Об установлении публичного сервитута на земельные участки для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых товариществом с ограниченной ответственностью «CUPRUM MINING GROUP» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«CUPRUM MINING GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «CUPRUM MINING GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2029 жылдың 04 шілдеге дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Осакаров ауданының Жансары ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 432,6094 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «CUPRUM MINING GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуі қажет. Залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.
Тармақ 3
3. «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қантамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның 2024 жылғы 04 шілдедегі № 2063-EL шекарасындағы жер учаскелерінің тізбесі
Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «21» шілдедегі №68/05 қаулысына қосымша Оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның 2024 жылғы 04 шілдедегі № 2063-EL шекарасындағы жер учаскелерінің тізбесі №№ Кадастрлық нөмір Участкенің орналасқан жері Жария сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында), га 1. 09-137-037-024 Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, «ЕвразияИнвест Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 178,8074 2. 09-137-037-101 Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, «Лега» фермер қожалығы 222,033 3. 09-137-037-119 Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, «Нуртилеу» фермер қожалығы 31,769 БАРЛЫҒЫ 432,6094