қызуын төмендететін құралдар, иммундық модульдеуші дәрі-дәрмектер, витаминдер мен минералдар), қарқынды терапия көрсетуге арналған жабдықтың және құралдардың, дезинфекциялау препараттарының және жеке қорғаныш құралдарының резервін құруды көздей отырып, эпидемиялық маусымда сырқаттанушылықтың көтерілуі кезінде медициналық ұйымдардың ЖРВИ және тұмаумен ауыратын адамдарды қабылдауға дайындығы;
Тармақша 3
3) аумақтар, жас ерекшелігі және тәуекел топтары бойынша ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылыққа және олардың асқынуларына (пневмонияларды), сондай-ақ олардан болған өлім-жітімге, тұмауға қарсы вакцинацияланған адамдар арасында, жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылықты жүйелі түрде мониторингілеу (1 қазаннан бастап апта сайын);
Тармақша 4
4) медициналық ұйымдардағы тұмауға қарсы препараттар мен құралдардың резерві мынадай есеппен құралады:
кемінде 10 науқасқа амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда;
кемінде 35 науқасқа амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін стационарларда;
Тармақша 5
5) медициналық ұйымдардың қызметкерлерінің және білім беру ұйымдарының персоналының тұмаудың клиникасы, диагностикасы, оны емдеу және алдын алу мәселелері бойынша семинарлар және нұсқамалар өткізуі;
Тармақша 6
6) «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекітілген Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидаларына сәйкес контингенттерге жыл сайын тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Эпидемиялық кезеңде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқарудың органдары, тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) мынадай:
Тармақша 1
1) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларын (пневмонияларды), сондай-ақ биоматериалды тұмауға және ЖРВИ вирустарына зерделей отырып, оларға байланысты өлім-жітім жағдайларын мониторингілеу;
Тармақша 2
2) аумақтар, жас ерекшелігі және тәуекел топтары бойынша ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылыққа және олардың асқынуларына (пневмонияларды), сондай-ақ олардан болған өлім-жітімге, тұмауға қарсы вакцинацияланған адамдар арасында, жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылықты жүйелі түрде мониторингілеу (1 желтоқсаннан бастап күн сайын);
Тармақша 3
3) халықты жас ерекшелігі, тәуекел топтарының санаттары бойынша тұмауға қарсы иммундауды мониторингілеу;
4) медициналық ұйымдардың ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылықтың жай-күйі және олардың асқынулары (пневмония), сондай-ақ олардан болған өлім-жітім туралы ақпаратты жазбаша немесе электрондық нысанда аумақтық бөлімшелерге ұсынуын;
Тармақша 5
5) аумақтық бөлімшелерімен жергілікті атқарушы органдарды ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылық және олардың асқынулары (пневмониялар) мен олардан болған өлім-жітім, өңірдегі айналымдағы вирус типтерінің белсенділігі және тұмау мен ЖРВИ-дің профилактикасы және оған қарсы күресудің қажетті шаралар бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы жүйелі түрде ақпараттандыру;
Тармақша 6
6) тұмау мен ЖРВИ-дің профилактикасы және оған қарсы күрес шаралары туралы халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу;
Тармақша 7
7) санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда мынадай санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі:
Тармақша 1
1) аумақта және ғимаратта кіреберісте тиісті көрсеткіштері бар сүзгілерді ұйымдастыру және жабдықтау;
Тармақша 2
2) ЖРВИ, ТТА, АЖРИ және тұмау белгілері бар адамдар арнайы бөлінген бөлмеге оқшауланады, содан кей кейін сүзгі бөлімінің мейіргері дәрігерді шақырады;
Тармақша 3
3) дәрігер тексеріп-қарағаннан кейін сүзгі бөлімінің мейіргері дәрігердің нұсқауын орындайды (зерттеуге жағынды алады, инъекция жасайды) және пациент одан әрі амбулаториялық немесе стационарлық жағдайда емдеуге жіберіледі;
Тармақша 4
4) келушілердің емханада болу уақытын шектеу, науқастарды қабылдау үшін қосымша кабинеттер бөлу;
Тармақша 5
5) қосымша телефондар орнату және тұмауға күдігі бар және ауыр, орташа-ауыр түрде өтетін ЖРВИ-мен ауыратын науқастарға консультациялық көмек көрсету және оларды емдеуге жатқызу үшін автомобиль көлік құралын (бұдан әрі – автокөлік құралы) бөлу;
Тармақша 6
6) үйге шақыртуға қызмет көрсету үшін жағдайлар жасау (қосымша автокөлік құралы, жанар-жағармай материалы, тіркеу орнының ауысымдық жұмысын ұйымдастыру, күнтізбелік жеті күнге уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парақтарын беру);
Тармақша 7
7) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларының (пневмониялар) белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға үйге шақыртуларды күн сайын патронажды, уақтылы емдеуге жатқызуды қамтамасыз ету арқылы бірінші кезекте қызмет көрсету;
Тармақша 8
8) ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілуі кезеңінде денсаулық сақтау ұйымдардағы жұмыс күнінің уақытын медициналық ұйымдардың ішкі актілеріне сәйкес сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұзарту;
Тармақша 9
9) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмониялар) бар амбулаториялық науқастарды емдеу үшін вирусқа қарсы препараттардың қорын құру;
Тармақша 10
10) әрбір 3 сағат сайын медициналық маскаларды ауыстыру есебімен, қолданылған жеке гигиена заттарын уақтылы кәдеге жарату арқылы қызметкерлерді бір рет қолданылатын маскалармен қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) адамдар бар кезінде ауаны зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы құрылғыларды пайдалану;
Тармақша 12
12) санитариялық тораптарды сұйық сабыны бар дозаторлармен, электр кептіргіштермен немесе бір рет қолданылатын қағаз сулықтармен, қолданылған маскаларды және сулықтарды жинауға арналған педалі бар қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) медициналық ұйымдардың үй-жайларында кемінде + 18ºС температуралық режимді қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) тұмауға және респираторлық вирустық инфекцияларға күдікті науқастардан уақтылы материал алуды (ауру сәтінен бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірмей) қамтамасыз ету. Іріктеп алынған үлгілер вирустық-көліктік ортасы бар түтікшеге, содан кейін салқын элементтері бар термоконтейнерге салынады және вирусологиялық зертханаларға алынған күні немесе келесі күні, алынған сәттен бастап зертханаға түскенге дейін 48 сағат ішінде (рұқсат етілетін ең ұзақ мерзім – 72 сағат) тасымалданады. Медициналық мекемеде сұйық азотты пайдаланбай, 72 сағатқа дейін 2-800С температурада сақтау қамтамасыз етіледі. Тасымалдау үш рет қаптамалау және салқын тізбек қағидаларын сақтай отырып, алдын ала мұздатусыз термоконтейнерлерде жүргізіледі;
Тармақша 15
15) тұмауға күдікті науқастардан материал алу үшін шығыс материалдары мен көліктік орталардың қорын жасау және күнтізбелік жеті күннен асырмай температуралық режимді сақтай отырып, көліктік ортаны уақытша сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) пациенттер болатын жерлерде ЖРВИ мен тұмаудың профилактикасы туралы көрнекі ақпаратты орналастыру (стендтер, кітапшалар, үнпарақтар, плакаттар, тұмаудың профилактикасы жөнінде бейнематериалдар көрсету).
