Об утверждении Правил приема на обучение в военные учебные заведения, подведомственные Министерству обороны Республики Казахстан, реализующие образовательные программы соответствующего уровня Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығына 1-қосымша Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңдарына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ҚМ) ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қабылдау жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын (бұдан әрі – әскери институттар) ҚР ҚМ ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламалары бойынша қабылдауды қоспағанда, 1 наурызға дейін ҚР ҚМ-ның әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) жасайтын ҚР ҚМ бекіткен қабылдау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, онда қабылдау квотасы көрсетіледі.
Тармақ 2-1
2-1. Әскери институттарға даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқудың қысқартылған мерзімі бар білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау әскери институттарда өткен жылы қабылданған білім алушылармен жасақталмауын ескере отырып, құрылымдық бөлімше жасайтын, ҚР ҚМ бекіткен Қабылдау жоспарына сәйкес қабылдау жылының 1 маусымына дейін жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қабылдау жылының 15 сәуіріне дейін ҚР ҚМ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының (бұдан әрі – БШ) құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері (бұдан әрі – ҚР ҚК) түрлерінің бас қолбасшылары, ҚР ҚК тектерінің қолбасшылары, ҚР ҚК бас басқармалары мен басқармаларының бастықтары, сондай-ақ Заңның 39-1-бабына сәйкес олардың мүддесінде мамандар даярлау жүзеге асырылатын әскери қызметшілері мен қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне түсуге құқығы бар мемлекеттік органдар (бұдан әрі – тапсырыс берушілер) және әскери оқу орындарының (бұдан әрі – ӘОО) бастықтары құрылымдық бөлімшеге қабылдау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсынады. Қабылдау комиссияларының құрамы қабылдау жылының 1 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 4
4. Қабылдау комиссиясының төрағасы әскери оқу орнының бастығы болып табылады.
Тармақ 5
5. Қабылдау комиссиясының құрамы комиссия төрағасынан, оның орынбасарынан, комиссия хатшысынан және комиссияның басқа да мүшелерінен тұрады. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды. Шешімдер қабылдау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауыс беруімен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 6
6. Қабылдау комиссиясының отырыстары қабылдау комиссиясының төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі және хаттамалармен ресімделеді.
Тармақ 7
7. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және оқуға түсушілердің құқықтарын қорғау үшін конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша даулы мәселелерді шешу мақсатында әскери оқу орны бастығының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия оның мүшелерінің тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссияның құрамы әскери оқу орнының өкілдері қатарынан құрылады.
Тармақ 7-1
7-1. Конкурстық іріктеу нәтижелерімен келіспейтін адам конкурстық іріктеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні апелляцияға өтініш береді. Өтінішті апелляциялық комиссия өтініш иесінің қатысуымен оны берген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қарайды. Апелляциялық комиссия әрбір оқуға түсушімен жеке тәртіппен жұмыс істейді. Оқуға түсуші апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның апелляцияға өтініші қаралмайды. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс беруімен қабылданады және өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде шығарылады. Дауыстар тең болған кезде апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы комиссия төрағасы мен оның барлық мүшелері қол қойылған хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 8
8. Қабылдау жылының 1 маусымына дейін қабылдаудың қорытынды кезеңінен өту үшін құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша әскери оқу орындарының басшылары бекітетін рейтингілік балды есептеу кестесі жасалады. Рейтингілік балды есептеу кестесі әскери оқу орнының интернет ресурсында орналастырылады және жергілікті әскери басқару органдарына (жоғары оқу орнынан кейінгі білімді қоспағанда) жеткізіледі. Абитуриенттің рейтингілік балы кәсіби-психологиялық іріктеу нәтижесін, дене шынықтыру дайындығын тапсыру нәтижесін, ҰБТ нәтижесінің балын, бейінді пәндер орташа мәнінің балын қамтиды. Ұшқыш мамандығына оқуға түсушілер үшін психофизиологиялық іріктеу нәтижесін қамтиды.
Тарау 2. 2-тарау. Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға қабылдау
2-тарау. Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға қабылдау
Тармақ 9
9. «Жас ұлан» республикалық мектептеріне (бұдан әрі – Мектеп) оқуға түсетін жылы он бес жастан жас емес, бірақ он алты жастан үлкен емес, оқуға түсетін жылы орта білім беретін ұйымның 9 (10 – 12 жылдық оқу кезінде) сыныбын аяқтаған және негізгі орта білімі туралы куәлік алған Қазақстан Республикасының жасөспірім азаматтары қабылданады. Құрылымдық бөлімше жоспарланған оқушыларды Мектептерге қабылдау туралы ақпаратты қабылдау жылының 1 наурызына дейін жергілікті атқарушы органға (білім беру басқармасына) жеткізеді.
Тармақ 10
10. Денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды оқуға түсушілер қабылдау жылын қоса алғанда 1 – 5 тамыз кезеңінде Мектепке ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) келеді және осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттарды қоса тіркеумен мектепке қабылдау туралы өтініш береді. Қабылдау комиссиясына толық құжаттар тізбесін ұсынбаған оқуға түсушілер қабылдауға жіберілмейді.
Тармақ 11
11. Мектепке қабылдау қабылдау жылын қоса алғанда, 6 – 20 тамыз кезеңінде конкурстық негізде мынадай 5 (бес) кезеңде жүзеге асырылады: І кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу; II кезең – негізгі орта білім беру бағдарламасы бойынша математика және оқыған тілі бойынша тестілеу; ІІІ кезең – «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» (бұдан әрі – Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидалары) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру; IV кезең – осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нормативтер бойынша дене шынықтыру дайындығын тексеру; V кезең – конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.
Тармақ 12
12. Оқуға түсушілерге қабылдаудың әрбір кезеңнен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.
Тармақ 13
13. Оқуға түсушілерді кәсіби-психологиялық іріктеу ынталылык, күйзеліске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиясы құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша Мектептің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімімен бірлесіп жүргізеді. Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.
Тармақ 14
14. Математика және оқыған тілі бойынша тестілеу оқуға түсушілердің білім деңгейін анықтау үшін жүргізіледі. Математика және оқыған тілі бойынша тестілеу сұрақтары Үлгілік бағдарламалармен көзделген негізгі орта білім беруге арналған бағдарламаны ескере отырып құрылады және әрқайсысына 20 сұрақтан құрады. Тестілеу сұрақтарында 1 сұрақ 1 балға теңестіріледі. Келесі кезеңге өту балы әр пән бойынша кемінде 5 бал болып табылады.
Тармақ 15
15. Оқуға түсушілерді түпкілікті медициналық куәландыру денсаулық жағдайы бойынша Мектепте оқуға жарамдылығын анықтауды қамтиды.
Тармақ 16
16. Оқуға түсушілердің дене шынықтыру дайындығын тексеру осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім беру үшінкөзделген дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды. Барлық жаттығулар үшін балдар жиынтығы бойынша 60 балдан төмен жинаған және екі норматив бойынша төмен балл жинамаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.
Тармақ 17
17. Конкурстық іріктеу ең жоғарыдан ең төменгі рейтингілік балға дейін оқуға түсушілердің рейтингісін жасауды қамтиды және оны қабылдау комиссиясы қабылдау жылының 20 тамызында жүргізеді. Мектепке рейтингте бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады. Қабылдау жоспарын жалпы саннан 10 %-ға дейін асыруға жол беріледі.
Тармақ 18
18. Әскери қызметшілердің балалары Заңның 52-бабы 3-тармағымен көзделген талаптар бар болған кезде Мектепке конкурстан тыс қабылдау құқығын пайдаланады.
Тармақ 19
19. Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жылының 21 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады және Мектептің интернет ресурсында орналастырылады, апелляцияға өтініштер 21 тамызда сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
Тармақ 20
20. Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешімін қабылдау жылының 22 тамызында Мектептің бастығы бекітеді.
Тармақ 21
21. Мектептерге оқуға түскендер оқу үшін қабылдау жылының 29 тамызына дейін келеді.
Тарау 3. 3-тарау. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға қабылдау
3-тарау. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға қабылдау
Тармақ 22
22. Жалпы орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламасын іске асыратын ҚР ҚМ Әскери колледжіне (бұдан әрі – жалпы орта білім беру базасындағы Әскери колледж) Заңның 39-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келетін азаматтар (әскери қызметшілер) оқуға түсуге құқылы. Негізгі орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламасын іске асыратын ҚР ҚМ Әскери колледжіне (бұдан әрі – негізгі білім беру базасындағы Әскери колледж) Заңның 39-бабының 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін азаматтар оқуға түсуге құқылы.
