Конституция Республики Казахстан Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Конституциясы 📌 Ескерту. 15.03.2026 республикалық референдумда қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес 01.07.2026 бастап қолданысы тоқтатылды. Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз.
Бөлім 1. I бөлім
I бөлім ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап
1-бап 📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 08.04.2023 № 8-НҚ; 18.05.2023 № 14-НҚ; 11.07.2023 № 20-НҚ; 06.12.2023 № 37-НҚ; 10.01.2024 № 40-НҚ; 27.12.2024 № 59-НҚ; 18.07.2025 № 73-НҚ; 18.03.2026 № 77-НҚ; 10.06.2026 № 85-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Тармақ 2
2. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Тармақ 2
2. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады.
Тармақ 3-1
3-1. Астана қаласының шегінде конституциялық заңға сәйкес қаржы саласында ерекше құқықтық режим белгіленуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәні барабар. 📌 Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 23.03.2019 № 238-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.09.2022 № 142-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Тармақ 1
1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық.
Тармақ 2
2. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді.
Тармақ 4
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 16.11.2023 № 35-НҚ; 24.12.2024 № 58-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 4. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 4. 4-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының от 22.05.2023 № 17-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 4-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 11.07.2023 № 20-НҚ; 29.05.2024 № 45-НҚ; 26.02.2025 № 67-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Сотының және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Ескертпе. 08.06.2022 ж. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде оларды Конституциялық Сот қайта қарағанға дейін қолданылады.
Тармақ 2
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 08.04.2023 № 7-НҚ; 21.04.2023 № 11-НҚ; 27.02.2025 № 68-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 2. Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.
Тармақ 3
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 20.01.2025 № 61-НҚ; 26.02.2025 № 67-НҚ; 18.07.2025 № 73-НҚ; 09.06.2026 № 83- НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 3. Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады. Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Республиканың заңнамасында айқындалады.
Тармақ 4
4. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады. 📌 Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады. Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берілмейді.
Тармақ 2
2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің және мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының қызметіне, діни негіздегі партияларға, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 11.07.2023 № 20-НҚ; 03.12.2024 № 54-НҚ; 04.12.2024 № 55-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
Тармақ 2
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 11.07.2023 № 20-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 2. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
Тармақ 3
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 11.07.2023 № 20-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 3. Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Тармақ 3
3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
Бап 8. 8-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 26.02.2025 № 67-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 8-бап Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады.
Бап 9. 9-бап
9-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. 📌 Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бөлім 2. II бөлім
II бөлім АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ
Бап 10. 10-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 23.04.2025 № 71-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 10-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан, бірыңғай және тең болып табылады.
Тармақ 2
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 03.12.2024 № 54-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 2. Республиканың азаматын азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Азаматтықтан айыруға террористік қылмыстар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана жол беріледі.
Тармақ 3
3. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды. 📌 Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 11. 11-бап
11-бап
Тармақ 1
1. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.
Тармақ 2
2. Республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді.
Бап 12. 12-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 23.04.2025 № 71-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 12-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 18.05.2023 № 14-НҚ; 06.12.2023 № 37-НҚ; 03.12.2024 № 54-НҚ; 27.12.2024 № 59-НҚ; 27.12.2024 № 60-НҚ; 20.01.2025 № 61-НҚ; 29.01.2025 № 63-НҚ; 26.02.2025 № 67-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
Тармақ 2
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 18.05.2023 № 14-НҚ; 06.12.2023 № 37-НҚ; 10.01.2024 № 40-НҚ; 27.12.2024 № 60-НҚ; 20.01.2025 № 61-НҚ; 26.02.2025 № 67-НҚ: 12.06.2026 № 88-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
Тармақ 3
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 18.05.2023 № 14-НҚ; 18.03.2026 № 77-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
Тармақ 4
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 18.05.2023 № 14-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.
Тармақ 5
5. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.
Бап 13. 13-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 11.04.2023 № 9-НҚ; 28.04.2023 № 12-НҚ; 16.05.2023 № 13-НҚ; 18.05.2023 № 14-НҚ; 06.10.2023 № 32-НҚ; 24.04.2024 № 42-НҚ; 07.02.2025 № 65-НҚ; 18.03.2026 № 77-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 13-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 28.04.2023 № 12-НҚ; 06.12.2023 № 37-НҚ; 04.05.2024 № 43-НҚ; 09.10.2024 № 52-НҚ; 27.12.2024 № 59-НҚ; 27.12.2024 № 60-НҚ; 29.01.2025 № 63-НҚ; 25.06.2025 № 72-НП; 18.07.2025 № 74-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.
Тармақ 2
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 22.02.2023 № 3-НҚ; 21.04.2023 № 10-НҚ; 28.04.2023 № 12-НҚ; 22.05.2023 № 16-НҚ; 01.06.2023 № 18-НҚ; 11.07.2023 № 20-НҚ; 14.07.2023 № 21-НҚ; 17.08.2023 № 25-НҚ; 25.09.2023 № 29-НҚ; 06.10.2023 № 33-НҚ; 10.01.2024 № 40-НҚ; 26.07.2024 № 50-НҚ; 13.09.2024 № 51-НҚ; 09.10.2024 № 52-НҚ; 24.12.2024 № 56-НҚ; 24.12.2024 № 58-НҚ; 27.12.2024 № 59-НҚ; 29.01.2025 № 63-НҚ; 07.02.2025 № 65-НҚ; 18.03.2026 № 77-НҚ; 09.06.2026 № 83-НҚ; 11.06.2026 № 86-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
Тармақ 3
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 22.05.2023 № 15-НҚ; 25.09.2023 № 29-НҚ; 04.05.2024 № 43-НҚ; 09.10.2024 № 53-НҚ; 27.12.2024 № 60-НҚ; 18.07.2025 № 74-НҚ; 12.06.2026 № 88-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 3. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі.