Тармақ 9
9. Медициналық ұйымдарда (стационарлар, босандыру ұйымдары мен бөлімшелер) мынадай санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі:
Тармақша 1
1) ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілу кезеңінде соматикалық бөлімшелердегі төсектерді инфекциялық ауруларға арналған төсек ретінде қайта бейіндеу;
Тармақша 2
2) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмониялар) бар науқастарды емдеу үшін препараттардың, сондай-ақ дезинфекциялық препараттардың тізбесіне сәйкес дезинфекциялау құралдарының қорын сатып алу;
Тармақша 3
3) тұмауға және респираторлық вирустық инфекцияларға күдікті науқастардан уақтылы материал алуды (ауру сәтінен бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірмей) қамтамасыз ету. Іріктеп алынған үлгілер вирустық-көліктік ортасы бар түтікшеге, содан кейін салқын элементтері бар термоконтейнерге салынады және вирусологиялық зертханаларға алынған күні немесе келесі күні, алынған сәттен бастап зертханаға түскенге дейін 48 сағат ішінде (рұқсат етілетін ең ұзақ мерзім – 72 сағат) тасымалданады. Медициналық мекемеде сұйық азотты пайдаланбай, 72 сағатқа дейін 2-800С температурада сақтау қамтамасыз етіледі. Тасымалдау үш рет қаптамалау және салқын тізбек қағидаларын сақтай отырып, алдын ала мұздатусыз термоконтейнерлерде жүргізіледі;
Тармақша 4
4) тұмауға күдікті науқастардан материал алу үшін шығыс материалдары мен көліктік орталардың қорын сатып алу және күнтізбелік жеті күннен асырмай температуралық режимді сақтай отырып, көліктік ортаны уақытша сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) ЖРВИ және тұмау белгілері бар пациенттерге медициналық көмек көрсететін персоналды жеке қорғаныш құралдарымен (бір рет қолданылатын медициналық маскалар, халаттар, қолғаптар) қамтамасыз ету; әрбір 3 сағат сайын медициналық масканы ауыстыру есебімен қызметкерлерді бір рет қолданылатын маскалармен қамтамасыз ету; олардың қайта пайдаланылуына жол бермеу;
Тармақша 6
6) медицина қызметкерлерінің стационар бөлімшелерінде жүріп-тұруын және шектеу іс-шараларын жүргізу кезінде келушілердің санын шектеу арқылы медицина персоналы үшін маска кию режимін енгізу;
Тармақша 7
7) денсаулық сақтау ұйымдардың үй-жайларында кемінде +18ºС, босандыру блогының үй-жайларында кемінде +22 ºС температуралық режимді қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) палаталарды терезе ойықтары арқылы күніне кемінде үш рет желдету;
Тармақша 9
9) ауаны зарарсыздандыруға арналған құрылғыларды пайдалану;
Тармақша 10
10) стационарда пациенттер мен қызметкерлер арасында ЖРВИ және тұмау белгілері бар адамдарды анықтауды ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) ЖРВИ мен тұмауға болжамды күдігі бар пациенттерді жеке үй-жайларға немесе блоктарға (палаталар, бокстар, бөлімшелер, секциялар) оқшаулау;
Тармақша 12
12) тұмаумен ауруханаішілік сырқаттанушылық жағдайларын есепке алуды және тіркеуді жүргізу, тұмаудың өршу себептерін тергеп-тексеру және оны шоғырландыру бойынша шаралар қабылдау.
Тармақ 10
10. Білім беру ұйымдарында мынадай санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі:
Тармақша 1
1) балалардың қатыспау себептерін анықтау және сырқаттану жағдайлары туралы медициналық ұйымдарға аумақтық бөлімшеге хабарлау арқылы балалар мен қызметкерлердің күнделікті келуіне мониторинг жүргізу;
Тармақша 2
2) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінде топтық оқшаулауды сақтай отырып, жіті респираторлық ауру белгілері бар оқушылар мен педагогтарды сабаққа жібермеу үшін әрбір ауысымның алдында «таңертеңгілік сүзгі» ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 3
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру объектілерінде, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтарында, интернат ұйымдарында, пансионаттарда, баспаналарда сұрау, сырттай қарау, көрсеткіштері бойынша – қызу өлшеу арқылы әрбір ауысымдағы сабақ басталғанға дейін балалар мен жасөспірімдерге күнделікті сүзгі ұйымдастыру; әрбір қабатта немесе сыныпта ЖРВИ мен тұмауға күдікті балаларды уақтылы анықтау үшін санитариялық посттардың жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) «таңертеңгілік сүзгі» кезінде анықталған ЖРВИ мен тұмаудың белгілері бар балаларды (қызметкерлерді) уақтылы сабақтан (жұмыстан) шеттетуді ұйымдастыру, медициналық пунктке немесе учаскелік дәрігерді үйге шақыру үшін үйге жіберу;
Тармақша 5
5) ауырған балаларды ата-аналары келгенге дейін тиісті күтімді қамтамасыз ете отырып, бір күннің ішінде изоляторға ауыстыруды ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) балаларды медициналық ұйымдарға шұғыл жағдайларда емдеуге жатқызу;
Тармақша 7
7) медициналық пункт пен изоляторларды қажетті медициналық жабдықпен және дәрі-дәрмекпен (термометрлер, қалақшалар, бір рет қолданатын маскалар, тұмауға қарсы препараттар) қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) үй-жайларда + 18 ºС-тан + 22 ºС-қа дейін температуралық режимді қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) ерекше бейіндегі үй-жайларды қатаң түрде мақсаты бойынша пайдалану;
Тармақша 10
10) оқу кабинеттерінде, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында балаларды желдетілетін үй-жайлардан шығару кезінде үзілістердің ұзақтығын 10 минуттан 15 минутқа дейін созу арқылы желдету режимін күшейту;
Тармақша 11
11) санитариялық тораптарды сұйық сабынмен, бір рет қолданылатын сүлгілермен (сулықтармен) қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) пайдаланылған бір рет қолданылатын медициналық маскалар мен сулықтарды жинау үшін педальмен жарақталған қоқыс жәшіктерін орнату;
Тармақша 13
13) оқушыларға жеке гигиена ережелерін сақтау және ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мәселелері бойынша тақырыптық диктанттар жаздыруды жүргізу;
Тармақша 14
14) ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілуі кезеңінде көпшілік және ойын-сауық іс-шараларын өткізуді шектеу:
бір сыныптағы (топтағы) балалар арасында сыныптағылар санының 20%-дан 30%-ына дейінгісі ЖРВИ-мен топтық сырқаттануы анықталған жағдайда байланыста болған адамдарға күнтізбелік жеті күнге медициналық бақылау белгіленеді, жалпы білім беру ұйымдарында бір күн ішінде кабинеттер бойынша оқушылардың жүріп-тұруы болмайды, ЖРВИ-мен ауыратын соңғы науқас анықталғаннан кейін инкубациялық кезеңнің ішінде топтарға (сыныптарға) жаңа балаларды қабылдауға тыйым салынады;
эпидемиялық процеске білім беру ұйымдарының сыныптары (топтары) санының жалпы ауырғандар саны 30% және одан көп ЖРВИ-мен ауыратын науқастар тартылған жағдайда оқушыларды қашықтықтан оқытуға ауыстыру жүзеге асырылады, мектепке дейінгі ұйымдарда ЖРВИ-мен ауыратын соңғы науқас анықталған кезден бастап бір инкубациялық кезең ішінде тәрбиелеу және білім беру объектілерінде оқу процесін уақытша тоқтата тұру жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Алдыңғы аптамен салыстырғанда ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылықтың апта сайынғы шекті деңгейі 1,5 және одан да көп есе артқан немесе сырқаттанушылық көрсеткіштері өскен кезде аумақтарда шектеу іс-шаралары енгізіледі.
