Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, для которых за счет средств областного бюджета устанавливаются повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі 139-бабының 9-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Әкімдіктің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 71 қаулысына
1-қосымша
Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) арнаулы медициналық жабдықтау қоймасының басшысы (меңгерушісі).
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) стационарлық үлгідегі ұйымның (психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің, тірек-қозғалыс аппаратының ауытқулары бар мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің, егде және мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің, тәулік бойы тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымның), жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндізгі болу бөлімінің, аумақтық және оңалту орталықтарының, ұйымда көрсетілетін қызмет алушының күндізгі ұзақ және уақытша (6 айға дейінгі мерзімде) тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдардың) басшысы;
Тармақша 2
2) облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары;
Тармақша 3
3) аудандардың Мансап орталығының басшысы; жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндізгі болу бөлімінің, аумақтық және оңалту орталықтарының, ұйымда көрсетілетін қызмет алушының күндізгі ұзақ және уақытша (6 айға дейінгі мерзімде) тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымның), үй ішінде қызмет көрсету ұйымының (үй ішінде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің, көрсетілетін қызмет алушының тұрғылықты орны бойынша үй ішінде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымның), уақытша болу ұйымының (әлеуметтік бейімделу орталықтарының, көрсетілетін қызметтер алушыларының, оның ішінде адам саудасы құрбандарының, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының, бостандықтан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың түнде болу үйлерінің және басқалары) басшысы;
Тармақша 4
4) облыстық маңызы бар стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның медициналық бөлімшесінің меңгерушісі;
Тармақша 5
5) аудандардың Мансап орталығы секторының басшысы; аудандардың Мансап орталығы бөлімінің басшысы; Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі; Мансап орталығының маманы;
Тармақша 6
6) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
Тармақша 7
7) мейірбике (мейіргер);
Тармақша 8
8) провизор (фармацевт);
Тармақша 9
9) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
Тармақша 10
10) фельдшер;
Тармақша 11
11) акушер;
Тармақша 12
12) тәрбиеші;
Тармақша 13
13) логопед;
Тармақша 14
14) психолог;
Тармақша 15
15) әдіскер;
Тармақша 16
16) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
Тармақша 17
17) еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы;
Тармақша 18
18) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
Тармақша 19
19) мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы);
Тармақша 20
20) музыкалық жетекші;
Тармақша 21
21) райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер;
Тармақша 22
22) жүзу жөніндегі нұсқаушы;
Тармақша 23
23) дәріхана басшысы (меңгерушісі);
Тармақша 24
24) кітапханашы.
Тармақ 3
3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері, білім беру ұйымдарының оқытушылары;
Тармақша 2
2) мектепке дейінгі ұйымның, орта білім беру (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, мектептен кейінгі білім беру ұйымының, мамандандырылған білім беру ұйымының, арнайы білім беру ұйымының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымның, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының, оқу (ғылыми)-әдістемелік (әдістемелік) орталықтардың (кабинеттердің), дарынды балалармен жұмыс бойынша орталықтардың, қосымша білім беру (орталық, кешен), біліктілікті арттыру институттарының (филиалдары) басшылары (басшы, директор, меңгеруші);
Тармақша 3
3) алғашқы әскери және технолгиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы (білім беру мекемесінде әскери жетекші, техникалық және кәсіптік, мектептен кейінгі білім беру ұйымының алғашқы әскери оқытушы-ұйымдастырушысы);
Тармақша 4
4) құрылымдық бөлімшенің (бөлімнің, бөлімшенің) жетекшісі (меңгеруші, басшы);
Тармақша 5
5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, ғылыми, оқыту, ғылыми-практикалық (орталық), оқу өндірістік, оқу-тәрбиелік, оқу-әдістемелік, оқу-сауықтыру жұмысы және қосымша білім беру (орталықтың, кешеннің), тәрбие жұмысы, ақпараттандыру, алғашқы әскери және технологиялық даярлық бойынша, инновациялық білім (технологиялар) бойынша, бейінді оқыту бойынша, кәсіптік оқыту бойынша, оқу-әдістемелік бірлестігі бойынша басшының орынбасары;
Тармақша 6
6) интернат, зертхана, білім беру ұйымы кабинетінің, білім беру ұйымдарындағы бөлімше, оқу-өндірістік, оқу әдістемелік, оқу-тәрбиелік қызметпен айналысатын; жаппай ұйымдастыру жұмысының, ғылыми-зерттеу жұмысының, оқу бөлімінің, секторының, білім беру ұйымының оқу өндірістік (оқу) шеберханасының меңгерушісі;
Тармақша 7
7) біліктілікті арттыру институтының (филиалының) кафедра меңгерушісі;
Тармақша 8
8) біліктілікті арттыру институтының (филиалының) аға оқытушысы;
Тармақша 9
9) әлеуметтік педагог;
Тармақша 10
10) педагог-ассистент;
Тармақша 11
11) қосымша білім беру педагогы;
Тармақша 12
12) педагог-психолог, психолог;
Тармақша 13
13) арнайы білім беру педагогі (дефектолог-мұғалімі, дефектолог, логопед-мұғалімі, логопед, олигофренопедагогы, сурдопедагог, тифлопедагог);
