Об утверждении проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о регулировании торговой деятельности в части размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары Күшін жойған
Басқа 0
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшері бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшері бөлігінде сақталуын тексеру парағы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының жеке кәсіпкерлік саласында сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 68 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6926 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 18 маусымдағы № 258-259 (26657) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің төрағасы
_____________________ С. Айтпаева
2016 жылғы «____»___________
Басқа 10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшері бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 1 ақпандағы
№ 49 бұйрығымен
бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшері бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес
____________________________________________ сауда объектiлеріне қатысты
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы _____________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган/ бақылау субъектісіне
(объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау _______________________
_____________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт _______________________________________
_____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекен жайы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағаларының белгіленген мөлшерін сақтау.
2.
Сауда объектілеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін ішкі сауда субъектілерінің (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізетін) назарына жеткізу.
Лауазымды адам (адамдар) _______________________________________
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
__________________________________________________ _________________
лауазымы қолы
Бақылау субъектісінің басшысы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
__________________________________________________ _________________
лауазымы қолы