Тармақ 12
12. ЖРВИ-мен, тұмаумен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Стационарға жатқызу тұмау мен ЖРВИ диагностикасы және оларды емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес көрсетілімдер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Науқастарды емдеуге жатқызу үшін эпидемиологиялық көрсетімдер олардың сәбилер үйлерінде, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, интернаттарда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, жатақханаларда тұруы болып табылады.
Тармақ 15
15. Зертханалық зерттеулер үшін биоматериалдарды алуды, сақтауды және жеткізуді медициналық ұйымның оқытылған медицина қызметкері қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. ЖРВИ-мен (ТТА, АЖРИ), тұмаумен және олардың асқынуларымен (пневмониялар) ауыратын науқастардан алынған материалды зерттеуді, тұмауға және тұмау емес вирустарға зерттеу көлемін анықтауды, зертханалық шығыс құраларының қорын қамтамасыз етуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ұйымдары жүргізеді.
Тармақ 17
17. Күнделікті эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде зертханалық зерттеулер үшін биоматериал алуды денсаулық сақтау ұйымының жауапты медицина қызметкерлері ай сайын ерекше ауыр салдарлары бар жағдайларды қоса алғанда немесе ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиялық маусымында жағдайлар кластері болған кезде аурудың айқын белгілері бар оннан аспайтын ЖРВИ-мен және тұмаумен ауыратын науқастан жүргізеді.
Тармақ 18
18. ТТА және АЖРИ шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі кезінде шолғыншы орталықтардың тізімін, олардың жұмыс кестесі мен ШЭҚ шеңберінде жұмысты ұйымдастыруға жауапты адамның функционалдық мiндеттерiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшылары мен шолғыншы өңірлердің аумақтық бөлімшелерінің басшылары айқындайды және бекітеді.
Жоспарлы зерттеп-қарау кезінде шолғыншы орталықтар басшыларында қорытындыларын бағалауды талқылай отырып, әдістемелік және практикалық көмек көрсету кезінде эпидемия алдындағы және эпидемиялық маусымдарда медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне сауалнама жүргізу және көзбен шолып бақылау жолымен шолғыншы орталықтардың жұмыс сапасын бағалау жүргізіледі.
Тармақ 19
19. ШЭҚ-ты ұйымдастыру сапасын бағалау өлшемшарттары мыналар болып табылады: шолғыншы орталықтарда ТТА-мен және АЖРИ-мен ауыратын науқастарды есепке алу қағидаттарын сақтау және олардың ТТА мен АЖРИ жағдайларының стандартты анықтамаларына сәйкес келуі, эпидемиологиялық және клиникалық, ТТА мен АЖРИ жағдайларын зертханалық зерттеп-қарау деректерін толық жинау, ШЭҚ жүйесінің барлық сатыларында апталық есеп беруді уақтылы және толық ұсыну, деректерді сапалы талдау және олардың уақтылы таралуын қамтамасыз ету, сапаны сырттай бақылау бағдарламасына қатысу.
Тармақ 20
20. ТТА-ШЭҚ жүйесі мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) 0-4, 5-14, 15-29, 30-64, 65 және одан жоғары жас топтары және науқастарды зертханалық зерттеп-қарау бойынша тұрғындардың ЖРВИ және ТТА бойынша жүгінуі туралы деректерді аумақтық бөлімшелерге ауызша немесе электрондық нысанда апта сайын ұсыну;
Тармақша 2
2) ЖРВИ-мен, ТТА-мен сырқаттанушылық көрсеткіштерін және ЖРВИ ішіндегі ТТА-ның үлесін есептеу үшін эпидмаусым алдында 0-4, 5-14, 15-29, 30-64, 65 және одан жоғары жас ерекшелік топтарындағы қызмет көрсетілетін тұрғындар саны туралы ақпарат беру;
Тармақша 2-1
2-1) 0-4, 5-14, 15-29, 30-64, 65 және одан үлкен жас топтары бойынша ЖРВИ жағдайларының ішінен стандартты анықтамаға сәйкес келетін ТТА жағдайын есептеу туралы ақпарат ұсыну;
Тармақша 3
3) дәрігердің қабылдауы және (немесе) үйде шақыруларға қызмет көрсету кезінде жас тобын, жынысын, ЖРВИ диагнозын және ТТА стандартты анықтамасына сәйкестігін көрсете отырып, аурудың ұзақтығы күнтізбелік он күннен аспайтын ЖРВИ диагнозы бар науқастарға күнделікті ақпарат жинау;
Тармақша 4
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары ТТА бойынша барлық шолғыншы орталықтар үшін сынамаларды алудың бірыңғай кестесін бекітеді. Кесте бойынша әр апта сайын шолғыншы өңірдегі емханалардың бірі ТТА-мен ауыратын науқастарды іріктеп алады және аптасына бір күн (бір айда төрт апта болғанда айына бір күн немесе бес апта болғанда, сондай-ақ өңірде екі шолғыншы емхана болған жағдайда айына екі апта (екі күн), ) сынама алуды жүргізеді;
Тармақша 5
5) құрамына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің вирусологы және әрбір емхананың клиницисті кіретін көшпелі бригаданың жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) үлгілерді алу бригаданың шығуы қарсаңында (шығатын күннің алдыңғы күні) шолғыншы орталықтың оқытылған орта медицина қызметкері алдын ала қалыптастырылған және нөмірленген тізім бойынша бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырады. Тізімге осы күні ТТА-мен жүгінген барлық адамдар (шақырулар, жүгіну және сүзгінің жиынтығы) енгізіледі;
Тармақша 7
7) іріктеуді шолғыншы емхананың ШЭҚ бойынша жауапты дәрігері қалыптастырады. Сынамалар алу үшін іріктеуге енгізу өлшемшарты жағдайдың ТТА жағдайының стандартты анықтамасына сәйкестігі болып табылады, сынамаларды алу 15-20 жағдайда жүргізіледі. 20-дан астам науқас жүгінген кезде жүйелі іріктеу қолданылады;
Тармақша 8
8) ТТА жағдайының стандартты анықтамасына сәйкес келетін 0 және одан үлкен жастағы науқастардан материал алу;
Тармақша 9
9) материал алынған әрбір ТТА-мен ауыратын науқасқа сәйкестендіру нөмірін бере отырып және науқас туралы ақпаратты көрсете отырып, зертханаға жолдаманы толтыру;
Тармақша 10
10) аумақтық бөлімшелердің эпидемиологтары (сауалнаманың эпидемиологиялық бөлігі) және филиалдардың вирусологтары (сауалнаманың зертханалық бөлігі) ЖРВИ және тұмауды электрондық бақылау жүйесіне ТТА онлайн режимде тұрақты енгізуі.