Тармақша 14
14) педагог-ұйымдастырушы, алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімі;
Тармақша 15
15) тәрбиеші: аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында), жатақхана тәрбиешісі; ана-тәрбиеші;
Тармақша 16
16) оқытушы, спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы, тікелей оқу-оқытушылық қызметпен айналысатын спорт бойынша аға жаттықтырушы-оқытушы;
Тармақша 17
17) аға вожатый, вожатый;
Тармақша 18
18) жастар ісі жөніндегі инспекторы;
Тармақша 19
19) аудармашы-дактилолог (білім беру ұйымдарында сурдоаудармашы);
Тармақша 20
20) мәдени ұйымдастырушы (білім беру ұйымдарындағы);
Тармақша 21
21) нұсқаушы: еңбек бойынша (білім беру ұйымдарында); дене тәрбиесі бойынша, соның ішінде арнайы білім беру ұйымдарында тікелей оқу-тәрбие қызметімен айналысатын; дене-спорттық ұйымдардың нұсқаушы-әдіскері, жүзу-әдіскер нұсқаушысы, туризм бойынша нұсқаушы-әдіскер;
Тармақша 22
22) аға шебер, өндірістік оқыту шебері; шебер-өндірістік оқытудың оқытушысы;
Тармақша 23
23) мектепке дейінгі білім беру ұйымы, қосымша білім беру ұйымы; техникалық және кәсіптік, мектептен кейінгі білім, оқу-әдістемелік (әдістемелік) орталықтың (кабинеттің), дарынды балалармен жұмыс бойынша орталықтың, арнайы білім беру ұйымының әдіскері (аға әдіскер);
Тармақша 24
24) музыкалық жетекші, аккомпаниатор, тікелей оқу-тәрбиелік қызметпен айналысатын хореограф, концертмейстер, көркемдік жетекшісі;
Тармақша 25
25) барлық мамандықты дәрігерлер;
Тармақша 26
26) мейірбике (мейіргер);
Тармақша 27
27) емдәмдік мейірбике;
Тармақша 28
28) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);
Тармақша 29
29) кітапханашы.
Тармақ 4
4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) облыстық маңызы бар ММ және МКК басшысы;
Тармақша 2
2) облыстық маңызы бар ММ және МКК басшысының орынбасары;
Тармақша 3
3) облыстық маңызы бар ММ және МКК секторының басшысы, облыстық маңызы бар ММ, МКК бөлім басшысы;
Тармақша 4
4) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
Тармақша 5
5) аға ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер;
Тармақша 6
6) бас қор сақтаушы (облыстық маңызы бар қалалар), қор сақтаушы;
Тармақша 7
7) экскурсовод;
Тармақша 8
8) мұражай қараушысы;
Тармақша 9
9) музейлер қорын есепке алу архивисті;
Тармақша 10
10) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
Тармақша 11
11) облыстық маңызы бар ММ филиалының басшысы;
Тармақ 5
5. Орман шаруашылығы мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) облыстық маңызы бар орман шаруашылығы КММ басшысы;
Тармақша 2
2) облыстық маңызы бар КММ басшысының орынбасары;
Тармақша 3
3) облыстық маңызы бар КММ орманшылық басшысы (орман күтуші);
Тармақша 4
4) облыстық маңызы бар орман өрт сөндіру станциясының басшысы;
Тармақша 5
5) облыстық маңызы бар КММ орман тұқымбағының басшысы;
Тармақша 6
6) орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері;
Тармақша 7
7) аңшылықтанушы;
Тармақша 8
8) облыстық маңызы бар орманшылық басшының орынбасары;
Тармақша 9
9) орман (учаске) шебері;
Тармақша 10
10) орманшы (инспектор).
Тармақ 6
6. Дене шынықтыру және спорт мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысы;
Тармақша 2
2) облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары;
Тармақша 3
3) облыстық маңызы бар аға жаттықтырушы;
Тармақша 4
4) облыстық маңызы бар аға жаттықтырушы-оқытушы;
Тармақша 5
5) барлық мамандықтағы дәрігер;
Тармақша 6
6) медициналық бике/аға (мамандандырылған);
Тармақша 7
7) әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-спортшы.
Ескерту:
КММ – коммуналдық мемлекеттік мекеме;
МКК – мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;
ММ – мемлекеттік мекеме.
Басқа 93. Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
Әкімдіктің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 71 қаулысына
2-қосымша
Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3670 болып тiркелген, 2009 жылғы 25 ақпанда «Қостанай таңы» газетiнде жарияланған).
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 209 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы» әкімдіктің 2009 жылғы 20 қантардағы № 45 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3724 болып тiркелген, 2010 жылғы 9 шілдеде «Қостанай таңы» газетiнде жарияланған).
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 20 шілдедегі № 292 «Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қантардағы № 45 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3771 болып тiркелген, 2011 жылғы 18 тамызда «Костанайские новости» газетiнде жарияланған).
Тармақ 4
4. Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 460 «Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4298 болып тiркелген, 2013 жылғы 29 қарашада «Қостанай таңы» газетiнде жарияланған).
Тармақ 5
5. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 143 «Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкалары кемінде жиырма бес процентке жоғары белгіленетін, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4691 болып тiркелген, 2014 жылғы 21 мамырда «Қостанай таңы» газетiнде жарияланған).
Тармақ 6
6. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 591 «Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5239 болып тiркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетiнде жарияланған).
Тармақ 7
7. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 тамыздағы № 326 «Әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгіленетін, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5834 болып тiркелген, 2015 жылғы 8 қыркүйекте «Қостанай таңы» газетiнде жарияланған).