Бап 14. 14-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 22.02.2023 № 3-НҚ; 27.03.2023 № 6-НҚ; 11.04.2023 № 9-НҚ; 16.05.2023 № 13-НҚ; 18.05.2023 № 14-НҚ; 22.05.2023 № 15-НҚ; 22.05.2023 № 16-НҚ; 14.07.2023 № 21-НҚ; 25.09.2023 № 30-НҚ; 10.01.2024 № 40-НҚ; 24.04.2024 № 42-НҚ; 16.05.2024 № 44-НҚ; 11.07.2024 № 48-НҚ; 24.12.2024 № 56-НҚ; 24.12.2024 № 58-НҚ; 30.01.2025 № 64-НҚ; 07.02.2025 № 65-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 14-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 27.03.2023 № 5-НҚ; 28.04.2023 № 12-НҚ; 20.07.2023 № 24-НҚ; 03.10.2023 № 31-НҚ; 27.10.2023 № 34-НҚ; 29.05.2024 № 45-НҚ; 23.07.2024 № 49-НҚ; 26.07.2024 № 50-НҚ; 13.09.2024 № 51-НҚ; 09.10.2024 № 52-НҚ; 04.12.2024 № 55-НҚ; 27.12.2024 № 59-НҚ; 07.02.2025 № 65-НҚ; 26.02.2025 № 67-НҚ; 18.03.2026 № 77-НҚ; 18.05.2026 № 79-НҚ; 08.06.2026 № 81-НҚ; 12.06.2026 № 88-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
Тармақ 2
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 27.03.2023 № 5-НҚ; 03.12.2024 № 54-НҚ; 04.12.2024 № 55-НҚ; 29.01.2025 № 63-НҚ; 07.02.2025 № 66-НҚ; 16.04.2025 № 69-НҚ; 18.03.2026 № 77-НҚ; 18.05.2026 № 80-НП нормативтік қаулыларын қараңыз. 2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Бап 15. 15-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 08.04.2023 № 8-НҚ; 18.03.2026 № 77-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 15-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 11.04.2023 № 9-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасына тыйым салынады. 📌 Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 16. 16-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 06.10.2023 № 32-НҚ; 18.07.2025 № 73-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 16-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 11.04.2023 № 9-НҚ; 18.05.2023 № 14-НҚ; 29.01.2025 № 63-НҚ; 18.07.2025 № 74-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 1. Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
Тармақ 2
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
Тармақ 3
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 11.04.2023 № 9-НҚ; 22.05.2023 № 15-НҚ; 18.07.2025 № 74-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы. Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 17. 17-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 27.03.2023 № 6-НҚ; 11.04.2023 № 9-НҚ; 18.05.2023 № 14-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 17-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 04.05.2024 № 43-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
Тармақ 2
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 08.04.2023 № 8-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
Бап 18. 18-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 18.05.2023 № 14-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 18-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 08.04.2023 № 8-НҚ; 21.04.2023 № 11-НҚ; 18.03.2026 № 77-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.
Тармақ 2
2. Әркім өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
Тармақ 3
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 26.12.2023 № 39-НҚ; 04.05.2024 № 43-НҚ; 18.03.2026 № 77-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 3. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Бап 19. 19-бап
19-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 16.04.2025 № 70-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 1. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.
Тармақ 2
2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
Бап 20. 20-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 06.12.2023 № 37-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 20-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 20.01.2025 № 61-НҚ; 26.02.2025 № 67-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 1. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады.
Тармақ 2
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 27.12.2024 № 60-НҚ; 20.01.2025 № 61-НҚ; 26.02.2025 № 67-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.
Тармақ 3
3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.
Бап 21. 21-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 18.05.2023 № 14-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 21-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 03.12.2024 № 54-НҚ; 16.04.2025 № 69-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз . 1. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.
Бап 22. 22-бап
22-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 26.02.2025 № 67-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 1. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.
Тармақ 2
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.
Бап 23. 23-бап
23-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі.
Тармақ 2
2. Республика Конституциялық Сотының, Жоғарғы Сотының жəне өзге де соттарының төрағалары мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, əскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері саяси партияларда, кəсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс. 📌 Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 24. 24-бап
24-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 06.03.2023 № 4-НҚ; 08.04.2023 № 8-НҚ; 11.04.2023 № 9-НҚ; 18.05.2023 № 14-НҚ; 14.07.2023 № 22-НҚ; 31.08.2023 № 26-НҚ; 31.08.2023 № 27-НҚ; 27.10.2023 № 34-НҚ; 24.12.2024 № 57-НҚ; 09.06.2026 № 84-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 1. Əркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінəлі деп тану туралы сот актісінің негізінде не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
Тармақ 2
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 08.04.2023 № 8-НҚ; 18.05.2023 № 14-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.
Тармақ 4
4. Әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі. 📌 Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 25. 25-бап
25-бап
Тармақ 1
1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Конституцияның 25-бабының 1-тармағында қамтылатын және "соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді" дегенді белгілейтін норманы тұрғын үй, мүлік және меншік құқығы, адамның өзге де құқықтары мен бостандықтары туралы конституциялық нормаларды ескере отырып, сөзбе-сөз түсіну қажет. Адам тұрғын үйінен прокурор санкциясының негізінде емес, сот шешімімен ғана айырылуы мүмкін. Прокурордың тұрғын үйге мәжбүрлеп өндіріп алуды қолдану рәсімін санкциялауы сот шешімінің күшін жоймайды, оны алмастырмайды және оған тең келмейді. Тұрғын үй адамның және оның отбасы мүшелерінің өмір сүру конституциялық құқығын іске асыруы үшін аса маңызды мүліктің ерекше түрі ретінде Конституцияда ерекше қорғауға ие. Өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратын, сондай-ақ Қазақстанда азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады деген конституциялық ережелерді бекіткен Қазақстан Республикасында тұрғын үйге қолсұғылмаушылыққа және оның тек қана сот арқылы құқықтық қорғалуына кепілдік беріледі: адамды тұрғын үйінен оның келісімінсіз айырған жағдайда сот шешімі міндетті және баламасыз болады. Азаматты тұрғын үйінен, әсіресе жалғыз тұрғын үйінен айыру кезінде онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, оның ішінде кәмелетке толмағандардың заңда бекітілген құқықтары ескерілуге тиіс - ҚР Конституциялық Сотының 19.04.2024 жылғы № 41-НҚ нормативтік қаулысына сәйкес.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі.
Бап 26. 26-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 18.05.2023 № 14-НҚ; 11.07.2023 № 20-НҚ; 28.06.2024 № 46-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 26-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 11.04.2023 № 9-НҚ; 03.12.2024 № 54-НҚ; 24.12.2024 № 58-НҚ; 25.06.2025 № 72-НП нормативтік қаулыларын қараңыз. 1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
Тармақ 2
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 11.04.2023 № 9-НҚ; 05.07.2024 № 47-НҚ; 04.12.2024 № 55-НҚ; 30.01.2025 № 64-НҚ; 27.02.2025 № 68-НҚ; 25.06.2025 № 72-НП; 18.03.2026 № 77-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.
Тармақ 3
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 05.07.2024 № 47-НҚ; 04.12.2024 № 55-НҚ; 27.02.2025 № 68-НҚ; 18.02.2026 № 77-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы 3-тармағының "соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды" деген нормасын меншік құқығының маңызды конституциялық кепілі деп түсіну керек. Конституцияда азаматтардың заңды түрде алған кез келген мүлкінің меншік құқығына кепілдік беріледі. Барлық даулы жағдайларда мүліктен айыру сот алдын ала қабылдаған шешім негізінде немесе мүлікті иеліктен шығарудың заңдылығына кейіннен сот бақылауы мүмкіндігімен заңда көзделген өзге де тәсілдермен жүргізілуі мүмкін. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден немесе өзге де мүліктен айыруға тыйым салу туралы конституциялық ережелер (25-баптың 1-тармағы және 26-баптың 3-тармағы) меншік иесінің ауысуы өз еркімен болмаған жағдайларға қатысты. Прокурор заңда белгіленген шектерде және нысандарда мүліктен айыру заңдылығының сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады және заңда көзделген жағдайларда борышкердің өзіндегі не өзге де жеке және заңды тұлғалардағы мүлкіне (тұрғын үйінен басқа) мәжбүрлеп өндіріп алуды қолдану рәсіміне санкция береді немесе санкция беруден бас тартады. Бұл ретте, егер осы мүлік ортақ бірлескен меншікте болса, оның басқа меншік иелерінің заңды мүдделері қозғалмауға тиіс. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, жеке және заңды тұлғалар заңға сәйкес сотқа жүгінуге құқылы - ҚР Конституциялық Сотының 19.04.2024 жылғы № 41-НҚ нормативтік қаулысына сәйкес.