Тармақ 21
21. АЖРИ-ді ШЭҚ жүйесі:
Тармақша 1
1) АЖРИ-мен ауыратын науқастарды толық және уақтылы анықтау мақсатында шолғыншы орталықтар мынаны қамтамасыз етеді: апта сайынғы деректерді аумақтық бөлімшелерге ұсына отырып, науқастардың барлық жүгінуі кезінде стандартты анықтамаға сәйкес келетін және аурудың ұзақтығы күнтізбелік он күннен аспайтын АЖРИ жағдайларына есептеу жүргізу;
Тармақша 2
2) ЖРВИ және (немесе) өкпенің жіті ауруларымен және (немесе) ЖРВИ вирустары тудырған созылмалы аурулардың асқынуларымен аурудың алғашқы күнтізбелік он күнінде келіп түскен науқастарға «АЖРИ – «иә немесе жоқ» қорытындысын ресімдеуді жеңілдету үшін науқаста болатын симптомдар «V» белгісімен көрсетілетін жерде, стационарлық пациенттің медициналық картасының қолайлы жеріне «АЖРИ симптомдары бар» деген мөртабан қойылады;
Тармақша 3
3) барлық диагноздармен шолғыншы бөлімшелерге (немесе барлық бөлімшелері АЖРИ-мен ауыратын адамдарды қабылдаған жағдайда стационарға), оның ішінде тұмау маусымында қосымша бөлімше ашылған жағдайда, емдеуге жатқызылған адамдардың жалпы санынан жас ерекшелік топтары бойынша АЖРИ-мен ауыратын барлық емдеуге жатқызылған науқастарды есептеу жүргізіледі. Шолғыншы стационарларда сканерлер мен компьютерлер болған жағдайда, апта сайынғы есептер автоматты түрде қалыптастырылады;
Тармақша 4
4) есеп мыналарды қамтиды: ЖРВИ вирустары тудырған барлық диагноздармен (ЖРВИ және (немесе) жіті өкпе ауруы және (немесе) өкпенің созылмалы ауруының асқынуы) ауырған сәтінен бастап күнтізбелік он күн ішінде: 0-4, 5-14, 15-29, 30-64, 65 және одан жоғары жас ерекшелік топтары бойынша шолғыншы бөлімшеге емдеуге жатқызылған науқастар саны, оның ішінде АЖРИ «иә»: 0-4, 5-14, 15-29, 30-64, 65 және одан жоғары жас ерекшелік топтары бойынша; 1000 адамға шаққанда АЖРИ «иә» көрсеткіші: 0-4, 5-14, 15-29, 30-64, 65 және одан жоғары жас ерекшелік топтары бойынша; 1-4, 5-14 жас ерекшелік топтары бойынша ауырған сәтінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде және 15-29, 30-64, 65 және одан жоғары жас ерекшелік топтары бойынша ауырған сәтінен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде зертханалық зерттеп-қаралған АЖРИ жағдайларының саны және олардың нәтижелері;
Тармақша 5
5) сынама алу үшін іріктеуге енгізу өлшемшарты жағдайдың АЖРИ жағдайының стандартты анықтамасына сәйкестігі болып табылады. Материалды алу АЖРИ жағдайының стандартты анықтамасына сәйкес келетін 0 және одан үлкен жастағы науқастардан жүргізіледі;
Тармақша 6
6) АЖРИ-мен ауыратын науқастардан үлгілерді алу аумақтық бөлімшемен келісілген кестеге сәйкес аптасына екі рет жүргізіледі. Кесте бойынша белгіленген екі күнде тәулігіне АЖРИ-мен ауруханаға жатқызылған алғашқы 10 науқастан алынады, бір апта ішінде тексерілгендер саны 20-ны құрайды. Бір күнде АЖРИ-мен ауыратын 10-нан аз науқас ауруханаға жатқызылған кезде сынама алу АЖРИ жағдайының стандартты анықтамасына, науқастың ауырлығына, жасына немесе басқа да факторларға қарамастан, сынама алуға науқасты қосу және оның келісімі өлшемшарттарына сәйкес келетін барлық адамдардан жүргізіледі;
Тармақша 7
7) зертханалық зерттеп-қаралған АЖРИ жағдайларының стационарлық пациенттің медициналық картасының ыңғайлы жеріне мынадай деректерді белгілейді: науқас реанимация бөлімінде болды «-» «+»; өкпені жасанды желдетуді қабылдады «-» «+»; оттекті терапияны (маска немесе мұрын катетері арқылы) қабылдады «-» «+»;аурудан сауықты «-» «+»; қайтыс болды «-» «+»; қайтыс болған күні;
Тармақша 8
8) науқас стационардан шыққаннан кейін осы Санитариялық қағидалардың 21-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген деректер аумақтық бөлімшелерге беріледі;
Тармақша 9
9) әрбір зертханалық зерттеп-қаралған АЖРИ жағдайы үшін сауалнама және вирусологиялық зертханаға жолдама толтырылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Менингококк инфекциясы кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
2-параграф. Менингококк инфекциясы кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 22
22. Менингококк инфекциясының клиникалық ағымында оқшауланған (менингококк тасымалдаушылық, назофарингит) және генерализацияланған (менингит, менингококкцемия, аралас) түрлері бөлінеді. Менингококк инфекциясы кезінде инкубациялық кезең екі күннен он күнге дейін, көбіне екі-төрт күн жалғасады.
Тармақ 23
23. Үш-бес күн бойы бірқалыпты қызбамен өтетін, улану симптомдары мен ринофарингит әлсіз көрінетін және клиникалық симптомдары бойынша жіті респираторлық аурулардан айырмашылығы жоқ жіті назофарингит диагнозы тек мұрын-жұтқыншақ сілемейін бактериологиялық зерттеудің оң нәтижесінің негізінде қойылады.
Тармақ 24
24. Менингит жіті, қалтыраудан және қызбадан, бастың қатты ауыруынан және құсудан басталады. Науқастарда жарықтан қорқу, гиперакузия, терінің гиперестезиясы дамиды, содан кейін қозу және қозғалыс мазасыздығы, сананың ессіз күйден комаға дейін бұзылуы қосылады, менингеалды симптомдар өршиді. Айқын білінетін улану, сананың бұзылуы, құрысу, талықсу, бас сүйек-ми жүйкелерінің парезі, атаксия, гемипарездер және параличтер, нистагм, мишықтың бұзылуы менингоэнцефалитті көрсетеді.
Тармақ 25
25. Менингококцемия (менингококкты сепсис) науқастарда көбінесе назофарингиттен жіті басталады. Дене температурасы 40 °С дейін және одан жоғары көтеріледі, улану симптомдары айқын көрінеді. Ауруға тән симптом денеде, аяқ-қолдарда, бөкседе ауру басталғаннан 12-48 сағаттан кейін геморрагиялық бөртпе пайда болады. Бөртпе элементтері әртүрлі түрде болар-болмас байқалатын петехиядан үстіңгі бетке шығып тұратын қып-қызыл түсті теріге ірі қан құйылуға дейін болады. Қан құйылу ортасында некроз болады. Менингококцемия кенеттен болатын сипатқа ие болады, ол кезде қатты басталады, кенеттен қалтырау, қорқыныш сезімі пайда болады. Дене температурасы 40-41 °С дейін көтеріледі, содан кейін инфекциялық-уытты шок дамуына қарай жылдам төмендейді. Демікпе, тахикардия артады, артериялық қысым төмендейді, ауру басталғаннан 6-48 сағаттан кейін өлім жағдайы болады.