Тармақ 23
23. Оқуға түсетін адам әскери колледждің қабылдау комиссиясына осы Қағидаларға «Әскери колледжге және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі» деген 2-қосымшаға сәйкес құжат топтамасын ұсынады не «ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш жасайды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған не ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған әскери колледжге оқуға түсуге өтінім жібереді және осы Қағидаларға «Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі» деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжат топтамасын қоса тіркейді. Әскери оқу орнының қызметкері құжат топтамасын қабылдауды, оқуға түсуші келген күні оларды тіркеуді (қызмет беруші қызметкер портал арқылы алған күні) жүзеге асырады, қызмет алушы құжат топтамасын толық ұсынбаған жағдайда не олардың қолдану мерзімі өтіп кеткен болса, құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Қабылдау комиссиясына не портал арқылы құжаттың толық топтамасын ұсынбаған оқуға түсушіге құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
Тармақ 24
24. Қабылдау жылының 10 маусымына дейін жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледжге азаматтар қатарынан оқуға түсетін адам тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына не «Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі» деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы өтініш жасайды. Жергілікті әскери басқару органының басшысы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – ҚР ҰҚО туралы Заң) 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес жұмысты ұйымдастырады және арнайы тексеру жүргізу үшін оқуға түсушінің тиісті құжаттарын оларды ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жібереді. Портал арқылы өтініш жасаған азаматтар үшін арнайы тексеру бойынша тиісті құжаттарды ҚР ҰҚО туралы Заңның 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледж жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжат топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті беруші олар түскен сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, толық болмаған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жетіспейтін құжат туралы хабарламаны порталдағы «жеке кабинетке» жібереді. Егер 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжат ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартуды дайындайды, ол электрондық құжат нысанында өтініш берушінің порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі» деген 2-2-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. Арнайы тексеруден өткен, білімі туралы құжаты бар оқуға түсуші жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледжге қабылдау жылының 31 шілдесін қоса алғанда келеді. Портал арқылы өтініш жасаған оқуға түсуші «жеке кабинетке» түскен хабарламаға сәйкес әскери колледжге келеді.
Тармақ 25
25. Әскери қызметшілер қатарынан жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледжге оқуға түсуші қабылдау жылының 10 мамырына дейін әскери бөлім командирінің атына тиісті баянатпен өтініш жасайды. Әскери бөлім командирі жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледжге оқуға түсуге ниет білдірген әскери қызметшіге қатысты жұмысты ұйымдастырады және оқуға түсушінің тиісті құжаттарын ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жүргізу үшін оларды ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жолдайды. Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, білімі туралы құжаты бар әскери қызметші қабылдау жылының 31 шілдесіне дейін жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледжге келеді. Портал арқылы өтініш жасаған оқуға түсуші «жеке кабинетке» түскен хабарламаға сәйкес жалпы орта білім базасындағы әскери колледжге келеді.
Тармақ 26
26. Мектеп және «Арыстан» мамандандырылған лицейін бітірушілер қатарынан оқуға түсуші жалпы орта білім беру базасындағы Әскери колледжге оқуға түсу үшін қабылдау жылының 10 мамырын қоса алғанда, оқуға түсуші оқып жатқан білім беру ұйымы басшысының атына өтініш жасайды. Мектептің және «Арыстан» мамандандырылған лицейінің басшысы жұмысты ұйымдастырады және оқуға түсушінің тиісті құжаттарын ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жүргізу үшін оларды ұсынғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жолдайды. Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды бітіруші Мектепте және «Арыстан» мамандандырылған лицейінде кәсіби-психологиялық тестілеуден өту және дене шынықтыру дайындығы нормативін тапсыру үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде құрылған комиссияға жіберіледі. Кәсіби-психологиялық іріктеуден өткен және дене шынықтыру дайындығы нормативін тапсырған және білімі туралы құжаты бар Мектеп және «Арыстан» мамандандырылған лицейінің бітірушісі қабылдау жылының 5 тамызына дейін түпкілікті медициналық куәландырудан өту және оқуға қабылдау үшін жалпы орта білім беру базасындағы Әскери колледжге келеді.
Тармақ 26-1
26-1. Негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжге оқуға түсуші қабылдау жылын қоса алғанда, 1 – 5 тамыз кезеңінде негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжге заңды өкілдерімен келеді және қабылдау туралы өтініш береді. Мынадай талаптарға сәйкес келмейтін:
Тармақша 1
1) сот əрекетке қабiлетсiз немесе əрекетке қабілеті шектеулi деп таныған;
Тармақша 2
2) əскери-дəрiгерлiк комиссияның қорытындысына сəйкес əскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтiретін ауруы бар;
Тармақша 3
3) заңда белгіленген тəртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
Тармақша 5
5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
Тармақша 6
6) тізбесін уəкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психофизиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куəландырудан өтпеген;
Тармақша 7
7) қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесе ҚР ҚПК-ның 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
Тармақша 8
8) арнайы тексеруден өтпеген жəне (немесе) өзі туралы не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, əжелері, немерелері) туралы немесе жұбайы (зайыбы) жəне оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мəліметтер хабарлаған;
Тармақша 9
9) уəкілетті органның басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған;
Тармақша 10
10) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған;
Тармақша 11
11) өзіне қатысты қылмыстық топ құрамындағы қылмыс туралы қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін ҚР ҚПК-ның 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан оқуға түсушіге С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге қабылдаудан бас тартылады.
Тармақ 27
27. Қабылдау кезеңінде жалпы орта білім беру базасында оқуға түсетін адам әскери колледж аумағында орналастырылады, негізгі орта білім беру базасында оқуға түсетін адам әскери колледж аумағында заңды өкілдерінің рұқсатымен орналастырылады және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормалары (бұдан әрі – жабдықтау нормалары) бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 28
28. Азаматтар мен әскери қызметшілерді әскери колледждерге қабылдау 1 – 20 тамызда мынадай кезеңдер бойынша жүзеге асырылады: І кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу; ІІ кезең – Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру; ІІІ кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру; ІV кезең – конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.
Тармақ 29
29. Оқуға түсушілерге әрбір қабылдау кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.
Тармақ 30
30. Оқуға түсушілерді кәсіби-психологиялық іріктеу ынталандыру, күйзеліске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиялары құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша әскери колледждердің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімдерімен бірлесіп жүргізеді. Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.
Тармақ 31
31. Оқуға түсушілерді түпкілікті медициналық куәландыру денсаулық жағдайы бойынша әскери колледждерде оқуға жарамдылығын айқындауды қамтиды және оны Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес құрылатын медициналық комиссия жүргізеді.
Тармақ 32
32. Оқуға түсушілердің дене шынықтыру дайындығын тексеру мынадай дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды:
Тармақша 1
1) жалпы орта білім беру базасындағы Әскери колледжге – «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9518 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 195 бұйрық) сәйкес;
Тармақша 2
2) негізгі білім беру базасындағы Әскери колледжге – осы Қағидаларға «Мектепке және негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжге оқуға түсу үшін дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер» деген 2-1-қосымшаға сәйкес норматив бойынша. Барлық жаттығу үшін балдар жиынтығы бойынша 60 балдан төмен жинаған және екі норматив бойынша ең төмен балл жинамаған азаматтық жастар қатарынан оқуға түсуші кезеңнен өтпеген болып саналады.
Тармақ 33
33. Конкурстық іріктеуді қабылдау комиссиялары қабылдау жылының 20 тамызында жүргізеді және оқуға түсушілердің ең жоғарыдан ең төменгіге дейін балдар рейтингісін жасауды қамтиды. Рейтинг осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери колледждер қабылдау комиссияларының хаттамаларымен (бұдан әрі – Хаттама) ресімделеді. Әскери колледждерге рейтингіде бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады. Қабылдау жоспарын жалпы саннан 10 %-ке дейін асыруға жол беріледі. Қабылдау комиссияларының шешімдері қабылдау жылының 21 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады және интернет ресурста орналастырылады және 23 тамызда әскери колледждер бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі. Апелляцияға өтініштер 22 тамызда сағат 11.00-ге дейін қабылданады.
Тармақ 34
34. Әскери оқу орындарына қабылдауға конкурс өткізу кезінде конкурстық іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен жағдайда Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың басым құқығы бар.
Тармақ 35
35. Жалпы орта білім беру базасындағы Әскери колледжге оқуға қабылданған оқуға түсетін адам жалпы орта білім беру базасындағы Әскери колледж бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды. Негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжде оқитын адам үшінші оқу курсына ауысқан кезде өзі оқитын негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледж бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды. Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт «Әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшарттың және ұсынымның үлгi нысандарын, сондай-ақ аттестаттау парағының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 36 қбпү бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16594 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жасалады.
Тармақ 36
36. Жалпы орта білім беру базасындағы әскери колледждің кадрлар бөлімі оқуға қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жергілікті әскери басқару органына және әскери бөлімге оқуға қабылдау туралы бұйрықтан үзінді жібереді.
