О Правилах присвоения звания «Почетный гражданин Атбасарского района» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Атбасар ауданының құрметті азаматы» атағын беру Ережесі туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 12-1 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылған «Атбасар ауданының құрметті азаматы» атағын беру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне аудандық бюджетте «Атбасар ауданының құрметті азаматы» атағын беруді ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етумен байланысты шығындар қарастыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысы әділет Департаменті Атбасар ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен соң күшіне енеді. Келісілген: Лауазымы Т.А.Ә. Күні Қолы Мөр Аудан әкімі Ахмедиянов Қ.Ұ. 3.02.2006ж.
Басқа 4
Атбасар аудандық мәслихатының 2006 жылғы 3 наурыздағы «Атбасар ауданының құрметті азаматы» атағын беру Ережесі туралы № С 27/4 шешімімен БЕКІТІЛГЕН қосымша «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру Ережелері
Тарау 1. 1. Кіріспе
1. Кіріспе
Тармақ 1
1. «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру (мәтін бойынша алдағы - Атақ), азаматтың еңбек сіңірген жемісті қызметіне қоғамдық қабілеттілігін айту, дарындылығын және ынтасын рухани ынталандыру болып табылады.
Тарау 2. 2. Атақ алуға құқығы
2. Атақ алуға құқығы
Тармақ 2
2. Атақ еңбек еткен кезеңде ауданның дамуына айрықша елеулі үлес қосып, еңбекке деген кіршіксіз адал және шығармашылық көзқарасы, коғамдық өмірдегі белсенді әрекеті үшін ауылдастарының қадіріне бөленген, мемлекеттік наградалармен марапатталған, ауданда 20 және одан да көп жылдар еңбек еткен Атбасар ауданының тұрғындарына және тумаларына беріледі.
Тармақ 3
3. Айрықша құрмет белгісіне Атақ, елдер мен қалалардың арасындағы элеуметтік- экономикалық, мәдениет байланыстарын, ынтымақтастық пен тату көршілікті дамытуға, халықтардың достығын нығайтуға ықпалын тигізген басқа мемлекет азаматтарына берілуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Атақ аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихат сессиясының шешімімен беріледі.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру
3. Қаржыландыру
Тармақ 5
5. Куәлік, кеуде белгісін, диплом және Құрмет кітабын дайындаудағы шығыстар белгіленген заң тәртібімен және аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Атақ беру туралы ұсыныстарды қарау тәртібі.
4. Атақ беру туралы ұсыныстарды қарау тәртібі.
Тармақ 6
6. Атақ беру туралы өтініш селолық жиын шешімі, өндірістік кәсіпорындар ұжымдарының, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың жиналысының ұйғарымы негізінде, сәйкес негіздемемен және мінездемемен қалалық және селолық округ әкімдерімен берілуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Атақ беру туралы ұсыныс аудандық мәслихат депутаттарымен (депутаттар саны 1/5-тен кем емес), еңбек ұжымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, ұйымдармен, партиялармен енгізілуі мүмкін.
Тармақ 8
8. Кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, партиялардың ұсыныстары жалпы жиналыстарында немесе конференцияда қаралып, егер қатысушылардың жартысынан астамы қолдаса, қолдады деп саналады, және аудандық әкімдікке беріледі.
Тарау 5. 5. Атақ беруге ұсыну тәртібі.
5. Атақ беруге ұсыну тәртібі.
Тармақ 9
9. Ұсынылған кандидатқа аудандық әкімдік аудандық мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) еңбек ұжымдарының немесе қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, партиялардың өткізген жиналыстарының хаттамалары;
Тармақша 2
2) өмірбаян деректері;
Тармақша 3
3) айрықша қызметін, мемлекеттік наградаларының тізбесі мен көшірмелерін куәландыратын құжаттар.
Тармақ 10
10. Ардагерлер мен мүгедектер, жастар, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, қоршаған ортаны қорғау, заңдылық, азаматтар құқығы мен құқықтық тәртіп ісі жөніндегі мәслихат комиссиясы екі жеті ішінде ұсынылған кандидаттар жөнінде аудандық мәслихат сессиясында қаралу үшін қорытынды дайындауға міндетті.