Тармақ 26
26. Менингококк инфекцияларымен сырқаттанушылықты эпидемиологиялық қадағалау мынадай санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтиды:
Тармақша 1
1) профилактикалық іс-шаралардың, ұзақ мерзімдік бағдарламалық-нысаналы жоспарлаудың тізбесін, көлемін және өткізу мерзімдерін негіздеу мақсатында аумақтық бөлімшелері жыл сайын өткізетін менингококк инфекцияларымен сырқаттанушылықты ретроспективті эпидемиологиялық талдау. Менингококк инфекцияларының құрылымын нозологиялық түрлер бойынша зерделеу, «тәуекел топтарын» анықтау үшін халықтың жеке жас ерекшелік, әлеуметтік, кәсіптік топтардағы және жеке ұжымдардағы сырқаттанушылық деңгейін бағалау қажет;
Тармақша 2
2) сырқаттанушылықтың басталған көтерілуін уақтылы анықтау, оның себептерін анықтау және жедел эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу үшін аумақтық бөлімшелері ай сайын өткізетін менингококк инфекцияларымен сырқаттанушылықты жедел эпидемиологиялық талдау. Апталар, айлар бойынша, өсу қорытындысымен ағымдағы сырқаттанушылықты салыстыру, осы аумаққа тән сырқаттанушылықтың бақылау деңгейлерімен салыстыру жүргізіледі.
Тармақ 27
27. Ауруханаішілік ауруларды болдырмау мақсатында аумақтық бөлімшелер медициналық ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, сәбилер үйлерінде, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің сақталуына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау жүргізеді.
Тармақ 28
28. Менингококк инфекциясымен ауыратын науқастарды және оған күдікті адамдарды анықтауды барлық денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері амбулаториялық қабылдау, үйге бару, медициналық тексеріп-қарау, емдеуге жатқызу және денсаулық сақтау ұйымдардың қабылдаулары кезінде жүргізеді. Диагноз аурудың клиникалық белгілері, зертханалық зерттеу және эпидемиологиялық анамнез деректері негізінде қойылады.
Тармақ 29
29. Менингококк инфекциясына бір реттік зертханалық зерттеп-қарау халықтың мынадай санаттарына:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау ұйымдарға жүгінген кезде менингококк инфекциясына күдікті науқастарға;
Тармақша 2
2) стационарға түскен кезде психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда;
Тармақша 3
3) мектеп-интернаттарға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына және сәбилер үйлеріне ресімдеген кезде балаларға;
Тармақша 4
4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарда ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушыларға;
Тармақша 5
5) ауырып суыққан менингококк инфекциясынан кейін реконвалесценттерге;
Тармақша 6
6) инкубациялық кезеңде менингококк инфекциясымен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарға жүргізіледі. Балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында және сәбилер үйлерінде байланыста болған адамдарды зертханалық зерттеп-қарау үш-жеті күн аралықпен кемінде екі рет жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Осы Санитариялық қағидалардың 29-тармағының 1), 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды диагностикалық мақсатта менингококк инфекциясына зертханалық зерттеп-қарауды денсаулық сақтау ұйымдар жүргізеді.
Тармақ 31
31. Осы Санитариялық қағидалардың 29-тармағының 2), 3), 4), 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарды профилактикалық мақсатта менингококк инфекциясына зертханалық зерттеп-қарауды филиалдар жүргізеді.
Тармақ 32
32. Эпидемиологиялық жағдай асқынған кезде халықтың белгілі бір топтарына зертханалық зерттеп-қарау жүргізіледі. Зерттеп-қараудың көлемі мен құрылымын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдары және аумақтық бөлімшелер айқындайды.
Тармақ 33
33. Эпидемиологиялық зерттеп-қарау аурудың әр жағдайы тіркелген кезде жүргізіледі.
Тармақ 34
34. Менингококк инфекциясы жағдайы тіркелген балалардың мектепке дейінгі ұйымдарында, орта білім беру ұйымдарында соңғы науқас оқшауланған сәттен бастап күнтізбелік он күнге карантин белгіленеді. Бұл мерзім ішінде жаңа және уақытша болмаған балаларды қабылдауға, сондай-ақ балалар мен персоналды бір топтан екінші топқа ауыстыруға тыйым салынады.
Тармақ 35
35. Науқаспен байланыста болған барлық адамдар соңғы науқас оқшауланған сәттен бастап күнтізбелік он күн бойы күнделікті клиникалық тексеріп-қарау және термометрия арқылы медициналық бақыланады. Тексеріп-қарауды жүргізуге отоларингологтар тартылады. Науқастармен байланыста болған және мұрын-жұтқыншақта катаральды құбылыстар бар адамдарға профилактикалық емдеу жүргізіледі.
Тармақ 36
36. Зертханалық зерттеп-қараудың оң нәтижелері анықталған адамдар тасымалдаушы ретінде қаралады. Оларды емдеу, есепке алу жүргізіледі, оларға медициналық бақылау белгіленеді.
Тармақ 37
37. Айналасындағылар үшін эпидемиялық қауіп төндіретін тасымалдаушыларды аумақтық бөлімшелер жұмыстан шеттетеді және бір рет теріс нәтиже болғанда ұжымдарға жіберіледі, зерттеуге арналған материал емдеу аяқталғаннан кейін үш күннен соң мұрын-жұтқыншақтан алынады.
Тармақ 38
38. Ошақтарда қорытынды дезинфекциялау және науқастарды тасымалдайтын көлікті өңдеу жүргізілмейді.
Тармақ 39
39. Үй-жайларды желдету, ылғалды жинау, жатын бөлмелерде, оқу үй-жайларында және ойын бөлмелерінде науқаспен байланыста болған адамдарды барынша алшақтату ұйымдастырылады.
Тармақ 40
40. Менингококк инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша жүргізіледі.
Тармақ 41
41. Менингококк инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін клиникалық көрсетімдер:
Тармақша 1
1) генерализацияланған түрі;
Тармақша 2
2) улану симптомдары және назофарингиттің өршуі.
Тармақ 42
42. Менингококк инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін эпидемиологиялық көрсетімдер:
Тармақша 1
1) науқастың тұратын жері бойынша қажетті эпидемияға қарсы режимді сақтаудың мүмкін еместігі (әлеуметтік-қолайсыз отбасылар, жатақханалар және коммуналдық пәтерлер);
Тармақша 2
2) медициналық ұйымдардағы, мектеп-интернаттардағы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы, сәбилер үйлеріндегі, санаторийлердегі, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарындағы, жазғы сауықтыру ұйымдарында және демалыс үйлеріндегі ауру жағдайлары.