Тармақ 36-1
36-1. Негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжге оқуға қабылданған оқуға түсетін адам оқу үшін қабылдау жылының 29 тамызына дейін келеді.
Тарау 4. 4-тарау. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына қабылдау
4-тарау. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына қабылдау
Тармақ 37
37. Әскери институттарға Заңның 39-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес азаматтар, сондай-ақ әскери колледж түлектері қысқартылған оқу мерзімі бар білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түседі.
Тармақ 38
38. Оқуға түсетін адам әскери институтқа оқуға түсу үшін осы Қағидаларға «Әскери колледжге және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі» деген 2-қосымшаға сәйкес құжат топтамасын қабылдау комиссиясына ұсынады не осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі» деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, портал арқылы өтінім береді. Құжаттардың толық пакетін ұсынбаған оқуға түсушілер қабылдауға жіберілмейді.
Тармақ 39
39. Азаматтар әскери институтқа оқуға түсу үшін қабылдау жылының 10 маусымына дейінгі мерзімді қоса алғанда, тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органы басшысының атына не осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі» деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, портал арқылы ЖОО басшысының атына өтінішпен жүгінеді. Жергілікті әскери басқару органының басшысы ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жұмысын ұйымдастырады. Портал арқылы өтініш жасаған азаматтар үшін арнайы тексеру бойынша тиісті құжаттарды ҚР ҰҚО туралы Заңның 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес ЖОО жібереді және нәтижесі ЖОО-ға түседі. Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті беруші олар келіп түскен сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, толық болмаған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жетіспейтін құжат туралы хабарламаны порталдағы «жеке кабинетке» жібереді. Егер 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжат ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол электрондық құжат нысанында өтініш берушіге порталдағы «жеке кабинетке» жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы құжат топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті беруші 2-2-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, ҰБТ-ның 5 пәні бойынша кемінде 50 балл (оның ішінде бір бейінді пән бойынша кемінде 5 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 3 балл) жинаған азаматтар қабылдау жылының 15 – 31 шілде кезеңін қоса алғанда, құжаттарды тапсыру үшін әскери институтқа келеді. Портал арқылы өтініш жасаған оқуға түсуші «жеке кабинетке» түскен хабарламаға сәйкес әскери институтқа келеді.
Тармақ 40
40. Оқуға түсушілер қабылдау кезеңінде әскери институттың аумағында орналастырылады және жабдықтау нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 41
41. Әскери институтқа оқуға түсу үшін әскери қызметшілер қатарынан оқуға түсуші қабылдау жылының 10 мамырына дейін әскери бөлім командирінің атына тиісті баянатпен өтініш жасайды. Әскери бөлім командирі әскери институтқа оқуға түсуге ниет білдірген әскери қызметшіге қатысты ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жұмысын ұйымдастырады және әскери қызметшіні қызмет орны бойынша ҰБТ қабылдау пункттеріне жібереді. Арнайы тексеруден өткен, ҰБТ-ның 5 пәні бойынша кемінде 50 балл (оның ішінде бір бейінді пән бойынша кемінде 5 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 3 балл) жинаған әскери қызметшіге әскери институтқа келу күнін қабылдау жылының 31 шілдесінен кешіктірмей көрсетіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 135-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) оқу демалысы беріледі. Портал арқылы өтініш жасаған әскери қызметшілер үшін арнайы тексеруді ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес ЖОО ұйымдастырады және нәтижесі ЖОО-ға түседі. Портал арқылы өтініш жасаған оқуға түсуші «жеке кабинетке» түскен хабарламаға сәйкес әскери институтқа келеді. Оқуға түсу үшін келген әскери қызметші әскери институтта орналастырылады және жабдықтау нормалары бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 41-1
41-1. Мерзімді әскери қызмет өткеретін (өткерген), әскери оқу орнына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар қатарынан оқуға түсетін адам мерзімді қызмет аяқталған сәттен бастап бір жылдан кешіктірмей не әскери қызмет өткеру кезеңінде және ол оқуға түскен жылы 24 (жиырма төрт) жасқа толмаса (Заңның 39-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес), қабылдау жылының 10 маусымына дейінгі мерзімді қоса алғанда, тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органы басшысының, бөлім командирінің атына не осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі» деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, портал арқылы өтінішпен жүгінеді. Жергілікті әскери басқару органының басшысы ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жұмысын ұйымдастырады. Портал арқылы өтініш жасаған азаматтар үшін ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеруді ЖОО ұйымдастырады және нәтижесі ЖОО-ға түседі. Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды азамат қабылдау жылының 31 шілдесіне дейін құжаттарды тапсыру үшін және қорытынды медициналық куәландырудан өту үшін әскери оқу орнына келеді. Көрсетілетін қызметті алушы құжат топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімінде жүргізілетін конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 42
42. Әскери институтқа оқуға түсуге ниет білдірген Мектеп және «Арыстан» мамандандырылған лицейін бітіруші қабылдау жылының 10 мамырына дейін өздері оқитын білім беру ұйымы басшысының атына не «Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі» деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжаттарды қоса беріп, портал арқылы тиісті өтініш жасайды. Мектептің және «Арыстан» мамандандырылған лицейінің басшысы:
Тармақша 1
1) арнайы тексеру;
Тармақша 2
2) кәсіби-психологиялық тестілеуді тапсыру;
Тармақша 3
3) дене шынықтыру дайындығы нормативтерін тапсыру;
Тармақша 4
4) ҰБТ тапсыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Бұл ретте кәсіби-психологиялық тестілеуді және дене шынықтыру дайындығы нормативтерін тапсыруды Мектеп және «Арыстан» мамандандырылған лицейі жанынан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде құрылған комиссия жүзеге асырады. Арнайы тексеруден өткен, денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, кәсіби-психологиялық тестілеуді және дене шынықтыру дайындығы нормативтерін тапсырған, ҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 50 балл (оның ішінде бір бейінді пән бойынша кемінде 5 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 3 балл) жинаған Мектеп және «Арыстан» мамандандырылған лицейін бітірушілер қабылдау жылының 31 шілдесінде түпкілікті медициналық куәландырудан өту үшін әскери институтқа келеді. Портал арқылы өтініш жасаған оқуға түсуші «жеке кабинетке» түскен хабарламаға сәйкес әскери институтқа келеді.».
Тармақ 42-1
42-1. Әскери институтқа оқуға түсуге ниет білдірген әскери колледж бітірушісі (бұдан әрі – әскери колледж бітірушісі) мемлекеттік емтихандарды тапсырғаннан кейін келесі күні сағат 18.00-ге дейін әскери колледж бастығының атына тиісті баянатпен өтініш жасайды, одан кейін әскери колледж бастығының бұйрығымен құрылған комиссияның конкурстық іріктеуіне жіберіледі. Конкурстық іріктеуді өткізу жөніндегі комиссияның жұмысы бітіруші баянат бергеннен кейін келесі күні аяқталады. Конкурстық іріктеу қорытынды аттестаттауды тапсыру нәтижесі және барлық оқу пәні бойынша үлгерімнің орташа балы негізінде ең жоғары деңгейден ең төменгі рейтингілік балға дейін әскери колледж бітірушісінің рейтингісін жасауды қамтиды. Әскери институтқа оқуға түсу үшін рейтингте бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орын санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұратын әскери колледж бітірушісі іріктеледі. Рейтинг әскери колледж бітірушісін конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді және оны әскери колледж бастығы бекітеді. Конкурстық іріктеу нәтижесі келесі күні сағат 10.00-ге дейін, комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін әскери колледждің интернет-ресурсында орналастырылады және әскери институтқа жіберіледі.
Тармақ 42-2
42-2. Мемлекеттік емтихандарды тапсырған және конкурстық іріктеуден табысты өткен әскери колледж бітірушісіне Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 93-тармағына сәйкес әскери институт бастығының қарамағына қабылдаумен «кіші сержант» әскери атағы беріледі.
Тармақ 43
43. Азаматтар мен әскери қызметшілерді әскери институтқа қабылдау 1 – 20 тамызда мынадай кезең бойынша жүзеге асырылады: І кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу; ІІ кезең – Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру. Ұшқыш мамандығына оқуға түсушілер үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 721 бұйрығына (бұдан әрі – № 721 бұйрық) сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21860 болып тіркелген); ІІІ кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру; ІV кезең – конкурстық іріктеу (ұшқыш мамандығына оқуға түсушілер үшін кәсіби-психофизиологиялық іріктеу) және оқуға қабылдау.
Тармақ 43-1
43-1. Әскери колледждерді бітірушілер қорытынды аттестаттауды тапсыру нәтижесі негізінде әскери институттарға түседі.
Тармақ 44
44. Оқуға түсушілерге қабылдаудың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.
Тармақ 45
45. Оқуға түсушілерді алдын ала кәсіби-психологиялық іріктеу уәждемелілік, күйзеліске төзімділік, сыншылдық және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиясы құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша әскери институттың тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімімен бірлесіп жүргізеді. Алдын ала кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.