Тармақ 4
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 11.04.2023 № 9-НҚ; 13.06.2023 № 19-НҚ; 16.04.2025 № 69-НҚ; 18.03.2026 № 77-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 4. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.
Бап 27. 27-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 27.03.2023 № 6-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 27-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 11.04.2023 № 9-НҚ; 18.05.2023 № 14-НҚ; 07.02.2025 № 66-НҚ; 11.06.2026 № 86-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
Тармақ 2
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 11.04.2023 № 9-НҚ; 18.05.2023 № 14-НҚ; 07.02.2025 № 66-НҚ; 18.03.2026 № 77-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
Тармақ 3
3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
Бап 28. 28-бап
28-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 24.01.2025 № 62-НҚ; 18.05.2026 № 79-НП нормативтік қаулысын қараңыз. 1. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.
Тармақ 2
2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады.
Бап 29. 29-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 06.10.2023 № 32-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 29-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 11.04.2023 № 9-НҚ; 18.05.2023 № 14-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.
Тармақ 3
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 18.05.2023 № 14-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 3. Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.
Бап 30. 30-бап
30-бап
Тармақ 1
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
Тармақ 2
2. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Жеке меншік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек.
Бап 31. 31-бап
31-бап
Тармақ 1
1. Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.
Тармақ 2
2. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Бап 32. 32-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 20.01.2025 № 61-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 32-бап Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін.
Бап 33. 33-бап
33-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 18.05.2023 № 14-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.
Тармақ 2
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 06.03.2023 № 4-НҚ; 18.05.2023 № 14-НҚ; 24.12.2024 № 57-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 2. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
Тармақ 3
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 20.09.2023 № 28-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 3. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.
Тармақ 4
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 06.03.2023 № 4-НҚ; 18.05.2023 № 14-НҚ; 31.08.2023 № 26-НҚ; 31.08.2023 № 27-НҚ; 26.12.2023 № 38-НҚ; 24.12.2024 № 57-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 4. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді. Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 25.08.2025 № 75-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) Заңымен.
Бап 34. 34-бап
34-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 04.05.2024 № 43-НҚ; 27.12.2024 № 59-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз 1. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Тармақ 2
2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті. 📌 Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 35. 35-бап
35-бап Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.
Бап 36. 36-бап
36-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
Тармақ 2
2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.
Бап 37. 37-бап
37-бап Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.
Бап 38. 38-бап
38-бап Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
Бап 39. 39-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 27.03.2023 № 5-НҚ; 18.05.2023 № 14-НҚ; 31.08.2023 № 27-НҚ; 28.06.2024 № 46-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 23.04.2025 № 71-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 39-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 06.03.2023 № 4-НҚ; 13.06.2023 № 19-НҚ; 14.07.2023 № 21-НҚ; 27.10.2023 № 34-НҚ; 24.12.2024 № 57-НҚ; 24.12.2024 № 58-НҚ; 27.12.2024 № 60-НҚ; 20.01.2025 № 61-НҚ; 24.01.2025 № 62-НҚ; 07.02.2025 № 66-НҚ; 26.02.2025 № 67-НҚ; 25.06.2025 № 72-НҚ; 18.03.2026 № 77-НҚ; 09.06.2026 № 82-НҚ; 12.06.2026 № 87-НҚ; 12.06.2026 № 88-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Ұлтаралық және конфессияаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады.
Тармақ 3
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 14.07.2023 № 21-НҚ; 10.01.2024 № 40-НҚ; 04.05.2024 № 43-НҚ; 27.12.2024 № 60-НҚ; 29.01.2025 № 63-НҚ; 30.01.2025 № 64-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 3. Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді. Конституцияның 11, 13-15-баптарында, 16-бабының 1-тармағында, 17-бабында, 19-бабында, 22-бабында, 26-бабының 2-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс. Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 18.03.2026 № 77-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бөлім 3. III бөлім
III бөлім ПРЕЗИДЕНТ
Бап 40. 40-бап
40-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 08.04.2023 № 7-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 1. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
Тармақ 2
2. Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Тармақ 3
3. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Бап 41. 41-бап
41-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар Республика азаматы сайлана алады. Конституциялық заңда Республика Президенттігіне кандидаттарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Республика Президентінің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс.
Тармақ 3-1
3-1. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) Заңымен.
Тармақ 5
5. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Егер кандидаттардың бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі. 📌 Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.02.2011 № 403-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.09.2022 № 142-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 42. 42-бап
42-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президенті: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.
Тармақ 2
2. Ант беру қаңтардың екінші сəрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың экс-Президенттерінің қатысуымен өткізіледі. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған адам Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде ант береді.
Тармақ 3
3. Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің, қызметінен кетірілгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президенті деген атағы болады.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) Заңымен.
Тармақ 5
5. Бір адам бір реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды. 📌 Ескерту. 42-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.09.2022 № 142-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 43. 43-бап
43-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға хақысы жоқ. 📌 Ескерту. 43-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 44. 44-бап
44-бап Қазақстан Республикасының Президенті:
Тармақша 1
1) Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;
Тармақша 2
2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
Тармақша 3
3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; Республиканың Премьер-Министрін қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Үкіметтің құрылымын айқындайды; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қызметке дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді;
Тармақша 4
4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Бас Прокурорын жəне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 6
6) Республика дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады;
Тармақша 7
7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10
10) республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды;
Тармақша 10-1
10-1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде, күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Республика Конституциясына сәйкестігіне қарау туралы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы Конституциялық Сотқа өтініш жолдайды;
Тармақша 11
11) келіссөздер жүргізеді және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; бекіту грамоталарына қол қояды; өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды;
Тармақша 12
12) Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады;
Тармақша 13
13) Республиканың мемлекеттік наградаларымен марапаттайды, құрметті, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді;
Тармақша 14
14) Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді;
Тармақша 15
15) азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнген, мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламенті Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялардан кейін Республика Парламентіне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізуді, Республиканың Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететін шараларды қолданады;
Тармақша 17
17) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды;
Тармақша 18
18) өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызметін жасақтайды;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесі мен өкілеттігін анықтайды; Республика Президентінің Әкімшілігін құрады;
Тармақша 20
20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;
Тармақша 21
21) Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) заңдарымен.