Тармақ 43
43. Менингококк инфекциясынан кейін реконвалесценттерді ауруханадан шығару:
Тармақша 1
1) оқшауланған түрі кезінде – клиникалық сауыққаннан кейін және бактерияға қарсы терапия аяқталғаннан күнтізбелік үш күннен кейін мұрын-жұтқыншақ сілемейінің бір реттік теріс бактериологиялық зерттеуінен кейін;
Тармақша 2
2) генерализацияланған түрі кезінде – клиникалық сауыққаннан кейін және бактерияға қарсы терапия аяқталғаннан күнтізбелік үш күннен кейін екі күндік аралықпен мұрын-жұтқыншақ сілемейінің екі реттік теріс бактериологиялық зерттеуінен кейін жүргізіледі.
Тармақ 44
44. Менингококк инфекциясымен ауырып сауыққан адамдар білім беру ұйымдарына стационардан шыққан соң немесе науқас үйде назофарингитпен ауырып сауыққаннан кейін күнтізбелік бес күн өткен соң бір рет теріс бактериологиялық зерттеуден кейін жіберіледі.
Тармақ 45
45. Менингит және менингоэнцефалит реконвалесценттері невропатологта екі жыл бойы бақылауда болады (бірінші жылы үш айда бір рет, кейінгі жылы алты айда бір рет).
Тармақ 46
46. Менингококк инфекциясының және іріңді менингиттердің зертханалық диагностикасы қоздырғышты бөлу және сәйкестендіру арқылы бактериологиялық әдіспен (мұрын-жұтқыншақтың сілемейі), бояу арқылы бактериоскопиялық әдіспен, организм сұйықтықтарында (ликвор, қан және синусоидалды сұйықтық) ерекше антигендерді немесе қан сарысуында антиденелерді бөлу арқылы серологиялық әдіспен, биологиялық материалда (сынамада) нуклеин қышқылының айқын фрагменттерінің кіші шоғырлануын елеулі арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін полимеразды тізбекті реакция (бұдан әрі – ПТР) әдісімен жүзеге асырылады. ПТР биологиялық материалдағы қоздырғыштарды анықтаудың шұғыл әдістерінің ішіндегі анағұрлым сезімтал және ерекше әдіс болып табылады: көптеген белгілі микроорганизмдерді, оның ішінде өсірілмейтін микроорганизмдерді анықтау үшін үлгіде дезоксирибонуклеин қышқылының бірнеше молекуласының болуы жеткілікті. Жұлын сұйықтығын бөлме температурасында сақтау, мұздату-еріту (үш ретке дейін) сияқты факторлар әдістің сезімталдығына әсер етпейді. Молекулярлық-биологиялық әдістер үшін жоғары өнімділік, нәтижені алу жылдамдығы (бірнеше сағаттың ішінде, таза өсірінділерді бөлмей сәйкестендіру жүргізуге мүмкіндік береді) тән.
Тармақ 3. 3-параграф. COVID-19 коронавирустық инфекциясы кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3-параграф. COVID-19 коронавирустық инфекциясы кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 47
47. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте COVID-19 таралуына жол бермеу үшін бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 21853 болып тіркелді) және Кодекстің 38- және 104-бабтарына сәйкес қабылданған бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес шаралар қабылдайды.
Тармақ 48
48. COVID-19 таралу қаупі туындауының алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер мыналарды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағына шетелден кіруді (Қазақстан Республикасының аумағынан шығуды) және жекелеген өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада) көлік құралдарының (әуе, темір жол, автомобиль жолдарының) қозғалысын шектеуді;
Тармақша 2
2) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық, діни және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ босану, үйлену тойына, қайтыс болуға байланысты отбасылық салттарды ұйымдастыру мен өткізуді шектеуді;
Тармақша 3
3) объектілерде техникалық тіркеу құралдарын (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қолдануға арналған бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық платформалар) енгізуді және пайдалануды қоса алғанда, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет объектілерінің қызметін шектеуді;
Тармақша 4
4) карантин кезеңінде мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілей отырып, олардың қызметін шектеуді;
Тармақша 5
5) қоғамдық орындарға, өнеркәсіптік аумақтарға, әуежайларға, ауладағы балалар алаңдарына және тұрғын үй объектілеріне санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізілуін бақылауды;
Тармақша 6
6) кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қолдануға арналған бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық платформаларды пайдалануын бақылауды;
Тармақша 7
7) объектілердің, сондай-ақ COVID-19-бен ауыратын науқастардың және олармен байланыста болған адамдардың объектіге баруы кезінде шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантинді сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 49
49. Санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін жерлерде және (немесе) объектілерде COVID-19 таралуына жол бермеу үшін:
Тармақша 1
1) COVID-19 жұқтыру тәуекелі жоғары адамдар тобын айқындау;
Тармақша 2
2) жеке қорғаныш құралдарын және антисептиктерді пайдалану, оның ішінде ашық ауада (көшеде, үйден тыс жерде) медициналық маскаларды кию;
Тармақша 3
3) байланыссыз термометрия құралдарын пайдалана отырып, үй-жайға кіреберістегі термометрия;
Тармақша 4
4) адамдардың әлеуметтік алыстауы;
Тармақша 5
5) әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен үй-жайлардың толтырылуын сақтау;
Тармақша 6
6) үй-жайларды желдету және дезинфекциялау;
Тармақша 7
7) стационарлардың жұмыс істеуі;
Тармақша 8
8) қызмет көрсету саласындағы объектілерде жұмыс орындарын бір-бірінен кемінде екі метр қашықтықта орналастыруды сақтау;
Тармақша 9
9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қолдануға арналған бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық платформаларды пайдалану (келуші мәртебесін айқындау үшін арнайы QR-кодты сканерлеу шарттары болған кезде).
Тармақша 10
10) Кодекстің 38 және 104-баптарына сәйкес бас мемлекеттік санитариялық дәргігерлер белгілейтін талаптарға және Санитариялық қағидаларға сай ерекше жұмыс режимі жүзеге асырылады;
Тармақша 11
11) тізбесін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас санитариялық дәрігерлері белгілеген ұйымдарда/объектілерде ұйымдардың COVID-19-ға қарсы вакцинация алған жұмыскерлері үшін көзбе-көз режимде жұмыс істеуге рұқсат беру;
Тармақша 12
12) тізбесін Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас санитариялық дәрігерлері белгілеген ұйымдарда/объектілерде COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған жұмыскерлерді міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет), тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамда медициналық анықтама болған жағдайда көзбе-көз режимде жұмыс істеуге жіберу.