Тармақ 46
46. Оқуға түсушілерді түпкілікті медициналық куәландыру денсаулық жағдайы бойынша әскери институтта оқуға жарамдылығын анықтауды қамтиды және оны Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасына сәйкес құрылған медициналық комиссия жүргізеді.
Тармақ 47
47. Оқуға түсушілердің дене шынықтыру дайындығын тексеру № 195 бұйрыққа сәйкес дене шыңықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды. Барлық жаттығулар үшін балдар жиынтығы бойынша 60 балдан төмен жинаған және екі норматив бойынша ең төмен балл жинамаған азаматтық жастар қатарынан оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.
Тармақ 48
48. Конкурстық іріктеуді қабылдау комиссиясы қабылдау жылының 20 тамызында жүргізеді және ең жоғарыдан ең төменгі рейтингілік балға дейін балдар рейтингісін жасауды қамтиды. Рейтинг әскери институт қабылдау комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.
Тармақ 49
49. Әскери институттарға рейтингіде бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады. Қабылдау жоспарын жалпы саннан 10 %-ға дейін асыруға жол беріледі.
Тармақ 50
50. Әскери институттарға қабылдау конкурсын өткізу кезінде конкурстық іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен жағдайда Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың басым құқығы бар.
Тармақ 51
51. Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жылының 21 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады және әскери институттың интернет-ресурсына орналастырылады, апелляцияға өтініш 22 тамызда сағат 10.00-ге дейін қабылданады. Қабылдау комиссиясының қабылдау туралы шешімі әскери институт бастығының бұйрығымен қабылдау жылының 23 тамызында бекітіледі.
Тармақ 51-1
51-1. Әскери колледж бітірушісі әскери институтқа келгеннен кейін әскери институт бастығының бұйрығымен әскери колледж бітірушілерін конкурстық іріктеу хаттамасы негізінде әскери институтқа қабылданады.
Тармақ 52
52. Әскери институтқа қабылданған азамат (әскери қызметші) әскери институттың бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.
Тармақ 53
53. Әскери институттың кадрлар бөлімі әскери институтқа қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде жергілікті әскери басқару органдары мен әскери бөлімдерге оқуға қабылдау туралы бұйрықтан үзіндіділерді жолдайды.
Тарау 4-1. 4-1-тарау. Әскери интернатураға оқуға қабылдау
4-1-тарау. Әскери интернатураға оқуға қабылдау
Тармақ 53-1
53-1. Әскери интернатураға оқуға қабылдау 2021 жылға дейінгіні қоса алғанда оқуға түскен, «Жалпы медицина», «Стоматология» мамандықтары бойынша бакалавр дипломы бар, әскери кафедра жанындағы әскери даярлық курсынан өткен медициналық ЖОО бітірушісі (бұдан әрі – медициналық ЖОО бітірушісі) қатарынан жүзеге асырылады.
Тармақ 53-2
53-2. Құрылымдық бөлімше жыл сайын медициналық ЖОО әскери кафедрасының бастықтарына әскери интерндерді даярлау үшін бөлінетін квота санын жеткізеді.
Тармақ 53-3
53-3. Медициналық ЖОО әскери кафедрасының бастықтары медициналық ЖОО бітірушілері арасында әскери интернатураға оқуға түсу үшін заңнама нормаларын жеткізу бойынша үгіт-насихаттау-түсіндіру жұмысын жүргізеді. Әскери интернатураға оқуға түсуге ниет білдірген медициналық ЖОО бітірушісі медициналық ЖОО әскери кафедрасы бастығының атына баянат (еркін нысанда) береді. Медициналық ЖОО әскери кафедрасының бастығы № 195 Бұйрыққа сәйкес айқындалған нормативтер бойынша әскери интернатураға оқуға түсуге ниет білдірген медициналық ЖОО бітірушісінің дене шынықтыру дайындығын тексеруді ұйымдастырады. Дене шынықтыру дайындығын тексеру нәтижесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 438 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15729 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларына сәйкес ведомоспен ресімделеді.
Тармақ 53-4
53-4. Әскери кафедра бастығы дене шынықтыру дайындығын тексеруден табысты өткен медициналық ЖОО бітірушісіне осы Қағидаларға «Жеке іс құжаттарының тізбесі» деген 3-1-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесін қоса беріп, жеке іс ресімдейді. Жеке іске Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес «запастағы медицина қызметінің лейтенанты» офицер құрамының алғашқы әскери атағын беру үшін қажетті құжаттар қосымша қоса беріледі. Медициналық ЖОО бітірушісінің қалыптастырылған жеке ісі әскери-медициналық қамтамасыз етуге жауапты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – БӘМБ) жіберіледі.
Тармақ 53-5
53-5. Медициналық ЖОО бітірушілерін әскери интернатураға конкурстық іріктеуді жүзеге асыру үшін БӘМБ-да мүшелер мен хатшыдан тұратын тақ санда комиссия (бұдан әрі – БӘМБ комиссиясы) құрылады. БӘМБ комиссиясы жұмысты ұйымдастырып, медициналық ЖОО бітірушісінің тиісті құжаттарын ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес арнайы тексеру жүргізу үшін жібереді.
Тармақ 53-6
53-6. Арнайы тексеру нәтижесін алғаннан кейін медициналық ЖОО бітірушілерін әскери интернатураға іріктеуді БӘМБ комиссиясы барлық оқу кезеңіндегі үлгерімнің (өндірістік практика үшін бағаны ескеріп) орташа баллына және дене шынықтыру дайындығын тексеру нәтижесіне сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырады. Конкурстық іріктеу БӘМБ комиссиясының хаттамасында ресімделетін бітірушілердің ең жоғары балдан ең төменгі балға дейінгі балдық рейтингін жасап, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: «әскери интернатураға іріктелді», «бас тартылды». Әскери интернатураға түсу үшін рейтингтегі бірінші нөмірден квота саны бойынша бөлінген орын санына сәйкес келетін нөмір бойынша медициналық ЖОО бітірушілері іріктеледі. Квотаның жалпы санынан 10%-ға дейін арттыруға жол беріледі. Әскери институттарға қабылдау конкурсын өткізу кезінде конкурстық іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен жағдайда Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдардың басым құқығы болады. БӘМБ комиссиясының хатшысы олардың шешімін әскери интернатураға түсу үшін құжаттар тапсырған медициналық ЖОО-ның әрбір бітірушісіне электрондық хабарлама арқылы жеткізеді, БӘМБ комиссиясының хаттамасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылады.
Тармақ 53-7
53-7. БӘМБ комиссиясының хаттамасы және әскери интернатураға іріктелген медициналық ЖОО бітірушілерінің жеке істері Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес «запастағы медицина қызметінің лейтенанты» офицер құрамының алғашқы әскери атағын беру үшін кадр жұмысы мәселесіне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі. Конкурстық іріктеуден өтпеген медициналық ЖОО бітірушілерінің жеке істері қайтадан әскери кафедраларға жіберіледі.
Тармақ 53-8
53-8. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің офицер құрамының алғашқы әскери атағын беру туралы бұйрығы шығарылғаннан кейін кадр жұмысы мәселесіне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі бұйрықтан үзіндіні және әскери интернатураға іріктелген медициналық ЖОО бітірушісінің жеке ісін әскери институтқа жібереді.
Тармақ 53-9
53-9. Әскери институт әскери интернатураға іріктелген медициналық ЖОО бітірушілерінің жеке істерін алғаннан кейін оларды қабылдау үшін қабылдау жылының 29 шілдесіне қарай әскери институтқа келу қажеттілігі туралы хабардар етеді. Әскери институтқа оқуға қабылданған медициналық ЖОО бітірушісі әскери институт бастығымен әскери интернатурада оқу мерзіміне және ол аяқталғаннан кейін әскери қызметтің он жылына әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды. Әскери институттың кадр бөлімі (персоналмен жұмыс істеу бөлімшесі) әскери институтқа қабылданғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде медициналық ЖОО бітірушісі әскери есепте тұрған жергілікті әскери басқару органына қабылдау туралы бұйрықтан үзіндіні жібереді.
Тарау 5. 5-тарау. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына қабылдау
5-тарау. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына қабылдау
Тармақ 54
54. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетіне (бұдан әрі – ҰҚУ) адамдар Заңның 39-1-бабына сәйкес оқуға түседі.