Тармақ 11
11. Атақ беру туралы мәслихат шешімі ауданның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тармақ 12
12. Атақ беру, тәртіп бойынша, Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне орайластырылады және әйгіленіп әрі салтанатты жағдайда беріледі.
Тармақ 13
13. «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» атағына лайықталған тұлғаларға аудандық мәслихат хатшысы мен аудан әкімі:
Тармақша 1
1) куәлік
Тармақша 2
2) кеуде белгісі
Тармақша 3
3) диплом тапсырады.
Тармақ 14
14. Атаққа лайықталған тұлғалар куәліктің, кеуде белгісінің және дипломның сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 15
15. Атаққа лайықталған тұлға қайтыс болған жағдайда, туысқандарының немесе мұрагерлерінің қалауынша құжаттар сақтауға және көрмеге қоюға мұражайға тапсырылуы мүмкін.
Тарау 6. 6. Кеуде белгісі мен дипломның сипаттамасы.
6. Кеуде белгісі мен дипломның сипаттамасы.
Тармақ 16
16. «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» кеуде белгісі сары түсті металдан дайындалады, ол диаметрі 30 миллиметр және қалыңдығы 4 миллиметр болатын шеңбер. Белгінің бет жағында мемлекеттік тілде жазылған «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» жазуы бар, одан басқа: шаңырақ, ат, масақ, лавр бұтағы бейнеленген, мәтіні дөңес. Белгі құлағы мен сақинаның көмегімен көлденеңі 30 миллиметрлік, биіктігі 15 миллиметрлік тік бұрышты негізге бекітілген. Негіз сары түсті металдан жасалады. Негіздің бет жағы көк түспен боялған, күн нұрларымен оюланған және бүркіт бейнеленген, сонымен қатар жоғарғы және төменгі сызықтары - дөңес.
Тармақ 17
17. «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» дипломы қатқыл ақ қағаздан жасалады. Мұқабасында мемлекеттік тілде «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» Дипломы атты жазуы болады. Дипломның ішкі бетінде: түрлі-түсті бояулы Қазақстан Республикасының Ел таңбасы және «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы аудандық мәслихат сессиясы шешімінің мемлекеттік тілдегі мәтіні. Диплом Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы түстес арнаулы папкаға салынады.
Тарау 7. 7. Атбасар ауданының Құрметті азаматтарын тіркеу.
7. Атбасар ауданының Құрметті азаматтарын тіркеу.
Тармақ 18
18. Атбасар ауданының Құрметті азаматтарын тіркеу «Құрмет кітабында» тіркеледі.
Тарау 8. 8. Көрсетілетін көмекті беру тәртібі мен мөлшері
8. Көрсетілетін көмекті беру тәртібі мен мөлшері
Тармақ 19
19. Атбасар ауданының Құрметті азаматтарына жылына бір рет жергілікті өкілетті орган шешімі белгілеген көлемде әлеуметтік жәрдем (451-007 бағдарламасы бойынша) көрсетіледі.
Тарау 9. 9. Атақтан айыру және қалпына келтіру.
9. Атақтан айыру және қалпына келтіру.
Тармақ 20
20. Атақтан айыру аудандық мәслихат сессиясының шешімімен мына жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
Тармақша 1
1) қылмыс жасағаны үшін заңнамада белгіленген тәртіпте соттың үкімі бойынша сотталған азаматтар;
Тармақша 2
2) «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы өтініш еткен ұжымның ұсынысы бойынша, Құрметті азаматтық атағына кір келтіретін теріс қылық жасаған тұлғалар.
Тармақ 21
21. «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» атағынан айрылған тұлғалар кеуде белгісін, куәлігін қайтарып береді, Құрмет кітабынан шығарылады.
Тармақ 22
22. Заңсыз сотталған және сот шешімі бойынша толық ақталған тұлғалар «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» атағы құқығын қалпына келтіреді.