Бап 45. 45-бап
45-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3. Республиканың Президенті қол қоятын Парламент актілері, сондай-ақ Үкімет бастамасымен шығарылатын Президенттің актілері тиісінше осы актілердің заңдылығы үшін заңдық жауапкершілік жүктелетін Парламенттің әр Палатасының Төрағаларының не Премьер-Министрдің алдын ала қолдары қойылып тиянақталады. 📌 Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 46. 46-бап
46-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президентіне, оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды.
Тармақ 2
2. Республика Президенті мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Осы баптың ережелері Республиканың экс-Президенттеріне қолданылады.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 📌 Ескерту. 46-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 47. 47-бап
47-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президенті науқастануына байланысты өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысымен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Сот қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілігімен қабылданады.
Тармақ 2
2. Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді және бұл үшін Парламент оны қызметінен кетіруі мүмкін. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижелері Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Парламент Палаталары бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Соттың қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік даусымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Айып тағылған кезден бастап екі ай ішінде түпкілікті шешім қабылдамау Республика Президентіне қарсы тағылған айыптың күші жойылған деп тануға әкеп соғады. Республиканың Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соғады.
Тармақ 3
3. Республика Президентін қызметінен кетіру туралы мәселе ол Республика Парламентінің немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды. 📌 Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 48. 48-бап
48-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен мерзімінен бұрын босаған немесе кетірілген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының Төрағасына көшеді; Сенат Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Парламент Мәжілісінің Төрағасына көшеді; Мәжіліс Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министріне көшеді. Өзіне Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға тиісінше Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының немесе Премьер-Министрдің өкілеттігін тапсырады. Бұл жағдайда бос тұрған мемлекеттік лауазымдарды иелену Конституцияда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негіздерде және тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған тұлғаның Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар туралы бастамашылық жасауға құқығы жоқ. 📌 Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) Заңымен.
Бөлім 4. IV бөлім
IV бөлім ПАРЛАМЕНТ
Бап 49. 49-бап
49-бап
Тармақ 1
1. Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.
Тармақ 2
2. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады.
Тармақ 3
3. Парламенттің өкілеттігі Конституцияда көзделген реттер мен тәртіп бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді. 📌 Ескерту. 49-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 50. 50-бап
50-бап
Тармақ 1
1. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Тармақ 2
2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. 📌 Ескертпе. 08.06.2022 ж. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2-тармақтың ережелері сегізінші сайланған Парламент Мəжілісі депутаттарының сайлауынан бастап мынадай редакцияда қолданылады: 2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Республика Президенті тағайындайды.
Тармақ 3
3. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. 📌 Ескертпе. 08.06.2022 ж. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 3-тармақтың ережелері сегізінші сайланған Парламент Мəжілісі депутаттарының сайлауынан бастап мынадай редакцияда қолданылады: 3. Мəжіліс конституциялық заңда белгіленген тəртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын тоқсан сегіз депутаттан тұрады.
Тармақ 4
4. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды.
Тармақ 5
5. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл. 📌 Ескерту. 50-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 51. 51-бап
51-бап
Тармақ 1
1. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. 📌 Ескертпе. 08.06.2022 ж. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1-тармақтың ережелері сегізінші сайланған Парламент Мəжілісі депутаттарының сайлауынан бастап мынадай редакцияда қолданылады: 1. Мəжілістің депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мəжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
Тармақ 2
2. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезекті сайлауы бұлардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.
Тармақ 3
3. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.
Тармақ 5
5. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі.
Тармақ 6
6. Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді. 📌 Ескерту. 51-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 52. 52-бап
52-бап
Тармақ 1
1. Алып тасталды - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 2
2. Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға міндетті. Парламентте депутаттың жеке өзі ғана дауыс береді. Депутаттың Палаталар мен олардың органдарының отырыстарына дәлелді себептерсіз үш реттен артық қатыспауы, сол сияқты дауыс беру құқығын басқа біреуге беруі депутатқа заңда белгіленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.
Тармақ 3
3. Парламент депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмыс атқаруға, кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ереженің бұзылуы депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.
Тармақ 4
4. Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, тиісті Палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
Тармақ 5
5. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады. Парламент депутаты: 1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен; 2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; 3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады. Парламент Мəжілісінің депутаты: 1) депутат конституциялық заңға сəйкес партиялық тізім негізінде өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған; 2) конституциялық заңға сəйкес партиялық тізім негізінде депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан; 3) бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты конституциялық заңда айқындалатын тəртіппен сайлаушылар кері шақырып алған кезде өз мандатынан айырылады. Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 6
6. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың осы баптың 3-тармағының талаптарын, депутаттық әдеп ережелерін сақтауына, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға және өкілеттігінен әрі депутатқа ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыруға байланысты мәселелерді әзірлеу Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүктеледі. 📌 Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 53. 53-бап
53-бап Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Тармақша 1-1
1-1) конституциялық заңдарды қабылдайды;
Тармақша 1-2
1-2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған конституциялық заңдар немесе конституциялық заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайталап талқылау мен дауысқа салуды жүргізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент əрбір Палата депутаттарының жалпы санының төрттен үшінің көпшілік даусымен Президенттің қарсылықтарын еңсерсе, Президент бір ай ішінде конституциялық заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылықтары еңсерілмесе, конституциялық заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі;
Тармақша 2
2) Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 4
4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
Тармақша 5
5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 6
6) Конституциялық Соттың Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
Тармақша 7
7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;
Тармақша 8
8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) заңдарымен.
Бап 54. 54-бап
54-бап
Тармақ 1
1. Парламент Палаталардың бөлек отырысында мəселелерді əуелі - Мəжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы заңдар қабылдайды, оның ішінде:
Тармақша 1
1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
Тармақша 3
3) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;
Тармақша 5
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
Тармақша 6
6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;
Тармақша 7
7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.
Тармақ 2
2. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
Тармақша 1
1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды;
Тармақша 2
2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайталап талқылау мен дауысқа салуды жүргізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Мəжіліс пен Сенат əрбір Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен Президенттің қарсылықтарын еңсерсе, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса Палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі;
Тармақша 3
3) республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді. 📌 Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 08.06.2022 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 55. 55-бап
55-бап Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
Тармақша 1-1
1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді бес жыл мерзімге қызметке сайлау және оны қызметінен босату;
Тармақша 2
2) Республика Президентінің Республика Конституциялық Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Бас Прокурорын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;
Тармақша 3
3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкілді оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 5
5) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;
Тармақша 6
6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 📌 Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 56. 56-бап
56-бап
Тармақ 1
1. Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау;
Тармақша 2
2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;
Тармақша 3
3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;
Тармақша 3-1
3-1) Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін жылына екі рет тыңдау;
Тармақша 4
4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақ 2
2. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы. 📌 Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 08.06.2022 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) заңдарымен.