Тармақ 50
50. COVID-19 таралуына жол бермеу үшін меншік нысанына қарамастан объектілер:
Тармақша 1
1) кіреберістегі қызметкерлердің, келушілердің дене температурасын бақылауға арналған қондырғылармен;
Тармақша 2
2) кіреберісте, холлдарда, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлермен;
Тармақша 3
3) дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдармен;
Тармақша 4
4) санитариялық тораптардағы жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер);
Тармақша 5
5) жұмыс орындарында антисептиктермен;
Тармақша 6
6) қызметкерлердің жұмысқа шығуын, болмау себептерін белгілеу арқылы мониторингілеу журналдарымен;
Тармақша 7
7) жүріп-тұру қарқындылығы байқалатын адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін едендегі белгілер арқылы немесе шектеу тіректері арқылы орындарды белгілеумен;
Тармақша 8
8) бактерицидті шамдармен немесе рециркуляторлармен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 51
51. Инфекцияны оқшаулау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте:
Тармақша 1
1) карантиндік стационарлардың жұмыс істеуі;
Тармақша 2
2) шұғыл айғақтар бойынша емдеуге жатқызуға арналған көп бейінді стационарлардың жұмыс істеуі;
Тармақша 3
3) COVID-19-бен ауыратын науқастарымен байланыста болған науқастарды және адамдарды тасымалдау;
Тармақша 4
4) эпидемияға қарсы іс-шаралар;
Тармақша 5
5) сырқаттанған және байланыста болған адамдарды зертханалық тексеру, диагностикалау, емдеу, медициналық бақылау ұйымдастырылады.
Тармақ 52
52. Карантиндік стационарларды медициналық емес мақсаттағы ұйымдарда (қонақ үйлер, жатақханалар, санаторийлер және т.б.) орналастыру кезінде карантиндік стационарлардың басшылары карантин және эпидемияға қарсы жұмыс режимі талаптарының сақталуын тәулік бойы бақылау бекеттерінің жұмысы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 53
53. Жеке қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалану мақсатында маскалар әрбір 3 сағатта уақтылы ауыстыруға жатады.
Тармақ 54
54. Бес жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын және әлеуметтік қашықтықты сақтаған жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда қоғамдық орындарда халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте медициналық немесе матадан тігілген маскаларды кию міндетті болып табылады.
Тармақ 56
56. COVID-19 жұқтырудың алдын алу мақсатында COVID-19 бойынша іс-шараларды жүргізуге тартылған медициналық ұйымдарда:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оқшаулау үшін үй-жайлар бөлу;
Тармақша 2
2) жеке қорғаныш құралдарының, тест-жүйелердің қажетті көлемімен, диагностикумдармен, дезинфекциялау препараттарымен, антисептиктермен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес аймақтарға бөлу және жұмыс режимін сақтау;
Тармақша 4
4) пациенттердің COVID-19 ауруына күдікті пациенттермен қарама-қарсы қиылысуын болдырмай олардың (нозологиялық аурулар бойынша) күн сайынғы ағымын бөлу;
Тармақша 5
5) респираторлық инфекция белгілерімен және пневмониямен ауыратын әрбір пациентті әлеуетті инфекция жұқтырған (инфекция көзі) ретінде қарау;
Тармақша 6
6) медицина қызметкерлері мен кіші медицина персоналы нұсқау туралы журналға белгі және медицина персоналының жеке қолы қойылып, COVID-19-бен ауыратын науқасты күту және емдеу кезінде инфекциялық бақылау мәселелері бойынша нұсқаудан өтуі;
Тармақша 7
7) медицина қызметкерлеріне күн сайын сұрау алу және күніне екі рет термометрия арқылы тұрақты медициналық бақылауды белгілеу;
Тармақша 8
8) респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура көтерілген кезде COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі болған медицина қызметкерлерін, кіші медицина персоналын дереу оқшаулау және инфекциялық стационарға орналастыру, медициналық ұйымның басшысын хабарлау;
Тармақша 9
9) COVID-19-бен ауыратын науқастарға және олармен байланыста болған адамдарға Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша COVID-19-бен науқастардың, COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдардың үйде оқшаулауды сақтау шарттарын міндетті түрде орындау туралы қолхатын тапсыра отырып, үйде оқшаулауды сақтау қажеттілігі туралы хабарлау жүзеге асырылады.
Тармақ 57
57. COVID-19-бен ауыратын науқастар:
Тармақша 1
1) науқастарды стационарға емдеуге жатқызу COVID-19 диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) COVID-19 симптомсыз түрімен ауыратын пациенттер амбулаториялық жағдайда медициналық бақылауға және күнтізбелік 14 күнге үйде оқшаулауға жатады.
Тармақ 58
58. COVID-19 ауыратын науақспен байланыста болған адамдар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының талаптарына сәйкес үйде оқшаулауға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының талаптарына сәйкес COVID-19-ға медициналық қарап-тексеру және зертханалық зерттеп-қарауға жатады.
Тармақ 59
59. COVID-19-бен ауыратын науқастар, олармен байланыста болған, үйде оқшауланған адамдар Санитариялық қағидалардың 56-тармағының 9) тармақшасында, 57 және 58-тармақтарында көзделген талаптарды сақтайды.
Тармақ 60
60. Денсаулық сақтау субъектілері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған мобильді (мониторингтік) топтардың ақпаратының негізінде осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес COVID-19 таралуының туындау немесе туындау қаупі жағдайлары туралы ақпаратты аумақтық бөлімшеге жібереді.
Тармақ 61
61. Аумақтық бөлімшелер инфекцияны оқшаулау бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) COVID-19 жағдайын тіркеу туралы хабарламаны алған сәттен бастап үш сағат ішінде COVID-19-бен ауыратын науқастан сұрау алуды;
Тармақша 2
2) тәуекел тобындағы адамдар жоқ симптомсыз вирус тасымалдаушылардың ошақтарын қоспағанда (жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары, қант диабеті, метаболикалық синдром, бүйректің созылмалы аурулары бар 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер) COVID-19 таралуының пайда болу немесе туындау қаупі туралы ақпаратты алған сәттен бастап 24 сағат ішінде эпидемиологиялық тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді (шұғыл хабарлама);
Тармақша 3
3) COVID-19 диагнозы расталған (ықтимал) адамдарға және осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес COVID-19-бен ауыратын науқаспен жақын байланыста болған адамдарға сауалнама жүргізуді;
Тармақша 4
4) осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде сауалнамаларды тану жүйесімен деректерді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға бере отырып өңдеуді;
Тармақша 5
5) байланыста болған адамдарды оқшаулаудың жүргізілуін, сондай-ақ карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;
Тармақша 6
6) үйде оқшауланған байланыста болған адамдарды, сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарды үйде оқшаулауды сақтау қажеттілігі туралы хабардар етуді;
Тармақша 7
7) COVID-19-дың әрбір жаңа жағдайы туралы зертханалық растауды алған сәттен бастап 12 сағаттың ішінде «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына хабарлауды;
Тармақша 8
8) инфекциялық, карантиндік стационарлар мен медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;
Тармақша 9
9) халықты COVID-19 таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және қолданылатын шаралар туралы хабардар етуді;
Тармақша 10
10) жеке құрам мен азаматтық персонал арасында COVID-19 расталған жағдайлары анықталған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерін екі сағаттың ішінде хабардар етуді жүзеге асырады.
Тармақ 62
62. COVID-19 бойынша сырқаттанушылық бойынша жағдайдың асқынуы кезінде:
Тармақша 1
1) COVID-19 оқшаулау жөніндегі іс-шараларға көмек көрсетуге денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары;
Тармақша 2
2) патогендігі II топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеуге уақытша рұқсат алғаннан кейін (ол болмаған кезде) COVID-19 диагностикасын жүргізуге медициналық ұйымдардың зертханалары тартылады.
Тармақ 63
63. Осы параграфта белгіленген талаптар бұзылған және сақталмаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілік көзделеді.