Тармақ 55
55. ҚР ҚМ, БШ құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшылары, ҚР ҚК тектерінің қолбасшылары, ҚР ҚК бас басқармалары мен басқармаларының бастықтары кандидаттарды алдын ала іріктеуді, оларды кәсіби-психологиялық тестілеуді және аттестаттау комиссияларының отырыстарында қарауды жүргізеді. Іріктелген кандидаттардың тізімдері қабылдау жылының 1 сәуіріне дейін ҚР ҚМ-ның кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі. «Әскери істегі талдау жұмысы» мамандығы бойынша ҰҚУ «Әскери дипломатия академиясы» факультетіне алдын ала іріктеуді және қабылдауды 14776 әскери бөлімі жүзеге асырады. Мемлекеттік органдардың әскери қызметшілер мен қызметкерлері қатарынан кандидаттарды алдын ала іріктеуді тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады, бұл ретте мемлекеттік органдардың жұмылдыру бөлімшелері қызметкерлерінің қатарынан кандидаттарды іріктеуді жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Іріктелген кандидаттардың тізімдері қабылдау жылының 20 мамырына дейін ҚР ҚМ-ға жіберіледі.
Тармақ 56
56. ҰҚУ жедел-тактикалық деңгейдегі магистратурасына және докторантурасына оқуға түсетін ҚР ҚК кандидаттарының тізімдерін ҚМ-ның кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады және Қабылдау жоспары негізінде қабылдау жылының 1 мамырына дейінгі мерзімде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы бекітеді. Бекітілгеннен кейін жедел-тактикалық деңгейдегі магистратураға және докторантураға тізімдер түсу емтихандарын өткізу үшін ҰҚУ-ға жіберіледі. ҰҚУ жедел-стратегиялық және стратегиялық деңгейдегі магистратурасына оқуға түсетін ҚР ҚК кандидаттарының тізімдерін бағыттары бойынша ҚР ҚМ орынбасарларынан түсетін өтінімдер негізінде ҚМ-ның кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі қабылдау жылдың 25 мамырына дейін қалыптастырады және 30 маусымға дейін Жоғары аттестаттау комиссиясына (бұдан әрі – ЖАК) конкурстық іріктеу және әңгімелесу өткізу үшін ұсынады. Мемлекеттік органдардан кандидаттардың тізімдерін құрылымдық бөлімше жинақтайды және қабылдау жылының 1 маусымына дейін ҰҚУ-ға жібереді.
Тармақ 56-1
56-1. Басқарудың жедел-стратегиялық және стратегиялық деңгейі магистратурасына оқуға түсетін адамдарды конкурстық іріктеуді ЖАК жүзеге асырады. ЖАК комиссиясы оқуға қабылдау жылының 10 маусымына дейін кандидаттар тізімін қарайды және кандидаттармен әңгімелесу күнін айқындайды. Әңгімелесу оқуға түсуші түрде келіп, офлайн режимінде, бірақ 25 маусымнан кешіктірмей өткізіледі. Өткізілген әңгімелесу нәтижесі бойынша комиссия дауыс беру арқылы конкурстық іріктеуден өткен және оқуға қабылдауға ұсыным жасалған адамдарды айқындайды. Конкурстық комиссияның шешімі ЖАКоғары аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар саны тең болған кезде ЖАК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 57
57. Жедел-тактикалық басқару деңгейі бойынша бейінді магистратураға оқуға түсушілерге қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) жоғары білімінің болуы және батальон командирінің орынбасары, оған тең және одан жоғары лауазымдарда кемінде 2 жыл қызмет өткеруі, мемлекеттік органдардың жұмылдыру қызметкерлері үшін – мемлекеттік органдардың жұмылдыру бөлімшелерінде кемінде 2 жыл жұмыс өтілінің болуы;
Тармақша 2
2) жеке мамандықтарға жоғары білім туралы үздік дипломының болуы және кемінде 1 жыл қызмет өткеруі.
Тармақ 58
58. Стратегиялық және жедел-стратегиялық басқару деңгейлері бойынша бейіндік магистратураға оқуға түсушілерге қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;
Тармақша 2
2) бригада (база) командирі, құрама командирі, өңірлік қолбасшылық (әскер тегі) қолбасшысының орынбасары, ҚР ҚМ немесе ҚР ҚК Бас штабы департаменті бөлімінің бастығы, ҚР ҚК түрі басқармасының немесе бас басқармасының бастығы, оларға тең және одан жоғары лауазымдарда кемінде 2 жыл қызмет өткеруі.
Тармақ 58-1
58-1. Резидентура бағдарламасы бойынша оқуға түсушілерге қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) «дәрігер» біліктілігін көрсететін құжаттың болуы;
Тармақша 2
2) қызмет өткеру уақыты кемінде 1 жыл.
Тармақ 59
59. Барлық басқару деңгейлері бойынша ғылыми және педагогикалық магистратураға алдын ала іріктеуді жоғары білімі, кемінде 2 ғылыми жариялымы немесе бір оқу, оқу-әдістемелік, әдістемелік оқу құралы бар оқуға түсушілер арасынан құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
Тармақ 60
60. Докторантураға жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, кемінде 3 ғылыми жарияланымы немесе 2 оқу құралы бар, оның ішінде мемлекеттік органдардың жұмылдыру қызметкерлері үшін – мемлекеттік органдардың жұмылдыру бөлімшелерінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар оқуға түсушілер қабылданады.
Тармақ 61
61. ҰҚУ бейіні бойынша оқуға түсу емтихандарына шығарылатын пәндер бойынша сұрақтардың үлгілік тізбесін әзірлейді және қабылдау жылының 20 наурызына дейін тапсырыс берушілермен келісуді жүргізеді. ҰҚУ қабылдау жылының 20 сәуіріне дейінгі мерзімде тапсырыс берушілердің мекенжайына бейіні бойынша оқуға түсу емтихандарына шығарылатын сұрақтардың тізбесін жолдайды.
Тармақ 62
62. Оқуға түсу емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін ҰҚУ-ға түсетін кандидаттарға оқу демалысы беріледі. Оқуға түсушілер ҰҚУ-ға қабылдау жылының 15 маусымынан кешікпей келуге тиіс. Қабылдау жылының 15 – 20 маусымы кезеңінде ҰҚУ-да оқуға түсу емтихандары бойынша консультациялар ұйымдастырылады.
Тармақ 63
63. ҰҚУ қабылдау комиссиясы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес оқуға түсушілер құжаттарының түпнұсқаларын тексереді.
Тармақ 64
64. ҰҚУ-ға қабылдау оқуға түсу емтихандары негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) магистратураға: бейіні бойынша; дене дайындығы бойынша (азаматтық персонал үшін – шет тілі бойынша); мемлекеттік тіл бойынша;
Тармақша 2
2) докторантураға: бейіні бойынша; шет тілі бойынша; мемлекеттік тіл бойынша;
Тармақша 3
3) резидентура бағдарламалары бойынша оқу үшін – резидентура мамандығының бейіні бойынша;
Тармақша 4
4) қашықтан оқыту бағдарламалары бойынша оқу үшін: бейіні бойынша; шет тілі бойынша; мемлекеттік тіл бойынша. ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша кемінде В2 деңгейімен қолданыстағы сертификат болған кезде оқуға түсуші мемлекеттік тіл бойынша оқуға түсу емтиханын тапсырудан босатылады. Резидентура бағдарламалары бойынша оқу үшін оқуға түсу емтихандарын қабылдау үшін тапсырыс беруші денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының, университеттік ауруханалардың, сондай-ақ резидентура базасы ретінде аккредиттелген ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтардың, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерін тартуға құқылы.
Тармақ 65
65. Әрбір оқуға түсу емтиханын тек бір рет тапсыруға жол беріледі. Алдыңғы емтиханды тапсырмаған оқуға түсуші келесі емтиханға жіберілмейді.
Тармақ 66
66. Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау жылының 15 маусымына дейін оқуға түсу емтихандарын тапсыру кестесін қабылдау жылын қоса алғанда 20 – 30 маусым кезеңінде бекітеді.
Тармақ 67
67. Дене шынықтыру дайындығы бойынша емтихан әскери қызметшілер үшін № 195 бұйрыққа сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды және оны дене шынықтыру дайындығы мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚК Бас штабы құрылымдық бөлімшесінің өкілдері жүргізеді.
Тармақ 68
68. Бейін бойынша емтихан бағдарламалары Сұрақтар тізбесін қамтиды және емтихан өткізу тәртібін және оқуға түсушілерді бағалау өлшемшарттарын айқындайды. Емтихан билеттерін бейіні бойынша емтихан комиссиялары қалыптастырады. Қабылдау жылының 1 мамырына дейін тапсырыс берушілер ҰҚУ-ға емтихан комиссияларының құрамын бекіту туралы бұйрықтың жобасына енгізу үшін кандидаттарды ұсынады. Кемінде үш адамнан тұратын емтихан комиссияларының құрамы қабылдау жылының 10 маусымына дейінгі мерзімде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының бұйрығымен бекітіледі және:
Тармақша 1
1) магистратураға, резидентураға – тапсырыс берушілер өкілдерінің қатарынан;
Тармақша 2
2) докторантураға – жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар әскери қызметшілер (қызметшілер) қатарынан, мемлекеттік органдардың жұмылдыру қызметкерлері үшін – жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган ұсынған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар адамдар қатарынан қалыптастырылады. Емтихан комиссияларының хатшылары ҰҚУ профессор-оқытушы құрамынан тағайындалады. Қабылдау және емтихан комиссияларының жұмысын ұйымдастыру үшін ҰҚУ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде түсу емтихандарын өткізу тәртібі туралы ережені әзірлейді.