Бап 57. 57-бап
57-бап Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:
Тармақша 1
1) Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
Тармақша 2
2) Конституцияның 47-бабының 1-тармағында көзделген ретте Парламент құратын комиссия мүшелерінің тең жартысына өкілеттік береді;
Тармақша 3
3) Палаталардың бірлескен комиссиялары мүшелерінің тең жартысын сайлайды;
Тармақша 4
4) Палаталар депутаттарының өкілеттігін тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан Палаталардың депутаттарын айыру мәселелерін шешеді;
Тармақша 5
5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша парламенттік тыңдаулар өткізеді;
Тармақша 6
6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі көпшілік даусымен оны қызметінен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады;
Тармақша 7
7) Палаталардың үйлестіруші және жұмыс органдарын құрады;
Тармақша 8
8) өз қызметінің регламентін, Палатаның ұйымдастыру және ішкі тәртібіне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешімдер қабылдайды. 📌 Ескерту. 57-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 58. 58-бап
58-бап
Тармақ 1
1. Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
Тармақ 2
2. Палаталардың төрағалары, егер бұл үшін Палаталардың депутаттары жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қызметтен кері шақырылып алынуы мүмкін, сондай-ақ олар өз еркімен орнынан түсуге хақылы.
Тармақ 3
3. Парламент Палаталарының төрағалары:
Тармақша 1
1) Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етеді;
Тармақша 2
2) Палаталардың қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуге жалпы басшылық жасайды;
Тармақша 3
3) Палаталар төрағаларының орынбасарлары қызметіне сайлау үшін Палаталарға кандидатуралар ұсынады;
Тармақша 4
4) Палаталар қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) Палаталардың үйлестіру органдарының қызметіне басшылық жасайды;
Тармақша 6
6) Палаталар шығаратын актілерге қол қояды;
Тармақша 7
7) Палаталарға Конституциялық Соттың судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады;
Тармақша 8
8) өздеріне Парламент регламенті жүктейтін басқа да міндеттерді атқарады.
Тармақ 4
4. Мәжіліс Төрағасы:
Тармақша 1
1) Парламент сессияларын ашады;
Тармақша 2
2) Палаталардың кезекті бірлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың кезекті және кезектен тыс бірлескен отырыстарына төрағалық етеді.
Тармақ 5
5. Палаталардың төрағалары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады. 📌 Ескерту. 58-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 59. 59-бап
59-бап
Тармақ 1
1. Парламент сессиясы оның Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі.
Тармақ 2
2. Парламенттің бірінші сессиясын Қазақстан Республикасының Президенті сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей шақырады.
Тармақ 3
3. Парламенттің кезекті сессиялары жылына бір рет қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі.
Тармақ 4
4. Парламент сессиясын, әдетте, Республика Президенті ашады және сессия Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында жабылады. Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде Республика Президенті өз бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.
Тармақ 5
5. Палаталардың бірлескен және бөлек отырыстары оларға әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.
Тармақ 6
6. Палаталардың бірлескен және бөлек отырыстары ашық отырыстар болып табылады. Регламенттерде көзделген реттерде жабық отырыстар өткізілуі мүмкін. Республика Президентінің, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелерінің, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кез келген отырыстарға қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар. 📌 Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 60. 60-бап
60-бап
Тармақ 1
1. Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады.
Тармақ 2
2. Палаталардың бірлескен қызметтеріне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.
Тармақ 3
3. Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар шығарады.
Тармақ 4
4. Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.
Бап 61. 61-бап
61-бап
Тармақ 1
1. Заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi. Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тəртіпті қорғауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Республика Үкіметінің заң шығару бастамасы тəртібімен енгізілген заң жобалары Палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің дереу қарауына жатады.
Тармақ 3
3. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, мыналарға:
Тармақша 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 24.12.2024 № 58-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне;
Тармақша 2
2) меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне;
Тармақша 4
4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
Тармақша 5
5) республикалық бюджетке;
Тармақша 6
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 24.12.2024 № 58-НҚ; 18.03.2026 № 77-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 6) сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;
Тармақша 7
7) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
Тармақша 8
8) кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;
Тармақша 9
9) айналадағы ортаны қорғауға;
Тармақша 10
10) республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына; 11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы. Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі. Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген заң жобалары Парламентке енгізілген жағдайда, Республика Үкіметі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мəселелер бойынша заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілер қабылдауға өзінің жауапкершілігімен хақылы, олар Парламент қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Парламент заңдарды қабылдамағанға дейін қолданыста болады.
Тармақ 4
4. Мəжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған заң Сенатқа беріледі, ол онда алпыс күннен асырылмай қаралады. Мəжіліс заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен тұтастай қабылдамауға хақылы. Бас тартылған заң жобасы қабылданбады деп есептеледі жəне бастамашыға қайтарылады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Егер Сенат заңды тұтастай немесе оның жекелеген баптарын мақұлдамаса, онда заң Мəжіліске қайтарылады. Бұл ретте Сенат Мəжіліске заңның жекелеген баптарының редакциясын ұсынуға құқылы. Егер Сенат алпыс күннің ішінде тиісті шешім қабылдамаған жағдайда, заң Президенттің қол қоюына беріледі.
Тармақ 5
5. Егер Мəжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен келіссе, Мəжіліс заңды жаңа редакцияда қабылдаған жəне Сенат мақұлдаған болып есептеледі жəне он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Егер Мəжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына сол көпшілік дауыспен қарсылық білдірсе, сондай-ақ егер Сенат заңды тұтастай мақұлдамаған жағдайда, Палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рəсімдері арқылы шешіледі. Заңның келісу комиссиясы тұжырымдаған редакциясы осы баптың 4-тармағында белгіленген тəртіппен Мəжілістің жəне Сенаттың қарауына жатады. Мəжіліс келісу комиссиясы ұсынған редакциядағы заңды Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылдамаған жағдайларда, Мəжіліс бұрын қабылданған редакциядағы заң бойынша қайтадан дауысқа салуды жүргізеді. Егер қайтадан дауысқа салу кезінде Мəжіліс Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді бекітсе, заң он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Егер заң Мəжіліс депутаттарының көрсетілген көпшілік даусын алмаса, заң қабылданбады деп есептеледі жəне бастамашыға қайтарылады.
Тармақ 5-1
5-1. Алып тасталды - ҚР 08.06.2022 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты көбейтуді көздейтін заңдардың жобалары Республика Үкіметінің оң қорытындысы болғанда ғана енгізілуі мүмкін. Республика Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілген заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.
Тармақ 7
7. Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметке сенім туралы мәселе қоюға хақылы. Бұл мәселе бойынша дауыс беру сенім туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегіз сағаттан ерте өткізілмейді. Егер сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшілік даусын ала алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледі. Алайда Үкімет бұл құқықты жылына екі реттен артық пайдалана алмайды. 📌 Ескерту. 61-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 62. 62-бап
62-бап
Тармақ 1
1. Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.
Тармақ 2
2. Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік даусымен енгізіледі.