Тармақ 4. 4-параграф. Желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
4-параграф. Желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 64
64. Желшешекпен және скарлатинамен ауыратын науқастарды анықтауды медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері амбулаториялық қабылдау, үйде қарау, медициналық қарап-тексеру, динамикалық бақылау және медициналық ұйымдарға барған кезде жүргізеді. Диагноз аурудың клиникалық көріністері және (немесе) зертханалық зерттеу нәтижелерінің және (немесе) эпидемиологиялық анамнезінің негізінде қойылады.
Тармақ 65
65. Желшешекпен, скарлатинамен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 66
66. Желшешекпен және скарлатинамен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызудың клиникалық көрсеткіштері:
Тармақша 1
1) екі айлыққа дейінгі балалардағы аурудың барлық түрі;
Тармақша 2
2) ауырлық дәрежесі орташа және ауыр науқастар;
Тармақша 3
3) қосымша патологиясы бар созылмалы аурудың түрі.
Тармақ 67
67. Желшешекпен және скарлатинамен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін эпидемиологиялық көрсеткіштер:
Тармақша 1
1) науқастың тұрғылықты жері бойынша қажетті эпидемияға қарсы режимді сақтау мүмкіндігінің болмауы (әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, жатақхана, казармалар, коммуналдық пәтерлер);
Тармақша 2
2) медициналық ұйымдардағы, мектеп-интернаттардағы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы, сәбилер үйлеріндегі, санаторийлердегі, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарындағы, жазғы сауықтыру ұйымдарындағы, демалыс үйлеріндегі ауру жағдайлары.
Тармақ 68
68. Науқаспен байланыста болған адамдарды медициналық бақылауды ұйымдастырылған ұжымдарда медицина қызметкерлері байланыста болған адамның орналасқан жері бойынша жүргізеді. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда медициналық бақылау нәтижелері «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 001/е және 052/е нысандарында көрсетіледі.
Тармақ 69
69. Медициналық бақылау ұзақтығы соңғы науқас анықталған сәттен бастап желшешек кезінде күнтізбелік жиырма бір күнді, скарлатина кезінде күнтізбелік жеті күнді құрайды және сауалнама алуды, қарап-тексеруді және термометрияны қамтиды.
Тармақ 70
70. Науқаспен байланыста болған адамдарды оқшаулау жүргізілмейді.
Тармақ 71
71. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарда (6 жасқа дейінгі балалар үшін) желшешек тіркелген кезде соңғы науқасты оқшаулаған сәттен бастап күнтізбелік жиырма бір күнге карантин, скарлатина тіркелген кезде күнтізбелік жеті күнге карантин белгіленеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда желшешек, скарлатина қайта пайда болған жағдайда ауырып сауыққан балалар жіті көріністері жойылғаннан кейін топқа жіберіледі.
Тармақ 72
72. Желшешекпен ауырып сауыққан балалар ұйымдастырылған ұжымға сауығуына қарай, бірақ бөртпе пайда болған кезден бастап тоғыз күннен кейін жіберіледі. Карантин кезінде жаңадан келген және уақытша болмаған балаларды қабылдауға, сондай-ақ балалар мен персоналды бір топтан екінші топқа ауыстыруға жол берілмейді.
Тармақ 73
73. Желшешекті, скарлатинаны эпидемиологиялық зерттеп-тексеру бір ұйымдастырылған ұжымда өзара байланысты үш және одан да көп жағдайларды тіркеу кезінде жүргізіледі.
Тармақ 74
74. Ұйымдастырылған бір ұжымда өзара байланысты екі және одан да көп скарлатина ауруы тіркелген кезде науқаспен байланыста болған адамдарға бактериологиялық зерттеп-тексеру жүргізіледі. Зерттеп-тексеру кезінде анықталған бактерия тасымалдаушылар санация кезінде балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға барудан шеттетіледі, оларды ұжымға жіберу санациядан кейін және бактериологиялық зерттеп-тексерудің теріс нәтижесін алған соң жүргізіледі.
Тармақ 75. COVID-19-бен ауыратын науқастың, COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамның үй карантинін сақтау шарттарын міндетті түрде орындау туралы қолхаты
75. Желшешек, скарлатина тіркелген кезде қорытынды дезинфекциялау жүргізілмейді. Үй-жайды ағымдық дезинфекциялау және желдету карантин аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
«Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына
1-қосымша
нысан
COVID-19-бен ауыратын науқастың, COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамның үй карантинін сақтау шарттарын міндетті түрде орындау туралы қолхаты
Елді мекен ________________ 202 __ жылғы «___» ______
Мен ______________________________________, ЖСН: ______________,
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
ҚР ІІМ/ӘМ _______жылғы_________________ берген паспорт және (немесе)
жеке куәлік № _________________, ____________________________мекенжайы
бойынша тіркелгенмін,____________________________ мекен-жайы бойынша
нақты тұрамын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасы Кодексінің 38 және 104-баптарына сәйкес шығарылған
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің санитариялық
қағидаларымен және қаулысымен белгіленген COVID-19 эпидемиялық тәуекелі жоғары
адам ретінде үйде оқшаулау талаптарын сақтау бойынша міндеттемелерді
өзіме аламын.
Жеке деректерімді өңдеуге келісемін.
Отбасының және (немесе) үй шаруашылығының кез келген мүшесінде температура немесе сырқаттану белгілері пайда болған кезде COVID-19 бойынша колл-орталыққа дереу жүгіну немесе карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, жедел жәрдем шақыру қажеттігі туралы хабардармын.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тиісті әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы хабардармын.
Күні:_________
Қолы____________
Басқа 2. _____________________________________________________________
«Жіті респираторлық вирустық
инфекциялар, тұмау және
олардың асқынулары
(пневмония), менингококк
инфекциясы, COVID-19
коронавирустық инфекциясы,
желшешек, скарлатина кезінде
санитариялық-эпидемияға
қарсы, санитариялық-
профилактикалық іс-шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
2-қосымша
_____________________________________________________________
(халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің атауы)
COVID-19 пайда болуы немесе таралуының
туындау қаупі жағдайлары туралы ақпарат
№ ______
20__ жылғы «____» __________
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
2. Субъектінің (объектінің) ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі), БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі))
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
3. Субъектінің (объектінің) орналасқан жерінің мекенжайы, байланыстары)_______________________________________________________
4. Бұзушылықтың сипаттамасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
5. Фото, бейне материалдар _______парақта ________________________
6. Ақпаратты жіберген жергілікті атқарушы органның атауы,
№ _______ және күні _____ мобильді (мониторингтік) топты құру туралы өкімдер (шешімдер)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
7. Мобильді (мониторингтік) топтың ақпаратын жіберу күні
____________________________________________________________________
8. Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, (бар болса), қолы
____________________________________________________________________»;
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау бірінші
вице-министрі
2021 жылғы 27 мамырдағы
№ ҚР ДСМ -47 бұйрығына
№ 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
Тармақ 2
2. «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына 1-қосымша (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 шiлдеде № 20935 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-91/2020 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 шiлдеде № 21033 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 қазандағы № ҚР ДСМ-123/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 қазанда № 21401 болып тіркелген).