Тармақ 69
69. Қабылдау етихандарының нәтижесі бойынша оң балл жинаған оқуға түсушілер қабылдау жоспарына сәйкес басқа ведомстволар үшін бекітілген орындар санын ескере отырып, рейтингіге сәйкес мамандығы бойынша конкурстық іріктеуге жіберіледі және оны қабылдау комиссиясы қабылдау жылының 30 маусымына дейін жүргізеді.
Тармақ 69-1
69-1. Резидентураға оқуға түсушілерді конкурстық іріктеу интернатурада білім алу (GPA), интернатураның қорытынды мемлекеттік аттестаттауы (ҚМА) және мамандық бойынша оқуға түсу емтиханының нәтижесін жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 70
70. Қорғаныс министрлігінің басшылығы (Қорғаныс министрінің, Бас штаб бастығының орынбасарлары) және ҰҚУ (бастығы және оның орынбасарлары) қатарынан кандидаттар қашықтан оқытуды пайдаланумен докторантураға оқуға түскен кезде емтихан комиссиясының құрамына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар және қорғаныс пен әскери қауіпсіздік саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар басқа ұйымдардың өкілдері қосымша енгізіледі.
Тармақ 70-1
70-1. Қабылдау комиссиясының жұмысы кезеңіне ҰҚУ-да апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссияның құрамы ҰҚУ бастығының бұйрығымен бекітіледі. Апелляциялық комиссиялар қабылдау емтихандарының нәтижесімен келіспеген оқуға түсушілердің өтініштерін қарау үшін құрылады. Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына қабылдау емтихандарының нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күнтізбелік күні сағат 10.00-ге дейін қабылданады және сол күнтізбелік күні қаралады. Апелляциялық комиссия апелляцияға әрбір өтініш бойынша жеке жұмыс жасайды. Оқуға түсуші апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелері жалпы санының басым дауыс беруімен қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы комиссия төрағасының және барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 71
Тармақ 72
72. ҰҚУ-ға әртүрлі ведомстволар бойынша орындарды бөлуді ескере отырып, мамандығы бойынша рейтингіде бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша мамандыққа бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады. Қабылдау комиссиясының шешімі қабылдау жылының 1 шілдесінде сағат 10.00-ге дейін жарияланады және ҰҚУ ғимаратында барлығына көрінетін жерде орналастырылады.
Тармақ 73
73. ҚР ҚМ-ның кадр жұмысына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі оқуға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының шешімі және ЖАК шешімі негізінде оқуға қабылдау жылының 1 тамызына дейін ҚР ҚМ кадр жұмысына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ҰҚУ-ға оқуға қабылдау туралы бұйрығын шығарады.
Тармақ 73-1
73-1. ҰҚУ-ға оқуға қабылданған әскери қызметші ҰҚУ бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды:
Тармақша 1
1) магистратураға, докторантураға, адъюнктураға – оқу мерзіміне және әскери оқу орнын бітіргеннен кейін әскери қызметтің бес жылына не әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін;
Тармақша 2
2) резидентураға (клиникалық ординатураға) – әскери оқу орнын бітіргеннен кейін әскери қызметтің он жылына не әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін.
Тармақ 74
74. ҰҚУ-ға оқуға қабылдауға конкурс өткізу кезінде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда бейінді емтихан бойынша анағұрлым жоғары балл жинаған адамдардың, бейінді емтихан бойынша бірдей көрсеткіштер болған жағдайда дене шынықтыру дайындығынан анағұрлым жоғары балл жинаған адамдардың басым құқығы бар.
Тармақ 75
75. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде әскери білім беру мәселесіне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді. Әскери оқу орнынан теріс жауап алған кезде «жұмылдыру ресурсының интеграциялық шлюзі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ИШ) Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтың нарко, псих- және туберкулезге қарсы диспансерлік есепте болуы, сондай-ақ оның соңғы 3 (үш) жылдағы денсаулық жағдайы туралы сұрау салуды жібереді.
Тармақ 76
76. Тізбенің 10-тармағында көрсетілген бас тарту үшін негіз анықталғанда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидаларға 7-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жібереді. Бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала хабарлайды.
Тармақ 77
77. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші әскери оқу орнына қайта қабылдау мүмкіндігі немесе қайта қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасайды.
Басқа 1. Мектепке оқуға түсуші ұсынатын құжаттар тізбесі
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 1-қосымша Мектепке оқуға түсуші ұсынатын құжаттар тізбесі
Тармақ 1
1. Оқуға түсушінің тегін, атын және әкесінің атын (бар болған кезде), туған күнін, тұрғылықты жерінің мекенжайын, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің байланыс деректерін көрсетумен еркін нысанда оқуға қабылдау туралы өтініш.
Тармақ 2
2. Туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі).
Тармақ 3
3. Негізгі орта білімі туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
Тармақ 4
4. Көлемі 3х4 см 4 фотосурет.
Тармақ 5
5. Медициналық құжаттар және Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасының 33-тармағына сәйкес медициналық зерттеулер нәтижелері.
Тармақ 6
6. Білім беру мекемесінің директорынан мөрі бар ұсыным хат.
Тармақ 7
7. Спорттық разрядты, ағымдағы жылғы орындаушылардың республикалық не халықаралық жарыстардағы, конкурстардағы, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиададағы, сондай-ақ ағымдағы жылғы жалпы білім беру пәндері бойынша Президенттік не республикалық олимпиададағы жүлделі орнын растайтын құжат (бар болған кезде).
Тармақ 8
8. Жетім балалар және олардың ата-анасы құқықтарының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасының хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (шектеулі әрекетке қабілетті) деп танылуына байланысты, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған өзге де жағдайларда жалғыз немесе ата-анасының екеуініің қамқорлығынсыз қалған балалар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған фактісін растайтын мынадай құжаттардың бірінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын) қосымша ұсынады: ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік; ата-анасын ата-ана құқықтарын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі; ата-анасын хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (шектеулі әрекетке қабілетті) деп тану туралы) сот шешімі.
Тармақ 9
9. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияларда есепте тұрмағаны туралы анықтама.
Тармақ 10
10. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған, қызмет өткеру уақытында хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органынан анықтама ұсынады.
Басқа 2. Әскери колледжге және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 2-қосымша Әскери колледжге және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі
Тармақ 1
1. Еркін нысандағы оқуға қабылдау туралы өтініш немесе оқуға түсетін адамның тегі, аты мен әкесінің аты (бар болса), туған күні, тұрғылықты мекенжайы, заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген баянат.
Тармақ 2
2. Жеке куәлік (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат. Оқуға түсетін адам 16 (он алты) жасқа толғанға дейін туу туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) ұсынылады.
Тармақ 3
3. Әскери билет көшірмесі (тек әскери қызметшілер, оның ішінде запастағы, түпнұсқа).
Тармақ 4
4. Орта (толық) білім туралы аттестат не техникалық және кәсіптік білім алу туралы диплом, негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледж үшін – негізгі орта білімі туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме).
Тармақ 5
5. ҰБТ сертификаты (Әскери колледжге оқуға түсетін және конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген (өткеретін) адамдарды қоспағанда) ҰБТ-ның 5 пәні бойынша нәтижесі кемінде 50 балл (оның ішінде бір бейінді пән бойынша кемінде 5 балл және қалған пәндердің әрқайсысы бойынша кемінде 3 балл).
Тармақ 6
6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша берілген медициналық анықтама (бұдан әрі – 075/у нысаны) және ӘОО-ға келгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесі: жалпы қан талдауы; мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция); жалпы зәр талдауы; мұрынның қосалқы қуысының рентгенографиясы; 12 (он екі) бөліктегі электрокардиография тыныштықта (жүктемеден кейін – көрсеткіш бойынша); кеуде қуысы ағзасын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне 3 (үш) айдан кешіктірілмей жүргізіледі; бруцеллезге қан талдауы (мал шаруашылығында жұмыс істейтін және (немесе) жеке шаруашылықта малы бар); амбулаториялық пациенттің медициналық картасы; профилактикалық екпе картасы. Авиациялық персоналды даярлайтын әскери оқу орнының ұшқыш мамандығына оқуға түсетін кандидаттар медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесін қосымша ұсынады: физикалық жүктемеден кейінгі 12 (он екі) бөліктегі электрокардиография; қалқанша безінің, жүрегінің, несеп-жыныс жүйесінің ультрадыбыстық зерттеуі; қандағы қант деңгейін және В және С гепатитінің маркерін зерттеу; дыбыстық аудиометрия; электроэнцефалография.