Тармақ 4
4. Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен қабылданады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 4-тармағын конституциялық заңдар Конституцияда тікелей көзделген мәселелер бойынша қабылданады, бірақ бұл Конституция мәтінінде осындай деп аталған конституциялық заңдар онымен түбегейлі анықталған дегенді білдірмейді деп түсіну керек. Осы деңгейдегі заңнамалық актілерден олардың реттеу мәселелері Қазақстан Республикасының Конституциясынан алынып тасталған конституциялық заңдар шығарылып тасталуы тиіс - ҚР Конституциялық Сотының 10.01.2023 № 2 нормативтік қаулысына сәйкес.
Тармақ 5
5. Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен заңдарды Мəжіліс қабылдайды, Сенат мақұлдайды. Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Парламенттің жəне оның Палаталарының қаулылары Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша, конституциялық заңдардың жобалары бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.
Тармақ 7
7. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиіс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиіс.
Тармақ 8
8. Республиканың заң және өзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерімен реттеледі. 📌 Ескерту. 62-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 63. 63-бап
63-бап
Тармақ 1
1. Республика Президенті Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.
Тармақ 2
2. Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды. 📌 Ескерту. 63-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бөлім 5. V бөлім
V бөлім ҮКIМЕТ
Бап 64. 64-бап
64-бап
Тармақ 1
1. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Тармақ 2
2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің қызметінде Республика Президентінің және Парламенттің алдында жауапты.
Тармақ 3
3. Конституцияның 57-бабының 6)-тармақшасында көзделген ретте Үкімет мүшелері Парламент палаталарына есеп береді.
Тармақ 4
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 08.04.2023 № 7-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 4. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. Ескерту. 64-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 65. 65-бап
65-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.
Тармақ 2
2. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді.
Тармақ 3
3. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.
Бап 66. 66-бап
66-бап Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 08.04.2023 № 7-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
Тармақша 6
6) министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
Тармақша 7
7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) Заңымен;
Тармақша 9-1
9-1) Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;
Тармақша 10
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 08.04.2023 № 7-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 10) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындайды. Ескерту. 66-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 67. 67-бап
67-бап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі:
Тармақша 1
1) Үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 3
3) Үкімет қаулыларына қол қояды;
Тармақша 4
4) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке және Парламентке баяндап отырады;
Тармақша 5
5) Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтерді атқарады. 📌 Ескерту. 67-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 68. 68-бап
68-бап
Тармақ 1
1. Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербестікке ие әрі өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында жеке-дара жауап береді. Үкіметтің жүргізіп отырған саясатымен келіспейтін немесе оны жүргізбейтін Үкімет мүшесі орнынан түсуге өтініш береді не ол лауазымнан босатылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Үкімет мүшелерінің өкілді органның депутаттары болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік іспен шұғылдануға, заңнамаға сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. 📌 Ескерту. 68-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 69. 69-бап
69-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзыретінің мәселелері бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады.
Тармақ 2
2. Республиканың Премьер-Министрі Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығарады.
Тармақ 3
3. Үкіметтің қаулылары және Премьер-Министрдің өкімдері Конституцияға, заң актілеріне, Республика Президентінің жарлықтары мен өкімдеріне қайшы келмеуге тиіс.
Бап 70. 70-бап
70-бап
Тармақ 1
1. Үкімет жаңадан сайланған Республика Парламенті Мәжілісінің алдында өз өкілеттігін доғарады.
Тармақ 2
2. Егер Үкімет және оның кез келген мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе, олар Республиканың Президентіне өз орнынан түсетіні туралы мәлімдеуге хақылы.
Тармақ 3
3. Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді.
Тармақ 4
4. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республиканың Президенті он күн мерзімде қарайды.
Тармақ 5
5. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.
Тармақ 6
6. Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі қабылданбаған жағдайда Президент оған міндеттерін одан әрі жүзеге асыруды тапсырады.
Тармақ 7
7. Республиканың Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Премьер-Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. 📌 Ескерту. 70-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бөлім 6. VI бөлім
VI бөлім КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ 📌 Ескерту. VI-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескертпе. 08.06.2022 ж. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының Конституциялық Соттың қызметін айқындайтын ережелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бап 71. 71-бап
71-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төрағаны қоса алғанда, он бір судьядан тұрады, олардың өкілеттігі сегіз жылға созылады. Бір адам Конституциялық Соттың судьясы болып бір реттен артық тағайындала алмайды.
Тармақ 2
2. Конституциялық Соттың Төрағасын Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Президенті тағайындайды.
Тармақ 3
3. Конституциялық Соттың төрт судьясын – Республика Президенті, Конституциялық Соттың үш-үш судьясын тиісінше Сенат пен Мəжіліс тағайындайды. Республика Президенті Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот судьяларының арасынан тағайындайды.
Тармақ 4
4. Конституциялық Соттың судьясы қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтен басқа, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқарумен, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды.
Тармақ 5
5. Конституциялық Соттың судьяларын өздерінің өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп əкелуге, оған сот тəртібімен белгіленетін əкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Парламенттің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
Тармақ 6
6. Конституциялық Соттың ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі. 📌 Ескертпе. 08.06.2022 ж. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Конституциялық Сот қалыптастырылғанға дейін Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері өз өкілеттіктерін сақтайды. Ескерту. 71-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 17.09.2022 № 142-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 72. 72-бап
72-бап
Тармақ 1
1. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша:
Тармақша 1
1) дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;
Тармақша 2
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 30.04.2026 № 78-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды;
Тармақша 2-1
2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;
Тармақша 3
3) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;
Тармақша 4
4) Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді;
Тармақша 5
5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар береді.
Тармақ 2
2. Конституциялық Сот Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Республика Президентінің өтiнiштерiн, сондай-ақ Конституцияның 78-бабында белгiленген жағдайларда соттардың өтiнiштерiн қарайды.
Тармақ 3
3. Конституциялық Сот азаматтардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сəйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды. Азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну тəртібі мен шарттары конституциялық заңда айқындалады.
Тармақ 4
4. Конституциялық Сот осы баптың 1-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген мəселелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сəйкестігін Республика Бас Прокурорының өтініштері бойынша қарайды.
Тармақ 5
5. Конституциялық Сот Конституцияда бекітілген адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Республика Конституциясына сəйкестігін Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің өтініші бойынша қарайды. 📌 Ескерту. 72-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 73. 73-бап
73-бап
Тармақ 1
1. Конституциялық Сотқа Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, Президенттің қызметіне кірісуі, Парламенттің сайланған депутаттарын тіркеу не республикалық референдумның нәтижелерін шығару тоқтатыла тұрады.
Тармақ 2
2. Конституциялық Сотқа Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте, тиісті актілерге қол қою не оларды бекіту мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.
Тармақ 3
3. Конституциялық Сот өз шешімін конституциялық заңда белгіленген мерзімдерде шығарады.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 📌 Ескерту. 73-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 74. 74-бап
74-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не, тиісінше, бекітілмейді және күшіне енгізілмейді.
Тармақ 2
2. Конституциялық Сот шешім қабылдаған күннен немесе ол белгілеген күннен бастап конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның жəне азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің, олардың жекелеген ережелерінің күші жойылады жəне қолданылуға жатпайды.
Тармақ 3
3. Конституциялық Соттың шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды. 📌 Ескерту. 74-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бөлім 7. VII бөлім
VII бөлім СОТТАР ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІ. ПРОКУРАТУРА. АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ 📌 Ескерту. VII-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 75. 75-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 16.05.2023 № 13-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 75-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады.
Тармақ 4
4. Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. 📌 Ескерту. 75-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 76. 76-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 11.07.2023 № 20-НҚ; 06.10.2023 № 32-НҚ; 24.12.2024 № 56-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 76-бап
Тармақ 1
1. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.
Тармақ 2
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 22.05.2023 № 16-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 2. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.
Тармақ 3
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 14.07.2023 № 23-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 3. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.
Бап 77. 77-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 16.05.2023 № 13-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 77-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 06.12.2023 № 36-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 1. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.
Тармақ 2
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 06.12.2023 № 36-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 2. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Тармақ 3
3. Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:
Тармақша 1
1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
Тармақша 2
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 14.07.2023 № 23-НҚ; 16.11.2023 № 35-НҚ; 10.01.2024 № 40-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
Тармақша 3
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 22.05.2023 № 16-НҚ; 29.05.2024 № 45-НҚ; 09.10.2024 № 52-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
Тармақша 4
4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
Тармақша 5
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 31.08.2023 № 26-НҚ; 27.12.2024 № 59-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
Тармақша 6
6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
Тармақша 7
7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
Тармақша 8
8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
Тармақша 9
9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
Тармақша 10
10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
Тармақ 4
4. Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.
Бап 78. 78-бап
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 10.01.2024 № 40-НҚ; 27.12.2024 № 59-НҚ нормативтік қаулыларын қараңыз. 78-бап Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Сотқа жүгінуге міндетті. Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.06.2022 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 79. 79-бап
79-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 29.05.2024 № 45-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 1. Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі тек заңда белгіленген негіздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кідіртілуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Судьяны тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, Республика Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз не Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында белгіленген жағдайда, - Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
Тармақ 3
3. Республика соттарының судьяларына қойылатын талаптар конституциялық заңда айқындалады.
Тармақ 4
4. Судьяның қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды. 📌 Ескерту. 79-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 80. 80-бап
80-бап Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және ол сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
Бап 81. 81-бап
81-бап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық істер, жергілікті және басқа да соттардың соттылығына жататын өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген жағдайларда өзінің соттылығына жататын сот істерін қарайды және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер беріп отырады. 📌 Ескерту. 81-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 82. 82-бап
82-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды.
Тармақ 2
2. Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды.
Тармақ 3
3. Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары құрылуы мүмкін. Сот алқалары төрағаларына өкілеттіктер беру тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Тармақ 4
4. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын Республика Президенті Парламент Сенатының келісімімен тағайындайды.
Тармақ 5
5. Жоғары Сот Кеңесінің мəртебесі, құрамын қалыптастыру тəртібі жəне жұмысын ұйымдастыру заңда айқындалады. 📌 Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 83. 83-бап
83-бап
Тармақ 1
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 29.05.2024 № 45-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 1. Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
📌 Ескертпе. ҚР Конституциялық Сотының 20.07.2023 № 24-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз. 2. Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді.
Тармақ 3
3. Республиканың Бас Прокурорын өз өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас Прокурор өкілеттігінің мерзімі – бес жыл.
Тармақ 4
4. Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңда белгіленеді. 📌 Ескерту. 83-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 83-1. 83-1-бап
83-1-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкіл адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жəрдемдеседі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді.
Тармақ 2
2. Адам құқықтары жөніндегі уəкіл өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тəуелсіз болады жəне мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді.
Тармақ 3
3. Қылмыс орнында ұстап алынған немесе ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде, Адам құқықтары жөніндегі уəкілді өз өкілеттігінің мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп əкелуге, оған сот тəртібімен белгіленетін əкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
Тармақ 4
4. Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің құқықтық жағдайы жəне қызметін ұйымдастыру конституциялық заңда айқындалады. 📌 Ескерту. Конституция 83-1-баппен толықтырылды - ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 84. 84-бап
84-бап 📌 Ескерту. 84-бап алынып тасталды - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бөлім 8. VIII бөлім
VIII бөлім ЖЕРГIЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ
Бап 85. 85-бап
85-бап Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.
Бап 86. 86-бап
86-бап
Тармақ 1
1. Жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.
Тармақ 2
2. Мәслихаттарды жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге халық сайлайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бір мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
Тармақ 4
4. Мәслихаттардың қарауына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;
Тармақша 2
2) өздерінің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
Тармақша 3
3) заңмен мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау;
Тармақша 4
4) мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
Тармақша 5
5) Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақ 5
5. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Республика Президенті Премьер-Министрмен және Парламент Палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 6
6. Мәслихаттардың құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі, олардың депутаттарының құқықтық жағдайы заңмен белгіленеді. 📌 Ескерту. 86-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 87. 87-бап
87-бап
Тармақ 1
1. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) коммуналдық меншікті басқару;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
Тармақша 4
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақ 3
3. Жергілікті атқарушы органды Республика Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкімі басқарады.
Тармақ 4
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың əкімдерін тиісінше облыстың аумағында орналасқан мəслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың мəслихаттары депутаттарының келісімімен Республика Президенті қызметке тағайындайды. Республика Президенті дауыс беру жүргізілетін кемінде екі кандидатураны ұсынады. Дауыс беруге қатысқан мəслихат депутаттарының көп дауысын алған кандидат олардың келісімін алды деп есептеледі. Өзге əкімшілік-аумақтық бірліктердің əкімдері заңда айқындалатын тəртіппен қызметке тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ қызметінен босатылады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың əкімдерін қызметінен босатуға құқылы.
Тармақ 5
5. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мəслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен əкімге сенімсіздік білдіруге жəне оны қызметінен босату жөнінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың əкімдеріне қатысты тиісінше Республика Президентінің не өзге де əкімшілік-аумақтық бірліктердің əкімдеріне қатысты жоғары тұрған əкімнің алдына мəселе қоюға құқылы. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады.
Тармақ 6
6. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті, ұйымдастырылуы және олардың қызмет тәртібі заңмен белгіленеді. 📌 Ескерту. 87-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 88. 88-бап
88-бап
Тармақ 1
1. Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер - тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.
Тармақ 2
2. Мәслихаттардың жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығысын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін мәслихат шешімдерінің күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі не жоғары тұрған әкім жоюы мүмкін, сондай-ақ олардың күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін. 📌 Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 89. 89-бап
89-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады.
Тармақ 2
2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру заңға сәйкес берілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен олардың қызметі заңмен реттеледі.
Тармақ 4
4. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі. 📌 Ескерту. 89-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бөлім 9. IX бөлім
IX бөлім ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 90. 90-бап
90-бап
Тармақ 1
1. Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы референдум нәтижелері ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді, сол мезгілден бастап бұрынғы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының күші жойылады.
Тармақ 2
2. Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы Күні деп жарияланады.
Бап 91. 91-бап
91-бап
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына Республика Президентінің өз бастамасымен, Парламенттің немесе Үкіметтің ұсынысымен қабылданған шешімі бойынша өткізілетін республикалық референдум өзгертулер мен толықтырулар енгізуі мүмкін. Егер Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда Парламенттің шешімі Конституцияда белгіленген тәртіппен қабылданады. Егер Республика Президенті Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламенттің ұсынысын қабылдамай тастаса, онда Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемінде бестен төртінің көпшілік даусымен Парламент осы өзгерістер мен толықтыруларды Конституцияға енгізу туралы заң қабылдауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті осы заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады, егер республикалық референдумға қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, ол өткізілді деп есептеледі. Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер олар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 2
2. Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тəуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, Республика қызметінің түбегейлі принциптері, Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланады және бір адам бір реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды деген ережелер өзгермейді.
Тармақ 3
3. Республика Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, олардың осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы Конституциялық Соттың қорытындысы болған жағдайда, республикалық референдумға немесе Республика Парламентінің қарауына шығарылады. 📌 Ескерту. 91-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2022 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 17.09.2022 № 142-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 92. 92-бап
92-бап
Тармақ 1
1. Конституциялық заңдар Конституция күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде қабылдануға тиіс. Егер Конституцияда конституциялық деп аталған заңдар немесе заң күші бар актілер ол күшіне енген кезде қабылданып қойған болса, онда олар Конституцияға сәйкес келтіріледі де, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары деп есептеледі.
Тармақ 2
2. Конституцияда аталған өзге заңдар Парламент белгілейтін тәртіп пен мерзімде, бірақ Конституция күшіне енген күннен бастап екі жылдан кешіктірілмей қабылдануға тиіс.
Тармақ 3
3. Республика Президентінің өзіне берілген қосымша өкілеттікті жүзеге асыру мерзімі ішінде "Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шыққан және заң күші бар Жарлықтары Республика заңдарын өзгерту, толықтыру немесе күшін жою үшін көзделген тәртіппен ғана өзгертілуі, толықтырылуы немесе күшін жоюы мүмкін. 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 64-бабының 12-15, 18 және 20-тармақтарымен көзделген мәселелер бойынша өзіне берілген қосымша өкілеттікті жүзеге асыру мерзімі ішінде шыққан Республика Президентінің Жарлықтары Республика Парламентінің бекітуіне жатпайды.
Тармақ 4
4. Конституция күшіне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдары оған қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады және Конституция қабылданған күннен бастап екі жыл ішінде оған сәйкес келтірілуге тиіс.
Бап 93. 93-бап
93-бап Конституцияның 7-бабын жүзеге асыру мақсатында Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, арнаулы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті.
Бап 94. 94-бап
94-бап
Тармақ 1
1. Конституция күшіне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Конституция белгілеген Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктеріне ие болады және оларды 1995 жылғы 29 сәуірде республикалық референдумда қабылданған шешім бойынша белгіленген мерзім ішінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Республика Президенті өкілеттігінің қазіргі мерзімі Республика Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған Республика Парламентінің қаулысымен қысқартылуы мүмкін. Мұндай жағдайда Парламент Мәжілісі бір ай ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындайды. Осы сайлаудың қорытындылары бойынша сайланған Республика Президенті сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап бір ай ішінде ант береді және жеті жылдан кейін желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізілуге тиіс кезекті Президент сайлауында сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскенге дейін өз өкілеттігін жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Конституция күшіне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Вице-Президенті өзі сайланған мерзім аяқталғанға дейін өкілеттігін сақтайды. 📌 Ескерту. 94-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) Заңымен.
Бап 94-1. 94-1-бап
94-1-бап Конституцияның 41-бабы 1-тармағының Республика Президентінің өкілеттік мерзімін белгілейтін ережесі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика Президентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға қолданылатын болады. 📌 Ескерту. Конституция 94-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.05.2007 № 254-III (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 94-2. 94-2-бап
94-2-бап Конституцияның 42-бабы 5-тармағының ережесі Конституцияның осы нормасы күшіне енгеннен кейін өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамдарға қолданылатын болады. 📌 Ескерту. Конституция 94-2-баппен толықтырылды - ҚР 17.09.2022 № 142-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 95. 95-бап
95-бап
Тармақ 1
1. Бірінші сайланған Сенат депутаттарының жартысы төрт жыл мерзімге, депутаттардың екінші жартысы екі жыл мерзімге конституциялық заңмен белгіленген тәртіппен сайланады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент Мәжілісі депутаттарын партиялық тізімдер негізінде сайлау туралы ережелері екінші шақырылатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудан бастап қолданылады. 📌 Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.10.1998 № 284-I (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) Заңымен.
Бап 96. 96-бап
96-бап Конституция күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті онда белгіленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтарына, міндеттері мен жауапкершілігіне ие болады.
Бап 97. 97-бап
97-бап Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің бірінші құрамы былайша құрылады: Республика Президенті, Парламент Сенатының Төрағасы мен Парламент Мәжілісінің Төрағасы Конституциялық Кеңестің мүшелерінен бір бірден үш жыл мерзімге, ал Конституциялық Кеңестің мүшелерінен бір бірден алты жыл мерзімге тағайындайды, Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті алты жыл мерзімге тағайындайды.
Бап 98. 98-бап
98-бап
Тармақ 1
1. Конституцияда көзделген сот төрелігі мен тергеу органдары тиісті заңдарда көзделген тәртіп пен мерзімде құрылады. Олар құрылғанға дейін жұмыс істеп тұрған сот төрелігі мен тергеу органдары өз өкілеттіктерін сақтайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының және Жоғары Төрелік Сотының, жергілікті соттардың судьялары Конституцияда көзделген соттар құрылғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтайды. Судьялардың бос орындары Конституцияда белгіленген тәртіппен толықтырылады.
Бап 99. 99-бап
99-бап
Тармақ 1
1. Конституциялық Сот жəне Жоғары аудиторлық палата құрылғанға дейін Конституциялық Кеңестің жəне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары мен мүшелері өз өкілеттіктерін сақтайды. Конституциялық Сот құрылғанға дейін Конституцияның 72-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген Конституциялық Соттың функцияларын Конституциялық Кеңес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде оларды Конституциялық Сот қайта қарағанға дейін қолданылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент Палаталарын қалыптастыру туралы ережелері сегізінші сайланған Парламент Мəжілісі депутаттарының сайлауынан бастап қолданылады. 📌 Ескерту. Конституция 99-баппен толықтырылды - ҚР 08.06.2022 (08.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.