Тармақ 7
7. Спорттық разрядты, республикалық не халықаралық жарыста, ағымдағы жылы орындаушылар конкурсында, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ Президенттік не республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда) қол жеткізген жүлделі орынды растайтын құжат (бар болса).
Тармақ 8
8. Өлшемі 3х4 фотосурет – 4 дана.
Тармақ 9
9. Ата-ана құқығының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасы хабарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына байланысты жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) қосымша ұсынады (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда): ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік; ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі; ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болған деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі.
Тармақ 10
10. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балалары тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органынан анықтама (конкурстық iрiктеуден өткен әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда) ұсынады.
Тармақ 11
11. Арнайы тексеруден өткені туралы анықтама (негізгі орта білім базасындағы Әскери колледжге оқуға түсетін адамдарды қоспағанда).
Тармақ 12
12. Мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар қабылдау комиссиясына қосымша әскерде конкурстық іріктеуден өткені туралы сертификат береді.
Басқа 2-1. Мектепке және Негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжге оқуға түсу үшін дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 2-1-қосымша Мектепке және Негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжге оқуға түсу үшін дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер Бел­те­мір­ге тар­ты­лу 60 метр­ге жү­гі­ру 2000 метр­ге жү­гі­ру Балл 10 8.4 9.20 60 8.6 9.30 55 9 8.8 9.40 50 9.0 9.50 45 8 9.2 10.00 40 9.4 10.15 35 9.6 10.30 30 9.8 10.45 25 7 10.0 11.00 20
Басқа 2-2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 2-2-қосымша Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы «ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау» 2. Көрсетілетін қызмет берушінің атауы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілі 1. Жергілікті әскери басқару органы мен әскери оқу орны. 2. «Электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі күнтізбелік 200 күннен аспайды (1 қаңтар – 20 шілде) 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде 6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі Көрсетілетін қызметті алушыны ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсуге кандидат ретінде қабылдау туралы хабардар ету не осы Тізбенің 9-бөлімінде көзделген жағдайда және негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндірілетін төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда өндіріп алу тәсілі Тегін 8. Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі 1. Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күнін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. 2. Порталда – жөндеу жұмысын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күні өтініш жасаған кезде баянатты қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) 9. Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі 1. Портал арқылы өтініш жасаған кезде: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті толтыру; 2) соңғы қызмет (жұмыс немесе оқу) орнынан мінездеменің электрондық көшірмесі; 3) әскери оқу орнына оқуға түсетін азаматтың 075/у-нысаны және әскери оқу орнына келгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесі (жалпы қан талдауы, мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция), жалпы зәр талдауы; мұрынның қосалқы қуысының рентгенографиясы, он екі бөліктегі электрокардиография тыныштықта (жүктемеден кейін – көрсеткіш бойынша), кеуде қуысы органын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне 3 (үш) айдан кеш емес жүргізіледі, бруцеллезге қан талдауы (мал шаруашылығында жұмыс істейтін және (немесе) жеке шаруашылықта малы бар), амбулаториялық пациенттің медициналық картасы, профилактикалық екпе картасы. Азамат психоневрологиялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы және тері-венерологиялық бейіндегі медициналық ұйымда есепте тұрған, сондай-ақ соңғы он екі ай ішінде созылмалы ауыруы бойынша және инфекциялық және паразитарлық ауыруға шалдығуы бойынша диспансерлік есепте тұрған жағдайда ӘОО-ға оқуға түсуге жарамсыз деп саналады. Авиациялық персоналды даярлайтын әскери оқу орнының ұшу мамандығына оқуға түсетін кандидаттар медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесін қосымша ұсынады: физикалық жүктемеден кейінгі 12 (он екі) бөліктегі электрокардиография; қалқанша безінің, жүректің, несеп-жыныс жүйесінің ультрадыбыстық зерттеуі; қант деңгейіне және В және С гепатитінің маркерін зерттеу; дыбыстық аудиометрия; электроэнцефалография. 4) сауалнама және өмірбаян (ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын арнайы тексеруден өту үшін электрондық түрде толтырылады); 5) ата-ана құқығының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасы хабарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына байланысты жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) қосымша ұсынады (конкурстық іріктеуден өткен әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда): ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік; ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі; ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болған деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі; 6) әскери қызмет міндеттерін орындау кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балалары тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органынан анықтама (конкурстық iрiктеуден өткен әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда) ұсынады; 7) спорттық разрядты, республикалық не халықаралық жарыста, ағымдағы жылы орындаушылар байқауында, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ Президенттік не республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда) қол жеткізген жүлделі орынды растайтын құжат (болса); Жеке басын растайтын құжаттар туралы мәліметтер, әскери оқу орнына түсетін азаматтың 075/у-нысаны (ДСМ АЖ базасында болған жағдайда, болмаған кезде электрондық көшірме қоса беріледі), білімі туралы құжаттар, ҰБТ-ны тапсыру нәтижесі (әскери институтқа оқуға түсетіндер үшін), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны не жасамағаны туралы анықтама (өзіне және жақын туыстарына) (арнайы тексеруден өту үшін), әскери қызмет өткеру туралы мәліметтер, ал негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледж үшін қосымша кәмелетке толмағандар ісі бойынша бөлімшеден ішкі істер органында есепте тұрмағаны туралы мәліметтер, арнайы тексеруден өткені туралы анықтама, әскери билет көшірмесі (болса), соттылығының болмауы туралы анықтама (өзіне және жақын туыстарына), ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік, ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі, ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі және графикалық файл түрінде өлшемі 30x40 миллиметр цифрлық фотосурет, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. 2. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтініш жасаған жағдайда: 1) еркін нысанда жазылған оқуға түсетін адамның тегі, аты мен әкесінің аты (болса), туған күні, тұрғылықты мекенжайы, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген қабылдау туралы өтініш немесе баянат; 2) көрсетілетін қызметті алушы жеке басын растайтын құжат, оқуға түсуші он алты жасқа толмаса, туу туралы куәлік көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) беріледі; 3) әскери билет көшірмесі (тек әскери қызметшілер, оның ішінде запастағы, түпнұсқа); 4) білімі туралы құжаттар, ал негізгі орта білім базасындағы Әскери колледж үшін негізгі орта білімі туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме); 5) ҰБТ сертификаты (Әскери колледжге оқуға түсетін және конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда), ҰБТ-ның 5 пәні бойынша нәтиже – кемінде 50 балл (оның ішінде бір бейінді пән бойынша – кемінде 5 балл және қалған әрбір пән бойынша – кемінде 3 балл). 6) Әскери оқу орнына оқуға түсетін азаматтың 075/у-нысаны және әскери оқу орнына келгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесі (жалпы қан талдауы, мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция), жалпы зәр талдауы; мұрынның қосалқы қуысының рентгенографиясы, он екі бөліктегі электрокардиография тыныштықта (жүктемеден кейін – көрсеткіш бойынша), кеуде қуысы органын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне 3 (үш) айдан кеш емес жүргізіледі, бруцеллезге қан талдауы (мал шаруашылығында жұмыс істейтін және (немесе) жеке шаруашылықта малы бар), амбулаториялық пациенттің медициналық картасы, профилактикалық екпе картасы. Авиациялық персоналды даярлайтын әскери оқу орнының ұшу мамандығына оқуға түсетін кандидаттар медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесін қосымша ұсынады: физикалық жүктемеден кейінгі 12 (он екі) бөліктегі электрокардиография; қалқанша безінің, жүрегінің, несеп-жыныс жүйесінің ультрадыбыстық зерттеуі; қандағы қант деңгейін және В және С гепатитінің маркерін зерттеу; дыбыстық аудиометрия; электроэнцефалография. 7) соттылығының болмауы туралы анықтама, ал негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледж үшін кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімшеден ішкі істер органында есепте тұрмауы туралы қосымша анықтама; 8) спорттық разрядты, республикалық не халықаралық жарыста, ағымдағы жылы орындаушылар байқауында, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ Президенттік не республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда) қол жеткізген жүлделі орынды растайтын құжат (болса); 9) өлшемі 3х4 миллиметр фотосурет – 4 дана; 10) ата-ана құқығының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасы хабарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына байланысты жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) қосымша ұсынады (конкурстық іріктеуден өткен әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда): ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік; ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі; ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болған деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі; 11) әскери қызмет міндеттерін орындау кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балалары тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органынан анықтама (конкурстық iрiктеуден өткен әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда) ұсынады; 12) арнайы тексеруден өткені туралы анықтама (негізгі орта білім базасындағы Әскери колледжге оқуға түсетін адамдарды қоспағанда); 13) мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар қабылдау комиссиясына қосымша әскерде конкурстық іріктеуден өткені туралы сертификат береді. 10. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау. 2. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге берілетін келісімінің болмауы. 3. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы бұйрықта белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. 4. Уәкілетті мемлекеттік органның арнайы тексеруден өткені туралы сұрау салуға теріс жауабы. 5. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы. 6. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша. 11. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшелігін ескеріп, өзге де талаптар Мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпаратты көрсетілетін қызмет берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылған телефон арқылы алуға болады.
Басқа 3. Әскери колледж қабылдау комиссиясы шешімінің хаттамасы
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 3-қосымша Нысан Әскери колледж қабылдау комиссиясы шешімінің хаттамасы Комиссия құрамы: Комиссия төрағасы: Комиссия төрағасының орынбасары: Комиссия мүшелері: Комиссия хатшысы: р/с № Т А Ә Ту­ған жы­лы, кү­ні, айы Ұл­ты От­ба­сы құ­ра­мы Кә­сі­би-пси­хо­ло­ги­я­лық ірік­теу Дене шы­нық­ты­ру дай­ынды­ғы Ме­ди­ци­на­лық ку­әлан­ды­ру Ат­те­стат­тың ор­та­ша ба­лы Рей­тин­гі­лік балл Қа­был­дау ко­мис­си­я­сы­ның ше­ші­мі Ес­керт­пе Әке­сі Ше­ше­сі Аға­сы Апа­сы Жиыны: қабылданды – бас тартылды – бас тартты – Қабылдау комиссиясының төрағасы: Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары: Қабылдау комиссиясының мүшелері: Қабылдау комиссияның хатшысы:
Басқа 3-1. Жеке іс құжаттарының тізбесі
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 3-1-қосымша Жеке іс құжаттарының тізбесі
Тармақ 1
1. Оқуға түсушінің тегі, аты мен әкесінің аты (бар болса), туған күні, тұрғылықты мекенжайы, өзінің және заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген еркін нысандағы қабылдау туралы өтініш.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің көшірмесі 2 данада.
Тармақ 3
3. Өмірбаяны (өз қолымен жазылған және терілген) 2 данада.
Тармақ 4
4. Үлгерім деңгейі туралы құжат (барлық оқу кезеңіндегі үлгерімнің орташа балы (GPA) (өндірістік практика үшін бағаны ескеріп).
Тармақ 5
5. № 195 бұйрыққа сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру ведомосынан үзінді.
Тармақ 6
6. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес оқу-жаттығу жиыны басталғанға дейін жүргізілген медициналық куәландыру нәтижесі.
Тармақ 7
7. Арнайы тексеру үшін қажетті құжаттар (сауалнама, өлшемі 3,5*4,5 фотосурет, жеке куәлік (өзінің және жақын туыстарының) көшірмесі, мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуге қарсы көрсеткіштің болмауы туралы медициналық тексеру нәтижесі (психоневрологиялық және наркологиялық диспансерден).
Тармақ 8
8. Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес «запастағы медицина қызметінің лейтенанты» офицер құрамының алғашқы әскери атағын беру үшін қажетті құжаттар.
Тармақ 9
9. Спорттық разрядты, республикалық не халықаралық жарыста, орындаушылар конкурсында, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік не республикалық олимпиадада жүлделі орынды растайтын құжат (бар болса).
Тармақ 10
10. Ата-ана құқығының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасы хабарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына байланысты жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) қосымша ұсынады (конкурстық іріктеуден өткен әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда): ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік; ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі; ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болған деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балалары тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органынан анықтама ұсынады.
Басқа 4. ҰҚУ-ға оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 4-қосымша ҰҚУ-ға оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).
Тармақ 2
2. Офицер жеке куәлігінің көшірмесі (бар болса) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).
Тармақ 3
3. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидасына сәйкес ресімделген оқуға жарамдылығы туралы әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы бар медициналық куәландыру туралы анықтама.
Тармақ 4
4. Н-45 нысанындағы анықтама (әскери оқу орнына оқуға түсетіндер үшін анықтама «Қызмет бабында пайдалану үшін» шектеу белгісінсіз жасалады және артқы бетінде бөлім командирінің қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрмен расталады, құпия емес іс жүргізуде тіркеледі және тіркеу журналына қолын қойғызып беріледі).
Тармақ 5
5. Жоғарғы бастық (командир) куәландырған кәсіби-психологиялық іріктеуден өткенін растайтын құжат.
Тармақ 6
6. Жоғары медициналық білімінің болуы туралы құжат (резидентураға түсетіндер үшін) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).
Тармақ 7
7. Интернатураны аяқтағаны туралы куәлік және интернатура бойынша GPA көрсетіп, бір тілде (қазақша/орысша) жазылған транскрипт көшірмесі (транскрипте GPA көрсетілген болмаса, талапкер білім алған ұйымның қолтаңбасы мен мөрі қойылған интернатура бойынша есептелген GPA қоса беріледі) және интернатураның қорытынды мемлекеттік аттестаттауы (ҚМА) нәтижесі (резидентураға түсетіндер үшін) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).
Тармақ 8
8. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының көшірмесі (резидентураға түсетіндер үшін) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа).
Тармақ 9
9. ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша кемінде В2 деңгейімен қолданыстағы сертификат (бар болса).
Басқа 5. ҰҚУ-ға оқуға түсу емтихандарын өткізу нысандары
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 5-қосымша ҰҚУ-ға оқуға түсу емтихандарын өткізу нысандары Р/с № Емтихан атауы Өткізу нысаны 1. Бейіні бойынша емтихан ауызша-жазбаша 2. Мемлекеттік тілі бойынша емтихан ауызша-жазбаша 3. Шет тілі бойынша емтихан ауызша-жазбаша 4. Дене шынықтыру дайындығы бойынша емтихан практикалық
Басқа 6. Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін бейінді пәндер тізбесі
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 6-қосымша Жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін бейінді пәндер тізбесі Р/с № ӘОО атауы Бейінді пән атауы 1. Құрлық әскерлерінің Әскери институты Математика және/ немесе физика және/ немесе география және/ немесе дүниежүзі тарихы және/ немесе құқық негіздері 2. Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты Математика және/ немесе физика Биология, химия (әскери-медициналық мамандық үшін) 3. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Математика және/ немесе физика және/ немесе информатика Шетел тілі (аударма ісі үшін) 4. Шетел ӘОО-ы Биология, химия (әскери-медициналық мамандық үшін) Шығармашылық емтихан (музыкалық мамандық үшін) Шетел тілі (аударма ісі үшін)
Басқа 7
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 7-қосымша Әскери оқу орнының бастығына ______________________________ ________________________ (әскери оқу орнының атауы) Мен «____»______ ____ туған ҚР азаматы __________________________. Сізден мені «_____________________________________________» оқуға түсу үшін кандидаттар тізіміне қосуыңызды және маған қатысты арнайы тексеру іс-шараларын жүргізуіңізді сұраймын.
Басқа 7-1
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 7-1-қосымша «Тіркеу нөмірі» №__________________________ «Өтініш берілген күн» ____________ ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) оның________________________________________________________________ (әскери оқу орнының атауы) әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидат болып табылатыны туралы берілді. Әскери оқу орнының бастығы _______________________________________ (әскери оқу орнының атауы) _______________________________________ (әскери атағы, инициалдары мен тегі) Орындаушы _______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Телефоны ___________________ Сіз ағымдағы жылғы «__» ____ дейінгі мерзімде конкурстық іріктеу кезеңінен өту үшін ӘОО-ға келуіңіз қажет. Өзіңізбен бірге:
Тармақ 1
1. Орта (жоғары) білім туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат немесе диплом);
Тармақ 2
2. Туу туралы куәліктің көшірмесі болуға тиіс. Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңның 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Басқа 7-2
Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына 7-2-қосымша _______________________________________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы) Сізге __________________________________________________________ ___________________________________________ сәйкес Әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау туралы бас тартылғаны туралы хабарлаймыз. Қызметті көрсетуден бас тарту себебі: _______________________________________ (егжей-тегжейлі себеп) Әскери оқу орнының бастығы ____________________________________________________________ (әскери оқу орнының атауы) _______________________________________________________________ (әскери атағы, қолы, инициалдары мен тегі) Орындаушы _______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Телефоны ______________________________________
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қантардағы № 35 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 327 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11617 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28616) «Егемен Қазақстан», 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28014) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған);
Тармақ 2
2. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 328 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11609 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылы 23 шілдеде № 138 (28616) «Егемен Қазақстан», 2015 жылы 23 шілдеде № 138 (28014) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған);
Тармақ 3
3. «Әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалармен жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 330 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11614 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28616) «Егемен Қазақстан», 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28014) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған);
Тармақ 4
4. «Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 331 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11616 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28616) «Егемен Қазақстан», 2015 жылғы 23 шілдеде № 138 (28014) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған).